«Жолың болсын балақай!» сыныптан тыс шара


Боранбаева Акмарал Жумагалиевна
Ақбалшық бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты: Оқушылардың туған тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, сөз құдіретін терең түсінуге, тапқырлыққа, ұшқырлыққа, байқампаздыққа баулу.

 

Көрнекілігі:  Интерактивті тақта., парақшалар.

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі бастауыш сыныптар аралығында өткелі отырған «Жолың болсын балақай» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Алдарыңызда  бүгінгі сайысқа қатысушы: «Сұңқар» мен «Достық» топтары.

Олай болса сайысымызды бастайық. Алдымен сайыс бөлімдеріне тоқталып өтейін.

1.     «Сәлем-сөздің анасы» Таныстыру.  (әр топ өздерін таныстырып өтеді)

2.     Кім тапқыр?  (берілген мақал жалғасын табу)

3.     Кім білгір?   (сұрақтарға  қолдарына берілген әріптер бойынша тез жауап беру)

4.     Кім шапшаң? (жазылған сөзді ыммен көрермендерге жасырып, жауабын алу)

5.     «Өнерлі өрге жүзер»  өнерлерін көрсету.

сайыскерлерімізді әділ бағалар әділқазы алқасымен таныс болыңыздар:

Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші,

Мақтанышы деп мектептің жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Өнерпазға сәттілік тілейікші, – деп сайысымызды бастайық

Армысың айналайын дана халқым,

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Тіл ұшына оралар кездескенде,

«Сәлем-сөздің анасы» деген нақыл,-дегендей  І бөлім «Таныстыру» топтар өздірін таныстырып өтеді.

Шын жүйрік сыналатын кезең келді,

Көрейік тамашалап бәйгені енді,

Болса егер ойы терең, ақылы кең

Саралап ой-өрісін ел көреді, – келесі бөлім «Кім тапқыр?» берілген мақал жалғасын  табу.

Жинаған өн бойына білім кенін,

Тәнтімін, ынтызармын, өрендерім.

Бұл сыннан сүрінбестен өте шыққан,

Жарайсыңдар өнерпаз сайыскерім – келесі ІІІ бөліміміз «Кім білгір?»  сайыскерлерге түрлі әріптер үйлестіріледі. қойылған сұрақтарға сол қолдарындағы әріптен басталатын сөздермен жауап берулері керек.

Сұрақтар:

1.     Атың кім?

2.     Қай қалада тұрасың?

3.     Арманың не?

4.     Сүйікті тағамың?

5.     Сүйікті әншің кім?

 

Жан-жақты болу керек нағыз өрен,

Секілді өткір жүзді бейне ақберен.

Өнерлі білімді де әрі батыл,

Қыр-сырын өнердің білер терең,

Келесі бөлім «Кім шапшаң?»  қағазға жазылған сөздердің бірін суырып, ыммен көрермендерге жасырып жауабын алу керек.

Доп, есік, тарақ, алма, бесік, кітап, қалам, сетіртпе, күн, пышақ,

тіл, ай, жүрек, терезе, қасық, домбыра, көз, жұлдыз, айна,

 

Соңғы бөлім «Өнерлі өрге жүзер»  өз өнерлерін көрсету.

Қорытынды: Балалар олай болса сайысымызды қорытындылайық, кімнің жолы болды екен?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *