Қазақтың әншісі – Әміре Қашаубаев


«Өнер Колледжі – музыкалық –эстетикалық бейіндегі

дарынды балаларға мамандандырылған мектеп –интернат»

Кешені» КММ

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі                                    

                                  Әшімова Жұмабике Бихатқызы

Тақырып: Қазақтың әншісі – Әміре Қашаубаев

Сан есім, оның түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: әнші Әміре Қашаубаев туралы мәлімет бере отырып, сан есімді қайталау. Дара және күрделі сан есім.

Дамытушылық: ойлау мен сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:қазақ халқының әншілерімен таныс, оқушылардың өнерге деген

қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Ә.Қашаубаевтың суреті, грамматикалық кесте, интерактивті тақта

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа тақырып.

Сабақтың мақсатымен таныстырылады, қазақтың әншісі Әміре Қашаубаев туралы, сан есім, оның түрлерімен танысамыз.

І деңгей. Сұхбатты оқып, ондағы жаңа сөздерді теріп жаз, баламасын тап.

атақты әнші, орындаушы, ғажап дауысы, әлемді таңғалдырған, саз аспаптары мұражайы, халық орындаушыларының байқауы, марапаттары.

Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыру.  Мысалы: Мен Алматы қаласында сазды аспаптар мұражайында болдым. Көп атақты әншілерді білемін. Бибігүл Төлегенованың даусы ғажап.  т.б.

ІІ деңгей. Диалогты монологқа айналдырып, түсінгеніңді айтып бер.

ІІІ деңгей. Мәтінмен жұмыс. Жоспар құру.

  1. Әміре Қашаубаев – атақты әнші
  2. Әміренің туған жері.
  3. «Ес аймақ» өнер ұйымына мүшелікке кіруі
  4. Бас бәйгені алу
  5. Париж қаласына ән өнері байқауына қатысуы, оның марапаттары.
  6. Әміренің қазақ әндерін әлемге танытуы.
  7. Оның орындауындағы әндердің ерекшелігі.
  8. «Қазақтың 500 ән мен күйі» жинағы

IV деңгей. Дара және күрделі сан есімдер туралы түсінік беріледі де,  оқушылар мәтіннен сан есімдерді теріп жазады.

V деңгей. Әңгімені жалғастыр: Әміре Қашаубаев – дүние жүзіне әйгілі әнші болған, себебі … . 1933 – 1934 жылдары ол опера және балет театрында … .  Әміре Қашаубаев атындағы республикалық  әншілер … .

Әміренің даусы керемет, себебі … . Әміре Париж қаласында өткен әншілер көрмесіне қатысып, … . А.Затаевич Әміренің орындауындағы әндерді жазып алып, … ,

Сабақты бекіту:

  1. Әміре Қашаубаев кім болған?
  2. Ол қашан және қайда дүниеге келген?
  3. Жас Әміренің атағы қалай жайылады?
  4. Әнші қандай байқауларға қатысты?Оның өлеңдері қандай өлеңдер жинағына кірді?
  5. Әміре туралы тағы не білесің?

Үйге: жаңа сөздерді жаттап,сан есімдерді ажырата білу, мәтін мазмұнын жоспар бойынша мазмұндап айтып беруге үйрену.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *