«Жас Ұлан»- ел болашағы!


Төленбай Жанерке
Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы,  Құлан ауылы, Балалар мен жасөсіпірімдер орталығының 11 сынып оқушысы
Жетекші: қосымша білім беру педагогы Кожахметова Зульфия Рахметкуловна

       7349 мыңдай  мүшесі бар аудандық «Жас Ұлан» ұйымы Елбасының бастамасымен қуаттап, осыған дейін атқарған игілікті шараларын «Жас Ұлан» ұйымында жалғастыруда. Бұл ұйым балаларға жаңа ой әкеліп, өзекті мәселелерді қозғап, жаңа серпін әкелді. Құландық  ұландар да  аталмыш ұйымның бір бөлшегі болып қаланады. Осы уақытқа  дейін балалар әлемінде талай игілікті істер атқарған жас ұландықтар талай жетістіктерге жетті.

2016 жылдың 19 мамырында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің қолдауымен №2 шағын орталықты орта мектебінде  «Ұланымыз , Ұлы елдің!» атты «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігінің 5 жыл толуына орай аудандық жиын өткізілді.

Жиынды ұйымдастырған аудандық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігі мен Балалар мен жасөспірімдер орталығы.

Жиынға ауданымыздың «Жас Ұлан» ұйымының оқушыларына жаңа бағыт беріп, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастырып, балалар мен жасөспірімдерді Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеп жүрген мектеп  тәлімгерлері, «Жастар орталығы» КҚМ-ның маманы   А.Сәрсеханұлы  , аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Б.Қ.Самылтыров, ұйымның Ұланбасшылары, жасұландықтар мен  көшбасшылары қатысты.

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігінің 5 жыл толуына орай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өткізіліп, «Жас Ұланға» -18, «Жас Қыранға»- 19 оқушы қабылданды.

Жиын жұмысына қатысқан аудандық «Жастар орталығы»КҚМ маманы Айбек Сәрсеханұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.Қ.Самылтыров, аудандық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының үйлестірушісі Э.А.Тилеубаева қатысушыларға өз тілектерін білдірді.
Жиынды Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебінің

барабаншылары өз бағдарламасымен ашса, А.Байтұрсынов атындағы шағын орталықты орта мектебінің белсенді жасұландықтары сәлемдесу флешмобын көрсетті. Ары қарай «Жас Ұлан» ұйымының туын Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің 8 сынып оқушысы, облыстық «Үздік Ұлан-2016» сайысының жүлдегері Жұмабек Шәрбатқа салтанатты түрде, зор сенім білдіре отырып  №1 мектеп-лицейінің Ұланбасшысы Қасымқұлова Асылжан табыстады. Сонымен қатар «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына ауданымыздың  үздік 37 оқушысын салтанатты түрде қабылданып, ұйымға қабылданған оқушылар атынан  М.Горький атындағы орта мектептің оқушысы Махмут Аяулым  ұйымның антын айтты. Осындай сәтті пайдалана отырып өздернің ізгі ниерін білдіру үшін «Мен елімнің ертеңі…» тақырыбында ашық мінбеге: №2 шағын орталықты орта мектебінің көшбасшысы Атабек Арслан, Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің Ұланбасшысы Жұмабек Шәрбат, Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің  Ұланбасшысы Бірімжарова Гүлжанат, Жамбыл орта мектебінің Ұланбасшысы Бейшен Самат, А.Байтұрсынов атындағы шағын орталықты орта мектебінің оқушысы, аудандық  Ұланбасшы Садуақас Жансая, М.Әуезов атындағы шағын орталықты тірек мектебінің Ұланбасшысы Райысова  Мадина шығып сөйледі.

Жиында  осы  жыл  ішінде  ұйымның қоғамдық  жұмыстарына    атсалысып,  белсенділік  танытқан  оқушыларымызды және ұйымының жұмысын жандандырып, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше үлес қосып, әрбір жасұландықтардың жүрегіне отансүйгіштік пен елжандылық сезімін сіңіруде еңбек еткен,бір мақсатта әрекет етуіне жағдай жасап, бағыт беріп жүрген мектеп тәлімгерлер  марапатталды. Басқосудың соңы ауданымыздың өнерлі оқушыларының  концерттік бағдарламасына ұласып, мектеп тәлімгерлерінің Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды.

«Тәрбие-адам тағдырын шешетін ұлы іс»- деген Елбасы. Олай болса, ел келешегін алаңдаған Елбасы Н.Әбішұлының тікелей бастамасымен  құрылған балалар ұйымының қызметіне, соның ішінде «Жас Ұлан» бірыңғай  балалар мен мен жасөспірімдер ұйымының шараларына қатысу арқылы бала мына мүмкіндіктерге ие болады: балаға қоғамда өз орнын табуға және бейімделуге, адамдармен қарым-қатынас орнатуға және олармен келісімге келуге дағдыланады. Топта жұмыс істеуге және топтан өзін көрсете білуге үйренеді. Әлеуметтік жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге тәрбиеленеді.

Сондай-ақ, ғалымдардың айтуынша , соңғы жылдары балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігі  артуда.

Қазіргі таңда 7000 мыңнан асатын Құлан ұландарының атқарған игілікті істері теңіздегі тамшыдай болуы мүмкін. Дегенмен , «Жас Ұлан» ұйымы оқушыларды отан сүйгіштікке, елжандылыққа, биік мәдениетке тәрбиелеу  бағытында үлкен жұмыстар атқаруда. Өз Отанын , елін сүюге және өз елінің нағыз азаматы болуға  дайындап, балалар ұйымының қоғамдағы белсенділігін арттыруда. Болашағы бүгіннен басталған, ұлылығы бойына дарыған жас ұланның атқарар қызметі әлі алда. Ендеше, Жаса,Жайна, Асқақта байтақ елім! Өс,Өн,Өрле жаңа бастама иесі- «Жас Ұланым!».

Заманауи Қазақстанның ұлтжанды, рухы биік, білімді, жаңашыл жасұландықтар алдағы уақытта Елбасы сенімін, ел сенімін ақтайтыны сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *