«Жемістер және көкөністер өндірісінің технологиясы» пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау


 Ахметова Самал Рахметоллаевна
КМҚМ «Красноармейка аграрлық-техникалық колледжі» техникалық пәндердің оқытушысы

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………………………….2

курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті ……………………………………………………………….3

курстық жұмыстың әзірлеме ережелері …………………………………………………………………4

курстық жұмыстың жоспары ……………………………………………………………4

курстық жұмыстың әдістемелік нұсқасы …………………………………………………………..11

 

Ұсынылған әдебиет тізімі

КІРІСПЕ

Әдістемелік нұсқаулар «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» курсы бойынша бақылау жұмысын орындауға арналған.

«Жеміс-көкөніс шаруашылығы» бойынша бақылау жұмысын 1502000 Агрономия мамандығының  3 курс студенттері орындауда. Жеміс-көкөніс шаруашылығы бойынша бақылау жұмысын орындауда «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» оқу құралы қолданылады,  бұл әдістемелік құралда көкөніс және жеміс-жидек дақылдарын өсіріп-өндіру технологиясы бойынша ұсыныстар   беріледі (төменде ғылыми-техникалық ақпарат көздері келтірілген).

Пәнді оқып зерттеуде студент ауылшаруашылық  дәнді дақылдардың ботаникалық жіктелісін және топталуын зерттеп, бастапқы формасы мен Қазақстан жеріндегі географиялық орналасуымен танысу керек.

Бақылау жұмысында студент жеміс –көкөніс шаруашылығын ауылшаруашылығы өндірісінің бір саласы ретіндегі негізгі міндеттерін көрсетеді, зерттелетін жер қыртысының климаттық жағдайларына сипаттама беріп, оның физико-географиялық елге, табиғи аймағына, белдем тармағына, ландшафтық аймағына  қатысын көрсетіп, аймақтың табиғи мүмкіндіктерін сипаттайды және жобаланған егіс айналымын нақты жердің климаттық жағдайларындағы  зерттелетін жеміс-көкөніс шаруашылығын өсірудің технологиялық  әдістері жүйесін өңдейді.

Жеміс-көкөніс шаруашылығы курс бөліміне сәйкес негізгі оқу және арнайы әдебиетті оқығаннан кейін, бақылау жұмысы семестр бойы бөлікпен орындалады. Бақылау жұмысын студент өздігінен орындап, сынаққа дейін қорғайды.

КУРСТЫҚ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жұмыстың мақсаты болып табылады:

–  жеміс-көкөніс шаруашылығы бойынша  студенттердің білімдерін жүйелеу және бекіту, тереңдету;

– жидек және жеміс-көкөніс дақылдары жайлы білім негізінде аймақтың табиғат ерекшеліктеріне ескере отырып, оларды өсіру технологиясын өңдеу;

– студенттерде  әдебиет көздерімен, ақпарат талдауы мен алынған нәтижелермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,

– жеміс-көкөніс шаруашылығын дамыту мен өсуін басқару бойынша кейбір есептер жасау дағдыларын қалыптастыру.

Бақылау жұмысының міндеттеріне жеміс-көкөніс шаруашылығының морфологиялық, биологиялық сипаттарын зерттеу, өнімділігі, халық шарауашылығындағы маңызы, өсіру технологиясы, селекциялық дақылдар сонымен қатар, бұл дақылды өнімдердің сақталуы мен өңделуін зерттеу жатады.

Сол үшін жер өңдеу жүйесінің жеке бөліктерін қолдану тиімділігіне әсер ететін теоретикалық негіз бен технологиялық әдістер білімі қажет, және де ауылшаруашылығы өндірісі үрдісіне енетін агротехникалық шаралар кешені жатады.

КУРСТЫҚ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН  РЕСІМДЕУ

Бақылау жұмысында үлгі бойынша негізгі беті (қосымша), кіріспе (жоспар), жұмыс бойынша тапсырмасы, негізгі мәтін (кестемен, есеппен, суреттерімен), шешімі (не қорытынды) және пайдаланылған әдебиет тізімі болу керек.

Бақылау жұмысы электронды түрде дискте және қағаз бетінде шығарылған болу керек. Барлық беттер мен кестелер нөмірленген, беттердің нөмірі беттің үстіңгі жағында ортада көрсетіледі. Бақылау жұмысының бірінші бетінде тақырыбы, жұмыс авторының аты-жөні, топ нөмірі, курсы, факультеті, сонымен қатар тексеретін оқытушының аты-жөні  көрсетіледі. Бақылау жұмысының бөлімдері реттік нөмермен белгіленуі керек, олар араб сандарымен нүктемен көрсетіледі. Бөлім атаулары тақырып түрінде жазу әріптерімен белгіленеді. Тақырып атауынан кейін соңында нүкте қойылмайды.

Жұмыстың мәтіні орфографиялық және стилистикалық жағынан сауатты болу керек. Жұмыста жалпы қолданыстағы терминдер, қысқартылған сөздер мен белгілер пайдаланады.Әр кестенің реттік нөмірі мен атауы болу керек. Реттік нөмір мен кесте атауынан кейін нүкте қойылмайды. Кестенің атауы нақты,қысқа  және кесте мазмұнын көрсететіндей болу керек.

Суреттер мен кестелердің астында араб санымен нөмір қойылады және тақырып атауы мазмұнын көрсету керек. Әр кесте мен сызба мәтінмен талданады. Оны мәтінде айтылғаннан кейін орналастырады.

Әдебиет тізіміне бақылау жұмысында сілтеме көрсетілген  барлық пайдаланылған жұмыстар кіреді. Әдебиет тізімінде  автордың аты-жөні алфавит тәртібімен көрсетіледі. Кітаптар туралы мәліметте автордың аты-жөні, кітап атауы, баспа орны, шығу жылы («жыл» деген сөзсіз), бет көлемі көрсетілуі керек. Мақала жайлы мәліметте болу керек: серия, шығу жылы, мақала атауы, баспа атауы  (журнал, еңбек, т.б.),баспа нөмірі және бет көлемі. Егер кітап не мақала бірнеше автормен жазылса, олардың аты-жөні еңбекте көрсетілген ретпен жазылады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі, интернет көздері сайтқа сілтемемен көрсетіледі.

Курстық жұмыстың мәтіндердің беттері және оған қосыла берілетін кестелер мен көрнекі кестелер А4 форматында болуы қажет.

Курстық жұмыс  екі бөлімнен құрастырылады: негізгі және қосымша. Курстық жұмыстың негізгі бөлімінің көлемі 25-30 беттен құралады. Курстық жұмыстың қосымша бөлімі аналитикалық кестеден, студент өткізген есепті тексерудің актісінен, мәтіннің негізгі бөлігінің мазмұнын айқындайтын өзге де материалдардан тұрады.

Принтер мен компьютерде басылып терілген есеп-күнделік А4 форматтағы бір интервалды ақ беттің бір ғана бетіне шығарылады. Қалыпты шрифт, 14 кегль, Times New Roman.

Курстық жұмыстың мәтінін келесідей өлшемдерді сақтай отырып басу керек: оң жақ – 10мм, жоғарғы жақ – 20мм, сол жақ – 30мм және төменгі жақ – 20мм.

Ұқыпсыз және толық түзетілмеген бақылау жұмысы тексеріс пен қорғауға қабылданбайды.

Күндізгі  бөлім студенттеріне бақылау жұмысы тапсырмаларын сабақта оқытушы береді (жердің ашық және жабық территориясының әкімшілік аумағы). Сырттай бөлім студенттері өзінің тұрғылықты жерінің климаттық топырақ жағдайларына сипаттама береді, сұрақтарға жауап береді, сұрақ нөмірін  сызба соңында анықтайды. Оның аймағында өсірілетін дәнді-дақылды өңдеу технологиясын дайындайды).

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ЖОСПАРЫ

Кіріспе

1. Жеміс-көкөніс дақылдарының аудан бойынша өсірілуінің топырақ- климаттық жағдайлары.

2. Өсірілетін дақылдың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, маңызы

3. Ашық не жабық топырақта  көкөніс дақылын өсіру технологиясын өңдеу.

3.1. Егіс айналымында орналасуы.

3.2. Тыңайту жүйесі.

3.3. Жерді өңдеу жүйесі.

3.4. тұқым материалын егуге дайындау. Дақылдарды күту.

3.5. Егісті жинау.

3.6. Көкөніс дақылдарын өңдеу мен сақтау.

4. Жидек дақылдарын өсірудің биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері, маңызы.

5. Жидек дақылдарын өсіру технологиясын өңдеу.

5.1. Жерді таңдау және баға беру.

5.2. Жерді ұйымдастыру.

5.2.1. Сұрып түрлерін таңдау.

5.2.2. Бау-бақшаларды жобалау.

5.3. Дақылдарды күту технологиясы

5.3.1.Дақылдарды салу мерзімі мен орналастыру техникасы.

5.3.2. Жерге егу алдында дайындау.

5.3.3. Топырақ құрамының жүйесі.

5.3.4. Топырақты өңдеу.

5.3.5. Құнарландыру жүйесі.

5.4. Дақылды қалыптастыру мен қию.

5.5. Бақшаларды жөндеу мен қайта құру.

5.6. Жеміс-көкөніс дақылдарын жинау, тауарлық өңдеу және сақтау.

6. Зерттелетін нысан жерін көгалдандыру жоспарын құру.

6.1. Көгалдандырылатын нысанның жоспары.

6.2. Өсірілетін жеміс-көкөніс дақылдарының түрлерін ойластыру.

6.3. Территорияға салынатын жеміс-көкөніс дақылдары мен жидектерді  егу сызбасы.

6.4. Белгіленген аймаққа тұқым, көшеттер қажеттігін есептеу.

6.5. Территорияда егіс айналымы, дақылдардың алмасуы, бақшамен алмасуға сәйкес  түрлі топ өсімдіктерін орналастыруды қамтамасыз ету.

7. Қорытынды

8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Кіріспеде заманауи кезеңде жеміс-көкөніс дақылдарының жағдайы және жиын айналымын ұлғайту міндеттері және зерттелетін дақылдың жақын болашақта сапасын жақсарту туралы мәлімет беріледі.

Бұл дақылдардың жидек және көкөніс өсімдіктерінің маңызын, елдің экокомикасы мен адам  өміріндегі рөлін, даму жоспары  мен қолдануын көрсету қажет.

Бірінші бөлімде нақты орналасу жерінің табиғат жағдайларына сипаттама беріледі (аймақ, белдем, ландшафтық жер, аудан, қала). Зерттелетін жердің ауа-райы ерекшелігіне ай сайын, он күн сайын сипаттама беріледі. Ауаның температурасы сипатталады –  орта көпжылдық, абсалюттік минимум, абсалюттік максимум және вегетациялық кезеңде 10°С ден жоғары температура соммасына, аязсыз кезең ұзақтығы, көктемгі (кешкі) және күзгі (ерте) аяздардың басталуы.

Жылдық жауын-шашын көлемін көрсету және құрғақшылық кезеңдері мен шаңды дауылдардың ай және он күндік сайын белгілеу. Жердің мінездемесі беріледі: жер типі, топырақтың  қосымша типі, түйірөлшемдік құрамның топырақ түрлілігі, топырақ разряды (қандай аналық жыныста топырақ дамыды). Топырақтың үстіңгі қабаты құрылымын айта кету қажет, топырақтың үстіңгі қабатында  мезокомбинация мен микрокомбинацияның қайсы көп, мұнда ландшафтық егін шаруашылығы бойынша әдістемелік құралды пайдалану керек.  (Груздева, Груздев, Гераськин, 19б.). егістік жер қабатының тереңдігін, рН, гумустың құрамы, жылжымалы фосфор мен калийді  бағалау және белгілеу қажет.

Екінші бөлімде дақылдардың мәдени ерекшелігі көрсетіледі. Зерттелетін дақылдың дамуы мен өсу ерекшелігі, өсіп-өну фазасы негіздері, оның өнімділігіне әсер ететін егіс құрылымының негізгі элементтері туралы қысқа сипаттама беріледі.  Аудандық сұрыптар мен гибридтердің маңыздылығы сипатталады, ортаның сыртқы жағдайларына дақылдардың талаптары (жылу, ылғалдық, жарық, ауа райы жағдайлары, топырақ, қоректену элементтері). Төменгі  және тиімді температурада тұқымның өсуі және өсімдіктердің өсіп-өнуінің кезеңдері, ыстық пен суыққа төзімділігі, аяздарға төтеп бере алуы, өсіп-өнуге белсенді температураның қажетті соммасы, өсіп-өнудің түрлі фазасындағы су қажеттілігі, сонымен қатар, дақылдардың топырақ жағдайларына экологиялық  талаптары мен даму мен өсудің ерекшелігі көрсетіледі.

Өңделетін дақылдың биологиялық талаптарына сәйкес агроклиматтық, геоморфологиялық, литологиялық және территорияның топырақ жағдайларына  баға беріледі.

Дақылды өсіру технологиясы бөлімінде, студент дақыл ерекшелігін зерттеу нәтижесінде, егістің агрономиялық жағдайын және ұқсас зерттелетін дақылдың агротехникалық өсіру жағдайларын өңдейді.

Егіс айналымында орналастыру.  Бақылау жұмысын орындауда кіріспеде зерттелетін дақылға жалпы баға беріледі, әдебиет көздерін пайдалана отырып, ауыспалы егіс буындарына мысал келтіру. Сонымен қатар, зерттелетін дақылдардың егіс айналымындағы орналасу орнын анықтау және қарапайым егіс айналымын, мәдениайналым, бақша айналым және жақтауайналым құру.

Құнарландыру жүйесі. Оқулық пен анықтама материалдарын қолдана отырып, студент топырақ өнімділігінің тиімділігін есепке ала отырып, жоспарланған астық өнімділігінің тыңайту көлемін есептеу керек. (кесте 1).

Топырақты өңдеу жүйесі

Студент оқулық пен анықтамалық материалды пайдалана отырып, өсірілетін дақылдардың талаптарына сәйкес топырақты өңдеу жүйесіне дайындайды, сонымен қатар жердің ластану деңгейі ескеріледі. Топырақты өңдеу әдістерінің кезеңдері көрсетіледі, оны өткізу мерзімдері, тереңдігі, топырақты өңдеу мақсаты мен міндеттері (кесте 4). Топырақтың жойылуын бол дырмайтын (эрозия) өңдеу жүйесі, оны өткізудегі шығындарды азайтуды қарастыру қажет (4 кесте)

Тұқым материалы мен егуді дайындау

Бұл бөлімде студент зерттелетін тұқым материалына  талаптарын және оларды егуге дайындаудың ілгерінді әдістерін суреттейді. Студент 1000 тұқымның салмағын, сұрпын, тазалығын, өнгіштігін таңдайды, сұрыптың ерекшелігін көрсету керек, тұқымның егу мерзімін, қандай классқа жататынын  анықтап алу қажет. (кесте 5)

Белгілі сұрыптың, не гибридтің тұқымын егуге дайындау шараларында  егу материалының сапасын көтерудегі негізгі әдістерін көрсету керек.

Дақылды зерттеу үшін оптималды мерзімдерге, әдістерге және сеуіп біту нормаларына, тұқымды отырғызу тереңдігіне анықтама беру қажет, тұқымның егілу сапасы және ұсынылатын сұрып (гибрид) ерекшеліктерін есепке ала  отырып, егу әдістерін анықтау өте маңызды.

 

Егіс алқабын күту. Көшеттерді күту әдістерін сипаттау: мерзімі, жерді өңдеу тереңдігі, минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерді қолдану мерзімі мен мөлшері, көшеттерді күту әдістерінің озат әдістерін белгілеу.

Егіс алқабын жинау. Дақылдың пісу ерекшеліктеріне сипаттама беру, мерзімдері мен жинау әдістері. Бұл дақылды жинаудың  басты әдістерін көрсету және егіннен айырылумен күрес.

Аймақты көгалдандыруда  жеміс-жидек дақылдарын орналастыру кестесін құру

а) көгалдандару нысанының жоспарын құруда  аймақта мынаны анықтау керек:

– көгалдандыруға жердің жарамдығы (жер бедері, жер асты суларының деңгейі, топырақтың гранулометрикалық құрамы, топырақтың агрохимиялық бағасы және т.б.);

– жер үсті және жер асты құрылыстары (су жүйесі, электрлік  желілер, кәріз жүйесі, и т.б.);

– ғимарат өлшемдері, құрылыс ғимараттары, жолдар, олардың жабындысы, дуал, учаскеде орналасқан коммуникациялар;

– көгалдандырылатын жер топырағының үстіңгі қабаты және топырақ жағдайы, гүлзар түрі, шөп түрі, т.б.;

– жас көшеттердің орналасуы, түрі, сұрпы және өсімдіктің жағдайы.

б) Учаскенің негізгі жоспарын құрып, өңдеп және нысанды көгалдандыру элементтерін өңдеу. Жоспарда графикалық түрде барлық ғимараттар салынады, аллея, жолдар, шарбақтар, жеміс-көкөніс, жидек дақылдарының орналасуы, топтық және жеке ағаштардың, бұта, гүлбақша, су қоймасы, демалу орны, балалар және спорт алаңдарының орналасуы,т.б.

в) Көгалдандырудың стилі мен композициясын таңдау. Жоспарлауда жиі геометрикалық стиль қолданылады. Бұл жағдайда жолдарды түзу не симметрия түрінде жасайды. Симметрия қадағаланып, ағаштар мен бұталардың қатарлық егу түрі пайдаланылады.  Мұндай композициялар әдетте, салтанаттық және ресми көзқарас қалыптастырады.

Жоспарлаудың тұрақты стилімен салыстырғанда (геометриялық, француздық) нысанның қолданылуы: 0,75-1,5-2,25 м

Көгалдандыру нысандарының түрлі элементтерінің пайыздық қатынастары бар: бақшаға

40-50%(оңтүстікте көбірек), жидек талдарына  – 10-20% (солтүстікте көбірек), гүлзарларға – 8-10%, гүлдік өсімдіктерге – 4-8% және жолдарға – 15-20%.

Көрсетілген элементтерді белгілегеннен кейін ағаштар мен талдарды отырғызу жоспары құрылады.

Жоспарланған алаңның  (табиғи, еркін, ағылшынша) әсем табиғат элемент ерекшеліктерін пайдаланып,  табиғат пейзажына жақын  түрлі ағаштар отырғызып,  ландшафтық стиль  тудырады.

Мұнда өсімдіктерді отырғызуда жиі топтық және жеке түрлерін пайдаланады.

Қызықты серуендеуді ұйымдастыратын  ландшафтық  композициялар демалуға мүмкіндік беретін жайлы жағдай тудырады.  Жоспар нысаның мақсатына жауап беріп, жерінің пайдалану түріне, ғимаратқа жақындау талаптарына сәйкес болу қажет.

Көліктің  жүріп өтуіне арналған жол кеңдігі 2,5 нен 5 м-ге дейін, саябақтағы жаяу жүргінші аллеясы – 3 тен 6 м-ге дейін, тротуар мен жаяу жүргінші жолдары – жердің перифириясы бойынша. Талдар тірі қоршаулар, топтар, жеке көшеттер ретінде қолданылады.

Жемісті ағаштарды және бұта-талдарды бірін-біріне бөгет болмайтындай, ал түрі мен сұрыптары бірін –бірі тозаңдандыруды қамтамасыз ететіндей салу керек. Көгалдандыру жоспарында ағаш пен талдарды отырғызу жиілігін ескеру керек. (7 кесте)

Ағаш пен талдарды орналастыру олардың габитусымен байланысты: крона формасы, биіктігі, жарыққа қатынасы, тозаңдану мүмкіндігі, т.б.

Отырғызу алшақтығын анықтай отырып, ағаш пен талдар биіктігі бойынша 6 классқа бөлінеді: I – ағаш  биіктігінің  20 м жоғарылығы, II –  10-нан  20 м-ге дейін, III –  5-тен  10 м-ге дейін, IV – 2,5 –  5 м, V –  1 – 2,5м, VI –  1 м. биіктігіндегі талдар

Биітігі мен жарыққа қатынасына байланысты отырғызуда келесі қашықтықтар ұсынылады

( 6 кесте).

Ағаштар мен талдарды орналастыруда құрылыс  ғимараттарынан белгілі қашықтықта алыс орналасуы ескерілуі қажет. (7 кесте).

Барлық көрсетілген сұрақтар шешілгеннен кейін шкалада ағаш пен талдардың жеке, топтық, аллейлік, көкөніс, жидек дақылдарының, гүлзарлар, клумбалар, тірі қоршаулар, альпинарий және альпийлік төбешіктер, кіші архитектуралық формалардың отырғызылуы  жоспары орналастырылады. Барлық мәліметтер шартты белгімен, индекспен, т.б. тізімдемеге енгізіледі.  ( 8 кесте).

Жоспарда нөмір, индекс, штрих, бояу және басқа шартты белгілер қайталанбауы  керек.

Қорытынды

Қорытындыда зерттелетін дақылдың өнімділігін ұлғайтатын негізгі ұсыныстарды, сонымен қатар, өсірілетін дақылға энергетикалық және еңбек шығындарын төмендету бойынша шаралар, агроландшафтың қызмет ету тұрақтылығын сақтау бойынша  қысқаша мәлімет беру.

Пайдаланылатын әдебиет тізімі

Жұмыс соңында басында отандық содан шетел авторлары көрсетілген тізімі құрылады.

Негізгі  әдебиет

О-1 Ж-Жетписбай «Технология выращивания плодовых и ягодных культур»

Астана 2009 г

О-2 К.Аяпов «Плодоводство и овощеводство» Астана 2009 г

О-3 Т.Н.Нуркасенов «Селекция и основы семеноводства» Астана 2007 г

О-4 К.Аяпов «Плодоводство» Алматы 2005 г.

О-5 К.Аринов    «Основы агрономии» Алмата 2004 г.

О-6 Г.Рябинина «Защита растений» Астана 2010 г

О-7 А.О.Сагитова «Справочник по защите растений» Алматы 2004 г

О-8 К.Ж.Аяпов  «Плодоводсто и ягодоводство» Алматы 1993 г

О-9 Р.С.Бекжан «Технология возделывания плодовых и ягодных культур» Астана 2003 г

Қосымша әдебиет

Д-1 Технологические карты работ в плодовых питомниках Казахстана Алматы

2007 г.

Д-2 Допущенные к использованию перспективные сорта и гибриды картофеля и овощных культур. Алматы 2004 г.

Д-3 В.И.Лукьянец «Справочник овощевода» Алматы 2000 г.

Д-4 Информационные бюллетени по Казахстану

Д-5 Журнал «Картофель и овощи» Алматы

Д-6 К.Ш.Жанабасов       «Основы агрономии» Астана 2007 г

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *