ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Керешова Бибигул  Асылбековна
БҚО,Теректі ауданы, Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі

Қазіргі қоғамда оның дамыған ақпараттық мәдениетімен ақпараттық білім беруді ұйымдастыру аса маңызды болып табылады. Оқу – тәрбие үрдісінде оқушылардың оқу – танымдық белсенділіктері мен оқуға деген көзқарастары, өз дәрежесінде емес. Осы проблеманы жаңа ақпараттық технологияны тиімді пайдалану арқылы шешуге болады. Аудиовизуалды құралдарды қолдану оқу материалының мазмұнын түсінікті, қызықты етеді;

ü Оқу материалдарын түрлі динамикалық суреттермен жан –жақты бірнеше қырынан  түсіндіруге болады;

ü Қарапайым жағдайларда қиындық туғызатын заңдылықтырды көрсетуге болады;

ü Күрделі химиялық эксперименттерді виртуалды лаборатория арқылы көрсетуге болады;

ü Оқушылардың білімін есепке алу мақсатында тез және тиімді жолмен тест алуға болады;

ü Оқушыларға өзіндік жұмыс және анықтамалықпен жұмыс жасауға үйретуге болады;

ü Тұлғаға бағытталған оқыту жүзеге асырылады;

ü Оқушының жеке жас ерекшелігіне сай жағдай жасалады;

ü Ақпараттық мәдениеттің дамуына, жаңа ақпараттық құралдармен жұмыс жасауға ықпал жасалады.

Бағдарламалық өнімдерді пайдалану бірнеше оқыту ұстанымдарын (ғылымилылық, белсенділік, өзіндік, көрнекілік) жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқыту жүйесі мен АКТ қолданылған оқыту жүйесі үлкен айырмашылықты көрсетеді. Басты айырмашылық мұғалімнің рөлі өзгереді, ол бағыт бағдар берушінің функциясын атқарады. Жаңа электронды окулықтарды, виртуалды химиялық лабораторияларды қолдануда интернет, компьютерді білу ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.

Сабақтың бірсарындылығы оқушыны тез шаршатады. Сондықтан қандай да сабақ үстіндегі оқыту мен  іс – әрекет формаларын түрлендіріп отырған жөн.

Оны М.В.Роберттің ақпараттық технологияны пайдаланудың  педагогикалық мақсаттарынан көруге болады:

1.Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу – тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру:

-оқу үрдісінің ықпалы мен сапасын арттыру;

-танымдық қызметтің екпінділігін арттыру;

-пән аралық байланысты тереңдету;

-қажетті ақпараттың көлемін ұлғайту;

2.Оқушы тұлғасын дамыту, жеке  ақпараттық қоғам шартында өмір сүруге даярлау:

-ойлаудың түрлі формаларын дамыту;

-коммуникативті қабілеттерді дамыту;

-күрделі жағдайда оңтайлы шешім немесе шешу нұсқаларын қабылдау дағдыларын қалыптастыру;

-копьютерлік графика, мултимедия технологиясын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбие беру;

-ақпаратты мәдениетті қалыптастыру мәселені немесе жағдайды моделдеу біліктілігін дамыту, ақпаратты өңдей білу;

-эксперименттік – зерттеушілік қызметті іске асыра білуді қалыптастыру.

3.Қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау:

-ақпаратты сауаты бар тұлғаны даярлау;

-компьютерлік орталарды пайдаланушыны даяралу;

-электронды білім беру ресурстарын пайдалану, интернетті пайдалану;

Осы мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттерді орындау қажет:

-оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру;

-оқылатын пәнге қызығушылықты қалыптастыру;

-ойлау әрекетін дамыту;

-оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;

-оқушыларды шығармашылық қабілетке даярлау;

-алған білімін пайдалану біліктіліктерін қалыптастыру және оны өз бетінше іздену арқылы кеңейту;

-коммуникативтік құзыреттілігін дамыту.

Осы міндеттерді іске асыру үшін ақпараттық технология мазмұнының құрылымдарын ескеру керек. Атап айтқанда:

-информатика және есептеуіш техниканың негізгі түсініктерін білу;

-компьютерлік технологияның функционалды мүмкіндіктерін білу;

-қазіргі операциялық жүйелердің және олардың негізгі командаларын білу;

-қазіргі программалық қабықшаларды, жалпы бағытталған операциялық жүйелерді және олардың функцияларын білу;

-программалаудың алгоритмін, тілі мен пакеті туралы алғашқы түсініктерді білу;

-интернет желісі мен электрондық почта қызметін пайдалана білу.

Енді ақпараттандыруды қолдану саласының жіктелуін қарастырайық Қоғамда білім берудің ақпараттандырудың негізгі бағыттары:

-оқушыларды білім, білік, дағдыны, құзыреттілікті меңгеру және дамыту үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;

-қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағыдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту білім сапасын арттыру, дербестендіру, қоғам мүшелерінің ой – өрісінің дамуын деңгейін көтеру.

Ал  педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың  да бірнеше бағыттары бар:

-компьютер – оқушы білімін бағалау  құралы;

-модельдеуде қолданатын зертханалық практикум;

-мультимедия –жаңа материалды түсіндірудегі иллюстрациялық құрал;

-дербес компьютер – білім жетілдіру құралы.

Сабақ өткізу барысында  ақпаратты технологияны оқу процесіне ендіру кезеңдеріне келетін болсақ, ол оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады:

-жаңа материалды түсіндіргенде;

-сабақты бекіткенде;

-қайталауда;

-білімін және іскерлігін, дағдыларын бақылағанда;

-тренажер, диагностика және бағалауда.

Сабақ өткізудің нақты кезеңіне тоқталайық:

Бірінші кезең:

Компьютермен сабақ өткізер алдындағы кезең:

-сабақ жоспарын және мақсатын компьютерлік модельмен құру;

-мақсатқа сай материалдарды жинақтау;

-бастапқы материалдар мен қосымша мәліметтермен қамтамасыз ету;

Екінші кезең:

Компьютерді қолданып сабақ өткізу кезеңі:

–   Уақытты үнемдеу:

–   Материалды қысқаша безендіру

–   Оқытушының эстетикалық, эмоциалық, ғылыми сенімділігін жоғарылату;

–   Маңызды мәселелі сабақтың дейгейін жоғарылату.

–   Кез-келген уақытта таныс материалдарды қайта оралу

–   Өз бетімен оқуға мүмкіндік жасау

–   Проблемалық сабақты тереңдетуге көңіл аудару

Үшінші кезең:

Оқу үрдісінде мұғалімнің қосымша мүмкіндіктерді қолдану кезеңі:

-мұғаліммен бірлесіп жұмыс істеу;

-электрондық материалдарды іріктеу, жаңарту, таңдау;

-жүйелі материалдарға назар аудару;

-білім беру және оқыту себептерін ашу.

Көріп отырғандарыңыздай ақпараттық технологияның басты құралы компьютер болып табылады. Компьютер арқылы:

-компьютерлік бағдарламалары;

-интерактивті тақтаны;

-мультимедиялық технологияларды;

-интернет желісін пайдаланып сабақ өткізе аламыз.

Қазіргі мектептерде сабақ өткізу барысында  жиі қолданып жүрген интерактивті  тақтаға тоқталайық. Интерактивті  тақтамен көрнекілік көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын, интелектуалдық танымын арттыра аламыз және өз білімдерін тақта арқылы сол уақытта тексеруге мүмкіндік береді.

Интерактивті тақта екі бағытта жұмыс атқарады:

1.«Star Bord» бағдарламасы арқылы, яғни керекті құралдар, суреттер, бейне хабарлар, дайындалған құжаттар, карталар, т.б. мүмкіндіктерді пайдалану.

2.Жай тақта ретінде, яғни тақтаның  түр – түсін өзгертіп жазуға мүмкіндік береді. Интерактивті тақтаны пайдаланудың алгоритміне тоқталайық:

-оқу жылындағы күнтізбелік – тақырыптық жоспардағы әр сабақта тақтаны пайдалану арқылы өткізуді алдын – ала шешу;

-сабақтың мақсатын, типін, тапсырмаларды айқындау;

-интерактивті тақта құралдарымен алдын – ала түгелдей тынысып шығу;

-электрондық басылымды жинау.

Сонымен қатар компьютердегі бағдарламаларды қолданып, яғни оны құру арқылы сабақты қызықты өткізуге мүмкіндік бар (1 кесте)

Мультимедиялық оқулықтардың дәстүрлі оқулыққа қарағанда мынадай артықшылықтары бар:

1.мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдану: музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация, графикалық қойылым, бейнеклиптер, слайд және т.б.

2.гиперсілтемелердің тармақталу құрылымы (анықтама, термин, атау,түсіндіру)

3.жүйенің басқару құрылымы – оқытушы өз ойын, көзқарасын, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін көрсетуге мүмкіндік алады.

4.білімді бақылау барысында тез арада нәтиже алу, орындалған жаттығулардың бағалануы.

– Ұйымдастырушылық.  Сабақ барысын тиімді ұйымдастыру.

Сондықтан келешек өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеуге, оқытуға, ақпараттық қоғамда жемісті іс – әрекет нәтижесін алу үшін өз  әрекетін жоспарлауға әскерлік қалыптастыруға, алға қойған мәселелерді шешу үшін ақпаратты іздеуге, ақпараттық моделдерді құрудың ұтымды жолдарын орнатуға, барлық іс – әрекеттерді техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге , сонымен қатар, қазіргі замандағы техникалық құралдарды әр түрлі  іс – әрекеттерде пайдалануға дағдыландыру қажет деп ойлаймыз.

Жаңа сабақты меңгерту кезеңі.Сабақтың мақсаты – оқушыларға өтілетін материал төңірегінде ақпарат беру, оның практикалық бағыттылығын түсіндіру. Тақырып бойынша бақылау мен диагностикалау формаларымен таныстыру. Осының барлығы қызығушылық ахуалын туғызу, білімнің маңызды екенін түсіну үшін жасалады. Тақырыпты слайд түрінде дайындау уақытты үнемдеуге, оқыту үрдісін өзектендіруге материалды құрастыруға, ал анимациялау оқушыларға оңай, тез және жеңіл түсінуге ықпал етеді.

Тәжірибелік сабақ. Мұндай сабақты өткізуде де АКТ – ның рөлі ерекше. Себебі көптеген химиялық реактивтердің жетіспеуіне байланысты кейбір тәжірибелерді көрсету мүмкін емес. Сондықтан бұл тығырықтан шығу үшін виртуалды лабораторияны пайдалануға болады.

Бекіту кезеңі. Көп жағдайда бекіту сұрақ- жауап арқылы жүргізіледі. Берілетін сұрақтарды, танымдық деңгейлік тапсырмаларды слайд түрінде дайындап, орындауына уақыт беріледі.Өзін-өзі тексеру мақсатында келесі слайдта дұрыс жауаптары жазылады.Мұғалімнің де, оқушының да уақыты үнемделеді.

Қайталау сабағы. Мұндай сабақтарда мұғалімге ақпараттың көптігі проблема туғызады. Өйткені тақырып бойынша оқушылардың білімін жүйелеу, толықтыру,кемшіліктерді жою өзіндік шеберліктерді қажет етеді. Осы  тұрғыда мультимедиялық презентация, компьютерлік бағдарламамен құрастырылған тест, оқушы білімін есепке алуда үлкен мүмкіндіктерді ашады.

Оқушы білімін бақылау сабағы. Бақылау жұмыстарының бірнеше нұсқасы оқушыларға интерактивті тақтада ұсынылады. Оқушы қалауы бойынша нұсқаны таңдап, өз бетінше орындайды. Нұсқаның көптігі білімді бақылауда «бағаның» обьективті және шынайы болуына септігін тигізеді.

Білімді  дәстүрлі бақылау мен бағалаудан компьютермен бағалудың артықшылықтары бар:

-бағалаудың обьективтілігі артады;

-оқушы өз қателіктерін көреді;

-баға жұмыстың соңында ғана емес, әр тапсырма немесе сұрақтан кейін де көрсетіледі;

– бағалауға аз уақыт кетеді.

Биология сабағын меңгертуде компьютерлік анимациялардың маңызы зор. Оқушыларға жануарлардың мен өсімдіктердің суреттерін, сызба нұсқаларды көрсетіп қолдануына қолайлы. Биологтардың өмірі мен кызметі жайында компакт-дискілерде кең қамтылған. Рефераттар жазуда оқушылар биологиядан тіршіліктегі барлық организмдер жөнінде энциклопедиялық мәліметтер ала алады. Сонымен қатар оқушылар сабақта видеоматериалдар пайдаланады. Олар оқушыларға заттар және олардың халық шаруашылығында қолдануы туралы мәліметтер алуға көмектеседі. Рефераттар жазу барысында оқушылар өз беттерімен Интернет кеңістігінің материалдарын, электрондық оқулықтарды іздеу арқылы компьютерлік сауаттанады.

Оқушыларға  оқылатын табиғат құбылыстарын  толық және  дәл ақпаратты  бере отырып,  оқу сапасын арттыру.
1)        Оқытудың көркемділігін арттырады,  яғни оқушыларға  қиын да күрделі   материялдарды  көрнекі  түрде  түсіндіруге   қол  жеткізеді.
2)        Оқытудың тиімділігін  жоғарылатады   және  оқу материалын түсіндіру  мүмкіндігін арттырады;
3)        Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық  көзқарастарын  қалыптастыра отырып, олардың білімге  құштарлығын,   табиғи сұранысын қанағаттандырады.
4)        Мұғалімді  техникалық  жұмыстан  босата  отырып,  үнемдеген уақытта  олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
5)         Мұғалім  мен  оқушының  жұмысын  жеңілдетеді.

Интерактивті технологияның   ерекшеліктері:
1) Бормен тақтаға жазған кескінді   экрандағы түрлі –түсті, айқын,  ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды. Тақта мен бордың  көмегімен  әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын, әрі мүмкін  емес. Слайдтарда кемшіліктер мен қателер жіберілсе, тез арада  түзетуге болады. Сабақтың  өнімділігі  артады. Басқа пәндермен пәнаралық байланыс  орнайды.
2) Сабақта  көрнекілікті  қолдану   деңгейі артады.
3) Оқу материалын  беру  логикасына  көп  көңіл аударады, бұл оқушылардың  білім деңгейіне  оң әсерін  тигізеді. Компьютерге  деген  қарым-қатынас өзгереді.
Биология пәнінен сабақ өту барысында  интерактивті  оқыту технологиясын, яғни белсенді «Естігенді мен ұмытпаймын»,  «Істеген ісіме жауап беремін» әдістерін қолдану  оқушыларды іс-әрекеттеріне дұрыс баға беруге  тәрбиелейді. Менің міндетім-сабақта берілген материалдарды  оқушылар толық түсіну үшін, қолайлы жағдай  туғызамын.

Қорыта келгенде сабақта ақпараттық – коммуникациялық оқыту технологиясын қолдану  оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімдердің  сабақ өткізу тәсіліне де байланысты.

ӘДЕБИЕТТЕР

1.     Нечитайлова Е.В. Информационные на уроках химии. //Химия в школе. 2005 – №3 С. 13 -15.

2.     Новые педагогические и информационные технологии обучения. Под ред. Е. Полате. М. – 2005

3.     Құрманәлиев М., Мылтықбаева Л. Ақпараттық – коммуникациялық оқыту технологиясы.//Химик анықтамалағы. 2010 – №1 8 – 15 Б.

4.     Ақынбек С. Сабақтың тиімділігін арттыруда акпараттық технологияның маңызы. //Химия мектепте. 2011-№1. 11 – 13 Б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *