Заманауи әлемдегі педагог


Маждай Алма 
 Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кентінің №1 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі

 (ресурстық орталығы)» КММ бастауыш сынып  мұғалімі

«Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім

түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді,

ұлы мұғалім шабыттандырады»

Уильям Уорд, ұлы ағылшын ағартушысы

 

Бүгінгі  таңда оқушыларға сапалы білім беру үшін көптеген жаңа амал-тәсілдер, жаңа әдістер қолданылуда.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.

Жаңа әдіс-оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Осы орайда бүгінде технологияның тоқтаусыз дамуына ілесе алатын заманауи әлемдегі педагогтің білім сапасын арттыру – қоғам алдындағы келелі мәселе. «Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», – деп  дана ойшыл Конфуций айтқандай, мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген.

Міне, осындай жауапкершілігі үлкен қызметті абыроймен атқару үшін және бізге аманат еткен шәкірттерімізді білім шыңына шығару үшін, әрбір сәтімді берекелі түрде өткізуге тырысамын. Алдыма келіп отырған оқушыларды елбасымыздың қолдауымен жүргізіліп жатқан білім бастамасының мақсаты бойынша еркін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгеруімен қатар, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуына өз үлесімді қосып жүрмін.  Бұл білім бастамасының әдіс – тәсілдерін мен өз сабақтарымда  ұтымды пайдаланып жүрмін.

Қазіргі оқушы талабы, талғамы, ойламы өте жоғары болуы міндет, сол себептен оқушы яғни тұлға еркін білім алу, еркін ойын жеткізу, еркін сөйлеу, қоғамда өзін еркін сезіну бірінші ең негізгі қағида деп түсіну. Адам өз- өзін еркін сезінсе, ол адам алдына қойған мақсатына, қоршаған ортасына үлес қоса алады. Демек қазіргі оқушыларға жаңа технологияларды қолдана отырып, білімді еркін игерту, ал мұғалім тек бағыт беруші, кеңесші, ақылшы рөлін атқаруы керек.Сонда әр оқушы өз ойын еркін жеткізе алады.

Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді…» – деген екен. Сондықтан да ел ертеңі бүгінгі және келешек ұрпақ үшін нақты да нәтижелі, сапалы да саналы жұмыстар атқару заманауи әлемдегі педагогтың бейнесін айқындап берері хақ. Саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін ең алдымен оқушы тәрбиесіне көңіл бөлінгені дұрыс.

Сол себептен қаншама жаңа әдіс тәсіл енгізгенімізбен тәртіп болмаса оның берер нәтижесі шамалы. Жалпы оқушыға теориялық біліммен қатар ұлттық қасиеттерімізбен құндылықтарымызды, салт- дәстүрімізді де игерту қажет. Сонда ғана жаңаша білімді заман талабына сай, өз еліне, Отанына жанашыр тұлға тәрбиелей аламыз.

Бәсекеге қабілетті ұрпақты оқыту жолында отандық табыстарды зерделеп, ұлттық ерекшеліктерімізді ескере отырып, әлемдік жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастырудың қажеттілігі артуда.

«Ел мен елді,халық пен халықты теңестіретін – білім» деп  Мұхтар Әуезов айтқандай дамыған мемлекеттердің қатарына осы білімнің арқасында қосыламыз. Шәкірт бойына нұр құйып жүрген жаңашыл әріптестерге шеберліктерін шыңдау жолында, қажымай еңбек етіп, толағай табыстар мен жемісті жеңістерге жетуіне тілектеспін.

Егемен еліміздің кемел келешегі жарқын болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *