«Ұрпақтар сабақтастығы» форумынан…


Сәменқұлов Жартыбай
Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы,  Құлан ауылы, Балалар мен жасөсіпірімдер орталығының 11 сынып оқушысы
Жетекші: қосымша білім беру педагогы Кожахметова Зульфия Рахметкуловна

     Бүгінгі жас, ертеңгі ел тізгінінің иелері «Нұр Отан» партиясы жанындағы  «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділерінің арасында алтын көпір орнатып,өзара ынтымақтасуға көмек көрсету мақсатында М.Үркімбаев атындағы «Жастар сарайында»    «Жамбыл облысы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының»  ұйымдастыруымен 2014 жылдың  мамыр айының 16  күні облыстық «Ұрпақтар сабақтастығы» атты форумына Аман Маржан- А.Байтұрсынов о/м. 10 сынып оқушысы,Шидаков Ислам- А.Байтұрсынов о/м. 7 сынып оқушысы, Қуандық Қуаныш- № 2 о/м. 8 сынып оқушысы,Молдашева Жансая- Ш.Уалиханов о/м. 4 сынып оқушысы, Жұмабек Шәрбат- Абай о/м 6 сынып оқушысы,Жаттоев Биболат- Октябрь шаруа о/м. 9 сынып оқушысы,Тилеубаева Э.А.- Балалар мен жасөспірімдер орталығының бұқаралық бөлім меңгерушісі барып қайтты.

Форумда осы уақытқа дейін ұйымдардың жұмысына жақсы атсалысып, белсенділік танытқан мүшелермен және  де осындай еліміздің жалындаған патриот, жігерлі жастарын, ойы асқақ, арманшыл жасұландықтарды тәрбиелеуде ұстаздық мейірім шапағатын  шәкірттеріне аянбай  төге білген үйлестіруші-тәлімгерлер Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарма басшысының орынбасары Г.Р.Заурбекова марапаттады. Осы марапатқа біздің ауданымыздың Ұланбасшысы, А.Байтұрсыноа о/м. оқушысы Аман Маржан алғыс хат, аудандық «Жас Ұлан» қоғамдық ұйымының үйлестірушісі Эльзат Тілеубаева құрмет грамотаман  және бағалы сыйлықтармен, сонымен қатар барлық форум қатысушыларына секциялық жұмыстарға қатысқаны үшін сертификат табысталды.

Елбасының бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы бүгінгі таңда құрамында облыс бойынша 55 мыңнан астам  мүшесі бар ұйым. Аталмыш ұйымға кіруге ұмтылған балалар саны күн санап артуда. Соның айғағы ретінде облыстық форумда «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелігіне  біздің ауданымыздан талантты жас әнші, оқу озаты, Ш.Уалиханов орта мектебінің 4 сынып оқушысы Молдашева Жансая салтанатты түрде «Жас Қыран» ұйымынан «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. Жаңадан ұйымға қабылданған оқушылар әрқашан Тәуелсіз еліміздің туын көкте желбірете беруге және жерлестеріміздің даңқты ерлігі мен өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге дайын екендерін ант беру рәсімінде жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *