Ағылшын тілі сабағында АКТ ны қолдану


Сагингалиева Самал Сайкаловна
БҚО,Теректі ауданы, Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Білім беру жүйесіндегі  ең негізгі ерекшелік оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.

Өз тәжірибемде қазіргі заман талабына сай көптеген оқыту стратегиялары мен педагогикалық тәсілдерді  қолданып жүрмін.Солардың бірі АКТ. АКТ пайдаланудың басты мақсаты – оқушылардың материалды толық меңгеруі үшін оқу материалдарының тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру.

Ағылшын тілі сабағында АКТ элементтерін пайдалану:

·Электронды оқулықтар (кітаптар, тест кітапшалары)

·Мультимедиялық проектор

·Интерактивті тақта

·Электронды энциклопедиялар мен анықтамалықтар

·Электронды тренажорлар мен қарым-қатынас құрылғылары

·Интернет желісіндегі ақпаратты білім көздері

·Суретті безендірілген DVD және CD дискілері

·Үнтаспа және аудио жабдықтар

·Интерактивті карта мен интернет атлас

·Интерактивті конференциялар мен сайыстар

·Ғылыми-зерттеу жобалары мен жұмыстары

·Қашықтықтан оқыту бағдарламалары мен курстары

– Теледидар бағдарламалары

– Ұялы телефон

 

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолданудың негізгі мақсаттары: тілді үйренуге деген мотивацияларының артуы, тілдік компетенцияны дамыту, өзге тілдегі мәтіндерді түсіне білу, сондай-ақ ақпаратты байланысқан және дәйектелген күйінде бере білу,  лингвистикалық білім көлемінің артуы,  тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік мәдени құрылымы туралы білімнің   толығуы, ағылшын тілін өз бетімен үйренуге даярлық пен қабілеттілікті дамыту.

Сонымен қатар оқушы да интернеттен  материал ғана іздеп қоймайды, әлемдік байланыс торабына кіруді де үйренеді, электрондық оқулықтармен жұмыс жасайды.   Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдана білу   оқушылардың  үйренген  білімдерін өз беттерінше қолдана білуге, дүниені аз уақытта танып білуге мүмкіндік береді.

Cабақтарымызда оқушылардың қызығушылығын ояту, ынтасын арттыруда бұл құралдарды пайдаланып жүрміз. Өз сабақтарымда

1.Оқулықтарға қосымша шығарылатын аудио материалдар,үн таспалар (дискілер)тыңдау.

2.Фонетикалық жаттығу орындағанда (микрофонмен жұмыс) жасау, оқушының есту, дұрыс сөйлеу қабілетін арттырады. Графикалық диаграмма дыбысталу кезіндегі мүлт кеткен кемшілікті көрсетіп тұрады.

3.Видео роликтер,видео жазбалар- күрделі мәтіндерді түсінуге, сөздік қорды байытуға,сөйлемнің құрылымын дұрыс түсініп,ауыз екі сөйлеу барысында қатесіз қолдануға пайдалы.

4.электрондық оқулықпен жұмыс, бейнефильмдер көрсету,актив тақтамен жұмыс, «bilimland»,интернет желіліерін пайдалану, электронды оқулықтар  т.б АКТ –ды қолданып жұмыстанамын.

 

Оқу үдерісінде АКТ қолдану оқытушының жеке іс-тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. АКТ оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіндіктер береді. Ол оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға жігерлендіреді.

АКТ-ны ағылшын тілі  сабақтарында қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, техникалық құралдармен жұмыстануға, компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға болады. Жас ұрпақты оқытуда осы айтылған инновациялық технологияны пайдалану – сапалы білімнің кепілі, шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби өсуінің тура жолы

Ағылшын тілі сабағында да тиімді әдістер мен жаңа технология құрылымы бойынша ұйымдастырылған сабақтар нәтижесі баланың  ізденімпаздық,зерттеушілік,дәлелдеушілік,шығармашылық қабілеттерінің дамитынына көз жеткіздім.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *