ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ


Ж.Б.  Нурахметова

Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясының оқытушысы

        Еліміз тәуелсіз дамуы, қоғамда болып жатқан құбылыстар білім беру мазмұнына елеулі өзгерістер әкелді. Білім беру саласындағы күрделі міндеттердің бірі – қабілеті жоғары, дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау жасау арқылы Қазақстан Республикасының интелектуалды потенциалын қалыптастыруға үлес қосу. Бұл – қоғам мүддесінен туындап отырған әлеуметтік сұраныс. Бұл сұраныс педагогикалық және психологиялық үрдістер арқылы жүзеге асады.  «Әр оқушыны жан-жақты жетілдіру үшін оны жан-жақты зерттеу керек». Бұл – ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің тұжырымды ойы. Зерттеу арқылы әр тұлғаның бойындағы ерекше психологиялық қасиеттері айқындалады.

Дарынды балалармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан басталады. Ол үшін алдымен бала бойындағы қабілеттілікті, бейімділікті тани білуіміз қажет. Ғылыми зерттеулерде  аланың әр кезіндегі қабілеті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен белгілі бола бастайтыны дәлелденген.Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оянып келе жатқан қабілетінің алғашқы белгісі. Ал қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті.Қабілет-дәреже әр адамда әр түрлі деңгейде болады.   Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің түрін дарындылық  деп атайды. Оқушылардың субъект ретінде дамуы және қалыптасуы үшін оның зерттеу – ізденушілік жұмыстарға үйренуі танымдық іс-әрекетінде маңызды орын алады. Адам өмірі үшін зерттеу – ізденушілік дағдылар тек ғалымдарға ғана емес, адамға кез келген сферада жұмыс жасағанда керек. Жеке тұлға бойындағы негізгі дағды ретінде ізденушілік қасиеттің қалыптасуы қазіргі заман адамының стилі болуы қажет. Оқушыны зерттеу іс – әрекетіне үйрете отырып, оның субъектілігін қалыптастыратын қасиеттерін дамыту.

Дарындылық – табиғаттан берілетін ерекше қабілет. Өмір сүретін орта, берілетін білім мен тәрбие осы ерекше қабілеттің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлде өшіреді. Дарындылық – көпқырлы. Ағылшын ғалымы Ж.Рензуллидің анықтамасы бойынша: «Дарындылық – бала бойындағы интелектуалдық қабілеттің, шығармашылық қабілеттің және табандылықтың болуы». Дарындылықты анықтау – өте күрделі процесс. Ол психологиялық – педагогикалық шаралар арқылы жеке тұлғаның болашақтағы табыстарын үздіксіз бақылау мақсатында жүргізіледі. Дарынды оқушыларды анықтау үшін өзара тәуелді үш көрсеткішке назар аударылады: дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан ерекшелігі, денебітімдік тұрғыдан ерекшелігі және әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі.

Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан өзгешелігі: дарынды оқушы толыққанды, аңғарлы болады; өзінің қабылдау мүмкіндігімен ерекшеленіп, өзін қоршаған ортаға өте сезімтал келеді. Ол бірнеше үрдісті қатар бақылап, қабылдауға бейім тұрады және оны белсенді түрде зерттеуге әуес болады; құбылыстар мен заттар арасындағы байланысты қабылдап, оған лайықты қорытынды жасай алады және оған өз қиялы арқылы балама жүйе жасауға қабілетті келеді; есте сақтау қабілеті жоғары болады; сөздік қоры мол, бұл оның не нәрсені еркін де нақты баяндауына мүмкіндік береді; логикалық ойлау қабілеті жоғары; табандылық басым; қиялы кең болады.

Дене бітімдік тұрғыдан ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық; дарынды оқушының бойында энергиясы мол болады, ол мөлшерден аз ұйықтайды; психомоторикасы танымдық қабілетіне қарағанда баяу болады. Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: дарынды бала әділетсіздікке төзімсіз болады, жоғары моральдық қасиеттерге ие; алдына қойған мақсатқа ұмтылу белсенділігі жоғары болады; өзіне өзгелердің және қоршаған әлеуметтік ортаның назар аударуын қалайды; жағдайларға байланысты іскерлік қатынасы мен өз басы қажеттілігі, үлкендерден қалыспау, әлдебір нәрсені бірдей атқаруға деген құштарлығы басым келеді.

Дарындылықты анықтаудың 2 кезеңі бар. Оның 1-ші кезеңі – анимистикалық кезең. Бұл ата-ана мен мұғалім анықтаған, оқушының қандай да бір іс-әрекетке қабілеттілігі. Ол тесттер алу арқылы айқындалады. Дарынды оқушыны анықтау баланың даму динамикасымен байланысты екенін практикалық зерттеу кезеңінде ескерген жөн. Сауалнама беттерін толтырудағы ата-аналардың өз балаларының қабілеттерін асыра бағалауы негізгі фактор емес, ол нақты жауапқа нұқсан келтірмейді.

Психология ғылымы қабілеттілікті жалпы, арнаулы, практикалық деп үшке бөледі. Қабілеттің бұл түрлері бірін-бірі жоймайды, қайта бір-біріне байланысты дамиды. Жалпы қабілеттілік – жеке тұлғаның өз ойын жаңа мақсат, міндеттерді орындауға саналы түрде бағыттауы. Арнаулы қабілеттілік – белгілі бір бағытта ерекше дағды таныта білуі.  Практикалық қабілеттілік – өмірден алған білімін шығармашылықпен пайдаланып, бір деңгейден екінші деңгейге көшірілу. Баланың бойындағы осы қабілеттерді ең әуелі ата-анасы байқайды.

Ерекше қабілеттер жиынтығы – дарындылықты анықтаудың 2-кезеңі: Диагностикалық кезең. Бұл – педагогикалық және психологиялық тесттер мен түрлі әдістемелер арқылы  жүргізіледі. Ол баланың психологиялық ерекшеліктері мен шығармашылық мүмкіншілігін бағалаумен сипатталады.

Дарындылық үш бағытта анықталады: интелектуалды дарындылық, шығармашылық дарындылық,  лидерлік дарындылық. Интелектуалды дарындылық баланың ойының ұшқырлығымен ерекше есте сақтау қабілетімен, байқағыштығымен айқындалады. Интелектуалды дарындылығы бар бала қиналмай-ақ және талаптанып оқиды, өз ойын жүйелі жеткізе алады. Ол әр істе өз біліміне сенімді болады. Оны қиын тапсырмалар қызықтырады. Шығармашылық дарындылық баланың өз қызығушылығы, өмірлік позициясымен айқындалады. Ол көбіне тәуелсіз, өзі әрекет жасайды және ісінің нәтижесін көре алады. Нақты жағдайлардың шешімін таба біледі, көркем өнер оқулары мен ойындарға бейім келеді. Лидерлік дарындылыққа жаңа жағдайларға жылдам қалыптасу, өзге балалардың оны таңдауы, ойындар мен шараларды басқара алуы, үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынасқа оңай түсуі, жауапкершілік сезімнің басымдығы тән.

Көрнекті психолог Л.С.Выготский «баланың кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп ескертеді». Бала дамуының дербестік, шығармашылық таным әрекеті, логикалық ойлау дәрежесі сияқты негізгі белгілерін біліп, жеке дара жұмыстар жүргізу арқылы белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге болады. Баланың оқуы мен психикалық дамуының бастапқы негіздері бастауыш сыныптарда қалыптасатындықтан, әр тұлғаның бойындағы қабілет, дарынды ашу арқылы оның мүмкіндігін дамыту керек.

Балалардың қабілетін ашып, оның талантқа айналуына көмектесу оңай емес. Әлеуметтік өмірдің құбылысы ретінде дарындылықтың да проблемалары кездеседі:

  • Дарынды болуына болжам жасауға негіз береді. Дарынды баланы оқытуда кез-келген мұғалімнің шамасы жетеді. Егер ол мұғалімде қажетті пәндік деңгейі болса. дарындыбалаларғакөмектеспеугеболады. Егерталанттыболсаөзінен-өзішығады. Шынында да олайемес: біреуішығады, ал біреуісөніпқалады.
  • Егер оқушы өзінің дарындылығын көрсетсе, ол «өмір бойы» сондай болады. Шынында да, үнемі олай емес. Жасқа, басқа байланысты дарындылық та болады. Мысалы, оқушы өзінің сыныптастарынан интеллектуалды дамуы бойынша озып, ерекшеленіп тұрса, ал оныншы сыныпта бұл озуы жоғалып кетеді.
  • егер бала үлгермейтін болса, оның дарындылығы жайлы айтып та қажеті жоқ. Бірақ, шынында ол үнемі емес, бірақ мүмкін. Америка психологы Э. Торенстің айтуынша, мектепте үлгермегендіктен шығарылған балалардың 30% дарынды балалар болған.
  • Егер оқушы анық дарынды болса, онда оған оқу материалдарын көбірек әрі күрделірек беру керек және оның оқу және даму проблемасы шешіліп тұр.. Бірақөзбетіменоқужәнеоқудажекебасындакездесетінкедергіліктердіжеңеалмайтынболады.
  • Оқушының дарындылығын анықтау үшін оның қабілетінің даму деңгейін тестердің көмегімен өлшеу жеткілікті. Шынында да, олай емес. Ешбір тест дарынды балаға кепілдік бере алмайды. Олар дарындылықтың белгілерін бағалауға көмектеседі және баланың балалар менкез-келген мұғалім, тіпті кез-келген психологта жұмыс істей алмайды.

Дарындылықты анықтаудағы проблемамен айналысатын мамандардың бірі – Эпстамидәлайтқан: «Жас ақылдыларды ешқайда қабылдамайды, ал неге екенін айта алмайды. Ал спорттағы көркемөнері бар таланттарды жағымды қабылдайды. Адамдарды интеллектуалдар тітіркендіреді. Мүмкін сондықтан мамандардарынды балаларға арналған бағдарлама ашуға асықпайды. Мектеп жасындағы дарынды балалар 3 және 5% құрайды.

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрін жүйелі, орынды ұйымдастыру әр ұстаздың бала жанын дұрыс түсініп, үлкен педагогтік шеберлік көрсеткенінде ғана нәтиже береді. Сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда оқушының белсенділігіне, тапқырлығына, түсіндірілген тапсырманы мұқият орындауы мен жауапкершілігіне, жанындағы жолдастарымен тез тіл табыса білуіне, сөйлеу шеберлігіне, сөздік қорының мөлшеріне баса назар аудару қажеттілігі туындайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *