Оқушылардың шығармашылық қабілеттілігін сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы арттыру


Самыратова Қуанышкул Абдрахмановна
  Қарағанды облысы, Осакаров ауданы,«Осакаровка кентінің №1 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі

 (ресурстық орталығы)» КММ бастауыш сынып  мұғалімі

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қабілетін арттыру заман талабынан туындап отырған өзекті мәселелердің бірі. Ғылымның  барлық саласының жедел дамуы, техникалық прогресс, акселерация ықпалы, барлығы да төменгі сынып оқушысының терең теориялық ойлауға қабілеттілігін арттырып отыр. Ал, ұстаздың міндеті: оқушылардың даму мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, жас ерекшелігіне сай ақыл-ойды дамытудың жоғарғы деңгейіне жету. Сондай игі мақсатты көздеген істердің бірі – бастауыш сыныптарда «Сын тұрғысынан ойлау» жобасын негізге ала отырып жұмыстану деп білемін.

Сын тұрғысынан ойлауды дамытудағы жұмыстардың нәтижелері оның білім берудегі реформаның негізгі бола алатындығын көрсетеді, өйткені ең алдымен ол әр кезде өзіндік қайталанбайтын ойлардың шығуымен тығыз байланысты болып келеді. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету мүшелері өз іштерінде қол жеткізген жетістіктерімен бөлісетін танымдық қауымды құрумен байланысты. Әркімнің өз ойын айтуға мүмкіндігі бар болады да, олардың қабілеттері мен дарындары ашылады. Кейіннен сын тұрғысынан сауатты адам бүкіл қауым жұмысына құрылымды түрде араласады. Ойлар туады да, қауым мүшелерінің белгілі бір мәтін ішіндегі маңызды байланыстыра орындайды. Сондықтан осындай қайталанбаулардан олар өз беттерімен араласпай, мәтіндегі ойларымен, мағыналарымен әрекеттеседі. Осылайша ойлау әректінің қоршаған ортадағы ақиқатпен  байланысудағы шарттар сақталады.

Бүгінгі күні сыни ойлаумен жұмыс жасағаныма үш жылдай уақыт болды. Қазіргі таңда білім беріп отырған бірінші сыныптан бастап келемін. Бұл оқушылармен алғаш танымды ойындарды жиі өткізіп отырдым, өйткені сыныпты әбден зерттеп топтап алу қажет болды. Осылайша мен сыныптың даму деңгейін ескере отырып үш топқа бөліп отырдым. Даму баспалдағы жоғары, орта және төмен деңгейлі топтар.

«Сын тұрғысынан ойлау» жобасы бойынша үйренген әдістерім сабақ беруді өзгертті. Осы бағытта сыныбымдағы оқушыларда қандай өзгерістер болды? Ең алғаш оқушыларымның көңіл – күйі көтеріліп айналаға зер сала қарап ойларын, пікірлерін бөлісіп айта алатын қабілетке жетті. Сабақ өткізу барысында өз тарапымнан ой өрбітетін «неге?» «себебі» деген сұрақтар жиі қойылатынын байқадым. Егерде қазіргі әдісімді бұрынғымен салыстырып қарасам арасы жер мен көктей. Бұрын оқушыларға бірдей талап қойып сабақ жалпы беріліп өтетін және қабілеті жоғары балаға да, қабілеті орта балаға да бірдей талап тапсырма берілетін еді. Ал қазіргі мақсат – оқушыларға білімді даяр түрде мұғалімнің өзі баяндап бермей олардың алдына міндет қойып, оқушылардың өздерінің әрекеттерін ұйымдастыру. Осындай тәсілдер арқылы өткізгенәрбір сабақ менің  ойымша оқушылардың  ойына және қиялына негізделіп келеді, бала тереңде жатқан ойлау қабілетін дамытып, оларды сөйлеуге үйретеді.

Оқушылардың жан – жақты тәрбиесі мен терең білімі үшін «Оқу мен жазу арқылы Сыни ойлауды дамыту» жобасының түрлі әдістерін пайдаланамын:  «Венн диаграммасы» , «Т – кестесі», «Топтастыру», «Интервью алу», «Автор орындығы», «Қабырға газеті», «Болжай отырып оқу», «Бес жолды өлең» – сияқты стратегиялар оқушылардың қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Соның біріне тоқталып өтетін болсам «Пушкиннен Абайға дейін» атты тәрбие сағатындағы «Интервью алу» стратегиясы ының жүзеге асырылуы. Сонымен қатар сынып ішінде оқырмандар театрын ұйымдастырамын. Бұл әдістің де оқушылардың жан – жақты дамуы үшін ықпалы мол. Яғни қайталап оқу, қатесіз, анық оқуды жетілдіру, жазуды жақсарту, шолу, жасау, ақпаратты есте сақтау өнер элементін ұштастыру сияқты.

Әр баланың даму деңгейін өзі және ата – аналары қадағалап отыруына мүмкіндік жасау қажет деп ойлаймын. Себебі оқушылар бір – бірінен қалыспай, алға ұмтылыс пайда болады. Ал ата- ана баласының бағалануына күмән келтірмейді және оның сол баға алу себебін (мұғалімді мазаламай -ақ) біліп отырады. Ол үшін мен әр балаға арналған «Оқушы портфелін» пайдаландым. Бұл портфельге оқушылардың жазба жұмыстарын, тест жұмыстарының нәтижелерімен бірге салып отырдым. Әр апта соңында оқушылар папканы үйлеріне апарып көрсетіп отырады. Жасыратыны жоқ көбіне ата – ана мен мұғалім арасында бағалауға келгенде келіспеушіліктер жиі кездеседі. Сондықтан біздің әрбір ісіміз дәлелді болмаса ата – аналар алдындағы беделіміз төмендейді деп ойлаймын. «Баға» мәселесі жай қозғалып отырған жоқ, бұл баланың мүмкіндігінің, қабілетінің өлшемі.

Жаңа бағыттағы технологиямен жүргізілген жұмыс менің баға қоюға көзқарасымды өзгертті. Сабақ үстінде топпен  жұмыстар жасалынады, шығармашылық тапсырмалар орындалады. Сынып алдында жылы лебіздерді айтқанда оқушыларым жұмысты әрі қарай тыңғылықты орындауға құлшына түседі. Тек оқушыға ғана баға қоймай, топқа баға қою оқушылардың бір – бірінің пікірлерін тыңдап, бір – біріне бағалауға және өздеріне баға қобға үйренеді.

Ал бір –біріне бағалау оларға басында оңай болған жоқ. Бағалау үшін олар біріншіден жолдастарын тыңдау керек екенін білді. Ойлап салыстырып өз ойын дәлелдеуге үйренеді. Нәтижесінде оқушыларым сабаққа шашырамай тұтас қатысып отырды.

Бастауыш сынып оқушылары әлі кішкентай. Олар әр түрлі жайда немесе төмен бағалауы мүмкін. Осындай жағдайларды ескеріп, балалардың әділ бағалау үшін әр оқушының алдына бағалау критерийін тастаймын.

Бағалау шарттары (үнемі, кейде, еш уақытта):

1.     Әңгіменің тақырыбына болжам жасалады.

2.      Оқып әрі қарай не болатынын ойладым.

3.      Дәлелдедім.

4.     Қорытынды жасадым.

Бұл бір –бірін бағалауға да келеді. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға көп көңіл бөліп, математика сабағында мынадай кестелер алдында жатса.

Орындау тапсырмалары: Өзім шығардым – Тақтаның көмегімен – түсінбей көшіріп отырдым.

Топпен жұмыс жасап отырғанда топқа баға беріп және бір –біріне баға беріп отырады.

Бағалау шарттары (үнемі, кейде, еш- уақытта)

1.     Берілген тапсырмаға бірге ойландық.

2.     Топтың әр мүшесі өз пікірін қосты.

3.     Бірнеше идеялар қосылды.

4.     Өз пікірлерімізді қостық.

5.     Бір оқушы жазып отырды.

Бұл кестені кейде жинап аламын, кейде уақыт болса ақылдасып, талдап екі, үш сөйлеушімен бағалаймын. Мен үнемі оқушымды өз еңбегіне баға беруге шақырамын. Оқушыға мұнда өзгелердің алған бағаларының әділдігін саралап отыруға ыңғайлы болады.

Сын тұрғысы технологиясынан жұмыс таңдағанда төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздім.

Мұғалім үшін сыныптағы оқушылардың 70-75 пайызы бағаланады;

Ұяң, тұйық мінезді оқушылардың белсенділігі артады;

Достық қарым – қатынас, бір –біріне деген жанашырлық пайда болады.

Оқушылар үшін- тапсырмаларды өз беттерімен орындайды.

1.     Сәтті шыққан істер оларды қуантып, оқуға ынтасын күшейтті.

2.     Балалар өте белсенді, үлкен ортақ істегі өз жұмысына жауаптылықты сезінеді.

3.     Сабақ мазмұны мен тапсырмалары ойлау қызметіне бағытталып құр тікелей көшіріп алу жұмыстары болмағандықтан қабілеттері көтерілді.

Қорыта келгенде баланы қабілетті, қабілетсіз деп бөлмей, зерттеу, бақылау арқылы, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызамын. Нашар оқушыны да қабілеті жететін жерге дейін көтеру, өз бетімен жұмысқа жетелеу, өз күшіне сенімін нығайту – баршамыздың міндетіміз. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету – оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіреді, дамытады, көздеген мақсатына жеткізеді. Сөз соңында айтарым: «Елді түзетуде бала оқыту ісін түзетуден бастау кере» дейді қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынов. Ертең осы елге ел болып ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушылары болғандықтан, сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, ел қатарына қосу әр ұстаздың борышы деп білемін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *