Математиканы оқытуда ақпараттық¬коммуникативтік технологияларды пайдалану

Куаншалиева Гулайым Айдынгалиевна
БҚО, Теректі ауданы, Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі

               Білім саласындағы жаңа көзқарас тұлғаның дамуы мен нәтижеге бағытталған білім беруді көздейді.Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында:

«Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік  мектеп орталықтарын құра отырып,білім берудің онлайн ­жүйелерін белсене дамыту керек болады» деп атап көрсеткен болатын.

Қазіргі заман талабы­оқытудың жаңа технологияларын  меңгеру.Оқытудың жаңа технологияларының бірі­ақпараттық технология.

Ақпараттық технологиямен оқыту білім алушыларды белсенді жағдайда қойып,оның  субьектілігін қалыптастырады  және  шығармашылықты тудырады.Әсіресе,білім сапасын жеткілікті түрде арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолданусыз,заманауи телекоммуникациялық құралдарды пайдаланусыз мүмкін емес. Озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін , яғни ақпараттық­коммуникациялық  технологияларды толықтай меңгерген оқытушы  білім алушының  сапалы білім алуына мүмкіндік жасайтыны анық.Оқу­тәрбие үрдісінде ақпараттық  технологияны пайдалану мұғалімдердің  мүмкіндіктерін кеңейтеді.Олай болса, ақпараттық технологияларды  білім беруде үйлесімді пайдалану өзекті мәселеге айналып отырғаны даусыз.Сондықтан, бүгінгі таңда мұғалімдердің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың  ақпараттық ­коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.

Ақпараттық ­коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі болып саналады.Бүгінде заман талабына сай күнделікті сабаққа компьютер,электрондық оқулық,интерактивті тақта қолдану  оң өзгерістер әкеліп жақсы нәтиже беруде.Білім беру жүйесі электрондық байланыс,ақпарат алмасу,интернет,электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.

Білім және ғылым министрлігі оқытушылардың жаңа технологияны игеруге, шығармашылық ізденуіне үлкен мүмкіндік жасап отыр.

Ақпараттық­коммуникациялық технологиялардың  дамуы білімді бағалау  және пайдалану жүйесінде уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді.Осыған байланысты оқытуда  қолданылатын әдіс ­тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырылуы қажет.Мысал үшін Ұлыбританияда  мұғалім мамандығын таңдап алған  бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ  оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар,себебі олар өмір жағдайларының  барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып,сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады.Негізінен ақпараттық ­коммуникациялық  технология оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді  және олардың қабылдауын ,  түсінуін  жеңілдетуге  мүмкіндік беріп,мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр.Сондықтан да оқыту үдерісінде осы технологияларды ойланып қолдану қажет деп ойлаймын.

Ақпараттық­коммуникациялық технология  ықпалы мұғалімнің пәндік білімінің деңгейіне,педагогикалық ұстанымдарына, оқытудағы тәсілдеріне, сондай­ақ олардың өзіне сенімді болуы және ол құралдарды пайдалану құзырлылығына байланысты.

Бүгінде ақпараттық­технология  бүкіл әлемде көптеген мұғалімдердің күнделікті жұмысына еніп кетті, әсіресе проекторы мен интерактивті тақталары бар техникалық жасақталуы  мықты мектептер пайда болды. Бірақ техникалық құралдардың болу фактісі оқыту мен оқудың техникалық емес құралдарының көмегімен  жетістікке жетуге болатын аспектілер бойынша оқуды жақсартуға және үлгерімді арттыруға кепілдік бере алмайды. Сондықтан ақпараттық­коммуникациялық  технологияны  пайдаланғаннан нәтиже болуы үшін мұғалімдер ақпараттық­коммуникациялық технологияларды есепке ала отырып, өздерінің педагогикалық білімдерін дамытуға тиісті және  мұғалімдердің осы  технологияны пайдаланудағы құзыреттілігі  мен сенімділік деңгейімен үйлесуі керек.

Егер де жаңа технологиялар оқыту мен оқуды жетілдіру үдерісін түрлендіретін болса, онда сабақтарды жоспарлау үдерісінде пәндік білім  мен оқыту технологиялары сабақтасып жатуы  керек. Білікті мұғалім үшін теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз байланыста сабақтасып жататыны белгілі.Ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізген кезде теориялық  және  тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл  оқыту және  оқу үдерістерін жақсартуға  жағдай жасайтын болады.

Ақпараттық коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда пайдаланудың мақсаты­білім алушылардың өз бетінше білім алу үрдісін қалыптастыру.

Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады.Пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығымен компьютерлік негізінде  ауыстыруға болмайды.

Мысалы:аксиома,теорема,оларды дәлелдеулер оқушылардың абстрактылық ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілмен жүруі тиіс.

Тек кейбір тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуде немесе қорытынды қайталау үдерісін ұйымдастыруларда компьютерлік технологияға жүгінуге болады.

Математика сабағында ақпараттық­коммуникациялық

технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

·        Білім алушының өз бетімен жұмысы;

·        Аз уақытта көп білім алып,уақытты үнемдеу;

·        Білім­білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

·        Шығармашылық есептер шығару;

·        Қашықтан білім алу мүмкіндігінің болуы

·        Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

·        Экономикалық тиімділігі

·        Іс ­әрекет,қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

·        Білім алушының ой­өрісін дүниетанымын кеңейте алу мүмкіндігі

Жаңа ақпараттық технология өзіндік артықшылықтарымен ерекшелінеді.

Олар төмендегідей:

·        Жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру:

·        Интернет олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу;

·        Білім сайттарына кіру.

Қазіргі таңда қолға алынып отырған  компьютерлік оқу үрдісіндегі басты бағыт «интерактивтік тақтамен» жұмыс істеу.

Бұл тақтаның  тиімділігі мынада:

·        Тез арада қайтарымды  байланыс болуын қамтамасыз етеді;

·        Қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік береді.

·        Әрбір жеке тұлғаның,білімін,білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге, бағалауға болады;

·        Функциялардың графиктерін түрлендіру тақырыбында оқушыларды қызықтырады.

·        Геометрияда стреометрия фигураларын салуда құрылғылардың тиімділігі

Сонымен әрбір ұстаз оқушыға тиянақты білім беруде ақпараттық  коммуникациялық технологияны тиімді пайдалана алғаны жөн.Ал АКТ

өмір талабына сай туындап отыр.Ақпараттық қоғамның басты талабы­

оқушыларға ақпараттық білім беру,логикалық  құрылымдық  ойлау қабілеттерін  дамыту,ақпараттық қоғамға бейімдеу.Баланы рухани дамытуда, ақпараттық құралдың жақсы жағын тиімді пайдалану,ақпараттың жақсы жетістіктерін бойына сіңіріп,рухани бай тұлға етіп тәрбиелеу ұстаздың міндеті.Білім әлеміндегі оң өзгерістер мен оқушыларға берілетін білім белгілі бір мақсат пен мүддені көздейді.Нәтижеге жету үшін мұғалім талмай ізденіп,

педагогикалық технологияларды тереғ меңгеруі және талапты болуы керек.

Түйін:

«Мектептің жаны­ мұғалім.Мұғалім қандай болса,мектебі һәм сондай болмақшы.Яғни мұғалім білімді болса,білген білімін басқаға үйрете  білетін болса,ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы»

Ахмет  Байтұрсынов.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.