“Логикалық есептер”

Искендир Гульмира Алимовна
Ақмола облысы Зеренді ауданы
Баратай негізгі мектебі
Физика және информатика пәні мұғалімі

 “Логикалық есептер” 

Ойынның мақсаты:

  1. Оқушылардың әр пән бойынша міндетті оқу жұмысын толықтыру,бағдарламаға сйкес пәндерді терең меңгертуге мүмкіндік беріп,өз дәрежесінде көрсете білу;
  2. Оқушының ой-өрісін кеңейте отырып,білімділікке,жылдамдылыққа,тапқырлыққа,өз ойын ашып айтуға тәрбиелеу;
  3. Оқушылардың білімдерін сыныптан тыс жұмыстар жүргізу арқылы нығайту.Олардың қызығушылығын,талпынысын дамыту.

 І.Ұйымдастыру кезеңі:

Ойын-толқын,  айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

  1. ——————————————————————————————–
  2. ——————————————————————————————–
  3. ——————————————————————————————–

Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады, – деп бүгінгі ойнымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Апталықтың басында  бөлінген екі топ: «Тапқырлар» мен «Алғырлар»-сәлемдесулері.

1кезең:«Бой сергіту»

Бұл кезеңде әрбір топқа 10 сұрақ оқылады. Дұрыс жауап болса, онда 1-сұрағына 1-ұпай беріледі. Егерде жауап бере алмаса басқа командаларға жауап беруге болады.

1 топқа

  1. Екі қолда қанша саусақ бар, он колда ше?(10, 50)
  2. Заттың үш күйі бар.(иә)
  3. Түйе 10 пұт жүкті 1 сағат бойы көтеріп тұрса, 1000 пұт жүкті қанша уақыт көтеріп тұра алады?,

(1 cағат)

  1. Колонка не үшін?
  2. Желді күні асфальт беті тез кебеді.(иә)
  3. Температураны өлшейтін құрал-динамометр.(жоқ)
  4. 3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3)
  5. Күштің өлшем бірлігі-Паскаль?(жоқ-Ньютон)
  6. 1 т мақта ауыр ма, 1 т темір ауыр ма? (тең)
  7. Монитор не үшін?

2 топқа

  1. Пернетақта не үшін?
  2. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі-Джоуль.(иә)
  3. Бір жанұяның 5 ер баласы, және олардың әрқайсысында қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6)
  4. Табиғаттағы сан алуан өзгерістер – табиғат құбылысы ма? /ия/
  5. 1 т мақта ауыр ма, әлде 1000 кг темір ауыр ма? (тең)
  6. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (үтір)
  7. Массаның өлшем бірлігі-килограмм.(иә)
  8. Егер тырна 1 аяғымен тұрса 3кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг)
  9. Принтер не үшін?
  10. Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?(5)

Новый рисунок (3)физика

 

 3 кезең: «Тіл-өнер»

  1. Бар ма,жоқ па оны білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің

(ауа-воздух-an-air)

  1. Аса қажет өмірде халық үшін

Пайдаланар күн сайын жарық үшін

(ток-ток-energy)

  1. Жоқ өзінде бас та,қас та,мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында

(сызғыш-линейка-a ruler)

  1. Бір-бірімен жарысқан,

Төрт аю бар,арыстан.

Екі қой мен бір түлкі,

Бәрі нешеу кім болды?

(сегіз-восемь-eight)

 

4 кезең: «Сиқырлы әріптер»

Бұл кезеңде екі топқа анаграмма беріледі:

  1. Ринперт-  принтер;

Тақперне-пернетақта;

Сорцеспро-процессор;

  1. Нантдисмикри –дискриминант;

Ллельрапа – параллель

Тдеуең –теңдеу;

  1. Туператемра –температура

Киграммло-килограмм

Монамикадитер-термодинамика

 

5 кезең: «Мақал-мәтелді толықтыр»

«Тапқырлар» тобына:

1…. (екі) жақсы қас болмас,…(екі) жаман дос болмас.

  1. Досыңды (үш) күн сынама,(үш) жыл сына.
  2. Білгенін бір (тоғыз),білмегенің….(99)

4…. (10)рет айтқаннан(1)рет көрсеткен артық.

5.Болар бала …-інде (15) баспын дейді,болмас бала …(25)-інде жаспын  дейді.

«Алғырлар» тобына:

1.Жерді (екі) рет жыртқан,өнімді (екі) есе алады

  1. (1)… күн тұзын татқанға,… (40) күн сәлем

3.Жақсы жігіт (15)-інде жас емес,…(100)-ге келсе де пәс емес.

4.(6-ау) ала болса ауыздағы кетеді,…(4) түгел болса төбедегі кетеді.

5.(6) жыл аш болсаң да атаңның салтын ұмытпа.

 

                                                     6 кезең: Логикалық есептер

1  топқа:

1) Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан 2 есе артық болады. Ол қанша жаста?           (үште)

2) Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км. жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?           (15 км/сағ)

 

2 топқа:

1) 5 адам кездесіп қалып бір – бірімен қол алысып амандасты. Барлығы қол алысу саны қанша?              (10)

2) Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағ. 20 минут ұшады, ал кері 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің?  (екеуі тең)

Қосымша тапсырмалар:

Табиғатта заттар көп. Солардың біреуі туралы. Ол қандай зат?

1.Оны үйкелісті азайту үшін қолдануға болады.

  1. Оны қыздыру,суыту үшін қолдануға болады.
  2. Үлкен адамдардың организмінде 65% бар.

4.Оның үш күйімен біз жиі кездесеміз.           (су)

******************************************************************************

3) “ Екі қарға ”. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне –бірі:
–         Достым, мен сені көріп отырмын, – дейді.Олар бірін – бірі қалай көреді?
(Қарғалар бір-біріне бетпе-бет отырғандықтан, олар бірін – бірі көреді.)

******************************************************************************

 

Математика ,информатика, физика,  болашаққа бастайды

Келешекке білім қуған жастарды

Қадам басып 21-ші ғасырға

Барлық әлем жаңалығын тастайды – дей отырып сөз кезегін әділқазыларға берейік.

 

Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды ойын  “Озық ойлы оқушылар” ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

Leave a Reply

Your email address will not be published.