« Елдің ертеңі- «Жас Ұлан»…


Бейсенбек Арнат
Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы,  Құлан ауылы, Балалар мен жасөсіпірімдер орталығының 11 сынып оқушысы
Жетекші: қосымша білім беру педагогы Кожахметова Зульфия Рахметкуловна

Құлан өңірінде 75 жылдық тарихы бар, 8000 мыңға жуық мүшесі бар «Жас Ұлан» ұйымы Елбасының бастамасымен қуаттап, осыған дейін атқарған игілікті шараларын «Жас Ұлан» ұйымында жалғастыруда. Бұл ұйым балаларға жаңа ой әкеліп, өзекті мәселелерді қозғап, жаңа серпін әкелді. Құландық  ұландар да  аталмыш ұйымның бір бөлшегі болып қаланады. Осы уақытқа  дейін баллар әлемінде талай игілікті істер атқарған жас ұландықтар талай жетістіктерге жетті. Құландық жас ұландардың алғашқы  шарасы 16 желтоқсанда бастау алған болатын. Бұл күн әрбір жас ұландықтар жүрегінде қалды. Дәл сол күні әр мектепте «Жас Ұлан» қатарына қабылдау сәті өтеді. Жүректері лүпілдеп,жүздері қуанышқа толған жас жеткіншектер келген қонақтардың тілегін тыңдап, «Қазақстан  болашағы үшін  атқарылатын игілікті істерге әрқашан да дайынмын!»- деп ағынан ақтарылады.

Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген  жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған  салтанатты қабылдауда мектеп белсенділері, өнерлі өнерпаздар,олимпиада жеңімпаздары, оқу үздіктері, спорт жеңімпаздары «Жас Ұлан» ұйымына қабылданады.  Оларды ауданымыздың, мектептің ардагерлері мен қайраткерлері мүшелікке қабылдайды.

«Жас Ұлан» ұймы алғаш құрылғанда аудан бойынша 360 үздік оқушы қабылданған болса,бүгінде 7112 мыңдай белсенді оқушымен толықты. Ел болашағы деп танылған «Жас Ұлан» ұйымының қатары алдағы уақытта тағы да жалынды жастармен патриоттар көшбасшыларымен толыға түспек.

Қай заманда да ұлылығымен  ерекшеленген қазақ халқы бәйгеден оза шауып, жүйріктердің қатарынан көрінетін. Осы дәстүрді жалғаған жас ұландықтар да үнемі жеңіс тұғырынан көріне білді.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап «Жамбыл облыстық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен  бірқатар іс-шаралар өткізді.

Жамбыл облысы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы 2013 жылдың қыркүйек  айының басында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысы туралы ережесіне сәйкес «Ұланбасы» сайлауын өткізу тапсырылған.

    «Ұланбасы» – «Жас Ұлан» көшбасшысы, оқушылардың өзін-өзі басқару органының жетекшісі болып есептеледі, мектеп оқушыларының қоғамдық қызметін басқарады,оқушылар мен мектеп әкімшігілігінің өзара қатынастарын жүзеге асырады, мектеп қызметін жақсарту мақсатында өзінің және оқушылардың атынан ұсыныстар енгізеді,оқушылар мен ұстаздар арасында туындаған мәселелерді шешуге атсалысады, түрлі әлеуметтік жобалар мен шараларды ұйымдастырады.

«Ұланбасы» сайлауы туралы ереже  аудан мектептеріне таратылып, 8-9 сынып оқушылары арасында өткізілді. Үміткерлер өзінің болашақ әрекеті туралы сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, ең көп дауыс жинаған үміткер «Ұланбасы» болып саналды. Сайлау қорытындысы бойынша  аудан мектептерінен 30 оқушы анықталды. Сайлау ережеге сай ұйымдастырылды.

Сонымен қатар  мектеп тәлімгерінің кәсіптік беделін арттыру, белсенділігін, дербестігін және шығармашылығын ынталандыру, тәрбиелеу мен дамытудың тиімді технологиялары мен әдістерін іздестіру; оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде педагогикалық тәжірибені насихаттау мақсатында дөңгелек үстелдер, әр түрлі жиындар , жыл сайын  аудандық тамыз кеңесінде мектеп тәлімгерлерінің секция отырысында тұлғаны әлеуметтендірудегі «Жас Ұлан» балалр мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымының ролін, ұйымның негізгі бағыттары, ұйымның жұмысын дамыту бойынша іс-шаралар  жоспары, тәлімгердің жұмыс мазмұны, шеберлік сыныптар ұйымдастырылып тұрады.

Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың ұйымдастыруымен 2015  жылдың  10  қыркүйек  күні  «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының үйлестірушілеріне арналған семинар-кеңеске    аудандық «Жас Ұлан» қоғамдық ұйымының үйлестірушісі Э.А.Тілеубаева барып , Елбасының «Мәңгілік-Ел» ұлттық идеясын  және «Көшбасшылар» мектебінің жұмысын  ( мәселелер, өтініштер,ұсыныстар), «Атаменкен» тақырыбындағы жобаларды  талқылап, тәжірибе алмасты.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 4-06-3/595 хатына сәйкес  республика бойынша «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына Тәуелсіздік күніне салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

Осыған орай, біздің аудан мектептерінен 155 оқушы  , яғни оқу озаттары мен пәндік олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, көркемөнерпаз байқауларының, спорттық жарыстардың жеңімпаздары «Жас Ұлан» қатарына қабылданды.

Меркі ауданында  өткен  «Жоғары сынып оқушыларының азаматтық белсенділігі» тақырыбында аймақтық конференциясына аудан мектептерінен 7 тәлімгер мен 5 ұланбасшылар қатысқаны үшін сертификат , сонымен қатар  «Балаларға шаттық сыйла» атты қайырымдылық  акциясына  белсенді қатысқаны үшін  №1 м/. тәлімгері Бектенбаева Ақтолқын, М.Горький о/м. Отарбаева Б., А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің тәлімгері Жаттоева Салимат алғыс хаттармен марпатталды.

Балалар мен жасөспірімдер арасында  Республикалық  «Жайдарлы Жас Ұлан» атты  интеллектуалды ойынына  Алғабас  орта мектебінің  «Сегіз сері, бір пері» тобы  қатысып жүлделі 1-ші орын иеленді.

«Жамбыл облысы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен  28 қараша күні Тараз қаласындағы қалалық  мәдениет үйінде «Ұланымыз Ұлы елдің» тақырыбында өткен облыстық слетқа ауданымыздан  делегат болып аудандық «Жас Ұлан» балалар  мен    жасөспірімдер  қоғамдық  ұйымының үйлестірушісі Эльзат Тилеубаева, А.Байтұрсынов атындағы шағын орталықты орта     мектебінің оқушысы, аудандық «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы Садуақас Жансая, М.Горький атындағы орта мектеп тәлімгері Балжан Отарбаева,Т.Әубакіров  атындағы негізгі мектеп тәлімгері Оразова Гаухар,    М.Горький атындағы орта мектебінің 1сынып оқушысы Әлшері Айбын, М.Горький атындағы орта мектебінің 1 сынып оқушысы Мұрас Біржан,  Т.Әубакіров негізгі мектебінің 5 сынып оқушысы Әбдимусаева Анель қатысып , ұйым қатарына салтанатты түрде қабылданды.

Слеттің мақсаты : «Жас Ұлан» балалар мен  жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімін өткізу арқылы аудандық балалар  мен жасөспірімдер арасында ынтымақтастықты ұйымдастыру. Слет барысында Ту тапсыру, ұйымға қабылдау рәсімі көрсетілді.

Слеттің ашылуында құрметті қонақтардың ішінен алғы сөз алған Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы  Е.Е. Құралбаев: «Еліміздің болашағы- жас жеткіншектер. Біздің өткенімізді өндіретін, келешегімізді жандандыратын да Сіздер боласыздар. Елбасымыз бір сөзінде: « Біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар» деген болатын. Біз Сіздерге үлкен сенім артамыз, болашақта  елімізді әлемдік деңгейге шығаратын да Сіздер! Осы жолда  елі мен халқының дамуына белсене атсалысқан балалар ретінде өздерін көрсете білген жас патриоттары бар  «Жастар саясаты» да Сіздерге дамуға, өзін-өзі жетілдіруге , өзін-өзі ұйымдастыруға мүмкіндік беруге бар күшін салады деп сендіре айта аламын. Алға қойған мақсаттарыңыз айқын болып, ең асқақ армандарыңыз орындала берсін! Біз Сіздермен біргеміз! Біз Сіздерге сенеміз!» ,- деді.

Слеттің салтанатты жабылуында төрт жыл бойы  жоба,  байқау, сонымен қатар дәстүрлі шараларға белсене қатысып, жасұландықтармен жұмыс жүргізуде қосқан елеулі еңбегі үшін аудан үйлестірушілеріне алғыс хаттар табыс етілді. Аудандық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Тилеубаева Эльзат Аязқұлқызына еліміздің ертеңі- бүгінгі өскелең жас ұрпақтың отаншылдық рухта тәрбиеленуіне бағытталған  «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Ұланымыз Ұлы елдің» атты облыстық слетіне қатысып, қолдау білдіргені үшін «Жүрегі-Отан» деп соққан Жамбылдық жасұландықтардың атынан және Жамбыл облысы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткізілген  іс-шараларға белсене қатысып, жасұландықтармен жұмыс жүргізуде қосқан елеулі еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды.

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің  білім  бөлімі  Тәуелсіздіктің 24 жылдығына орай   арналған іс-шаралар  жоспарына  сәйкес  15 желтоқсан күні Қ.Сатпаев атындағы шағын орталықты мектебінде  «Тәуелсіз елімнің болашағы-Жас Ұлан» тақырыбында  аудандық семинар   өтті. Мектеп тәлімгері Юля Әлімбекова өткізген ауқымды іс-шара өз дәрежесінде өтті. Аудан мектептерінен келген тәлімгерлерге «Жас Ұлан» ұйымы қазір бізге қажет пе?» тақырыбында Коучингг, ұйымға салтанатты  түрде қабылдау рәсімі өткізілді, «Ел тәуелдсіздігі-ел бірлігі» тақырыбында  мектеп оқушылары  танымдық әдеби-кешпен драмалық көрініс сахналап көрсетті.Семинардың соңында әр тәлімгер семинардың өтілу барысы туралы рефлексия арқылы өз ойларын ортаға салды.

Елбасының тапсырмасымен құрылған «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысын жандандырып, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше үлес қосып, әрбір жасұландықтардың жүрегіне отансүйгіштік пен елжандылық сезімін сіңіруде еңбек еткен,бір мақсатта әрекет етуіне жағдай жасап, бағыт беріп жүрген мектеп тәлімгерлері: А.Байтұрсынов о/м. Жаттоева Салимат, М.Әуезов о/м. Танашева Маржан, Қызыл шаруа о/м. Ұзақпаева Шарпат, Абай о/м. Өскенбаева Сауле, М.Горький о/м. Отарбаева Балжан, Қ.Сатпаев о/м. Әлімбекова Юляның ,Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебінің тәлімгері Абдрайымов Марат, Сөгеті бастауыш мектебінің тәлімгері Шабатаева Анардың еңбегі орасан.

«Тәрбие-адам тағдырын шешетін ұлы іс»- деген Елбасы. Олай болса, ел келешегін алаңдаған Елбасы Н.Әбішұлының тікелей бастамасымен  құрылған балалар ұйымының қызметіне, соның ішінде «Жас Ұлан» бірыңғай  балалар мен мен жасөспірімдер ұйымының шараларына қатысу арқылы бала мына мүмкіндіктерге ие болады: балаға қоғамда өз орнын табуға және бейімделуге, адамдармен қарым-қатынас орнатуға және олармен келісімге келуге дағдыланады. Топта жұмыс істеуге және топтан өзін көрсете білуге үйренеді. Әлеуметтік жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге тәрбиеленеді.

Сондай-ақ, ғалымдардың айтуынша , соңғы жылдары балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігі  артуда.

Қазіргі таңда 8000 асатын Құлан ұландарының атқарған игілікті істері теңіздегі тамшыдай болуы мүмкін. Дегенмен , «Жас Ұлан» ұйымы оқушыларды отан сүйгіштікке, елжандылыққа, биік мәдениетке тәрбиелеу  бағытында үлкен жұмыстар атқаруда. Өз Отанын , елін сүюге және өз елінің нағыз азаматы болуға  дайындап, балалар ұйымының қоғамдағы белсенділігін арттыруда. Болашағы бүгіннен басталған, ұлылығы бойына дарыған жас ұланның атқарар қызметі әлі алда. Ендеше, Жаса,Жайна, Асқақта байтақ елім! Өс,Өн,Өрле жаңа бастама иесі- «Жас Ұланым!».

Заманауи Қазақстанның ұлтжанды, рухы биік, білімді, жаңашыл жасұландықтар алдағы уақытта Елбасы сенімін, ел сенімін ақтайтыны сөзсіз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *