Функционалдық сауаттылық- қазақ тілі сабағында білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары


 Тукенова Дина Бектуровна
 Қарағанды қаласы №101 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтсе, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайда келтіреді.
«Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық –білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, ҚРсы Үкіметінің 2012ж. 25 маусымдағы №832 қаулысымен «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілді. БұлҰлттық жоспар – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары. Жоспарда мақсат, міндеттер нақты қойылған, ағымдағы жағдайды талдау, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері, білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту, оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту, мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту, ата-аналардың қатысуын қамтамасыз ету, қосымша білім беруді дамыту, күтілетін нәтиже қажетті ресурс нақты көрсетілген. Осы ұлттық жоспарды іске асыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жалпы үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда .Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзіреттіліктің сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру деген түсіндірме берілген.

«Қазақ тілі» пәнінде сөйлеу қызметінің барлық түрлерін меңгерген сауатты жазу және оқу дағдылары жетілген, шығармашылық қабілеттері мен тілдесімдік дағдылары дамыған, алған тілдік білімдерін ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеттерінде қолдана білетін жеке тұлға қалыптасып, дамуына ықпал етеді. Оқушылардың өз ана тілі – қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту арқылы тілдің құдіретін, эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы қазақтың ұлттық мәдениетімен туралы білім алады. Тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды өзін тілді иеленуші тілдік тұлға ретінде қалыптасады. Ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады.

Тұлға құзіреттілігін дамыту – ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады.

Мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы. Америка ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит, Чарлз Темпл жасаған «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының оқушы құзіреттілігін дамытуда маңызы зор. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Бұл жобаның тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушы өз ойын еркін жеткізуге, пәнге қызығушылығы оянып, талдау жұмыстарын жүргізе білуге уйренеді. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятқан әдістер арқылы өз ойларын топта, ұжымда талдай бастады.
Ұлттық жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін төмендегідей кешенді жоспар жасалды. Олар: мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық іс-шаралар кешені. Бұл кешен Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту барысында жасалатын іс-шаралардың мақсаттылығын, біртұтастығын және жүйелілігін негізге ала отырып дайындалған.
Жалпы функциональдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Сонымен, функциональдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функциональдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Осыған орай Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төмендегідей негізгі механизімдерін бөліп көрсетеді. Ұлттық жоспардың жоғарыда аталған мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктері (механизмдері) нақтыланып, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады. Олар:

 

• білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
• оқыту нысандары мен әдістері;
• білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
•мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
• мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
• барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
• ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Оның алғашқысы – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Яғни мектеп оқушыларының функциональдық сауаттылығын дамыту жалпы білім беретін орта мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңартудан бастау алуға тиіс. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар: басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті); ақпараттық (өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау); коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау); әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті); тұлғалық ( өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақ өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу); азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі); технологиялық (әр азамат өз мамндығына қарай ақпараттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы).

Қазіргі тәжірибеде қазақ тілі сабағында тестілеу әдісін қолдану тиімді, пайдалы, әрі нақты педагогикалық өлшемнің бірі болып тұр. Тест әдісін қолдану білім сапасын бақылауға, дамытуға, ұйымдастыруға, болжауға, тәрбиелеуге көп көмегін тигізуде. Бұл әдіс арқылы мұғалім артық уақытсыз оқушылардың білім дәрежесін тез тексеруге мүмкіндік алады. Тест әдісін қолдану оқушының білім деңгейін көрсете отырып, мұғалімнің жұмысының нәтижесін де көрсетеді. Оқушылар да өз білім деңгейлерін көре алады, өздеріне – өзі бақылау жасай алады. Ата – аналар да өз балаларының білімін бақылау мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Тестілеудің ерекшеліктері:

1. Оқушы өзін – өзі бақылайды, бағалайды.

2. Сапалық көрсеткіштерде жақсы нәтижеге

жеткізеді.

3. Нәтижесі тікелей белгілі болады.

4. Барлық оқушыға бірдей талап қойылады.

5. Оқушылардың білім дәрежесі әділ бағаланады,

әрі оқытушының өз пікірінше ғана бағалауына жол берілмейді.

6. Оқушылардың білім деңгейін білу үшін оқылған

материал тегіс қамтылады.

Бұл тест түрлерін әр сабақта үнемі ауыстырып қолданып отырса, жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады.

Белсенді оқытуда қысқа әңгіме,ойын түрлері,сөздік

ойыны т.б атауға болады.Өзім беретін 2,5,7-сыныптарда мән беріп оқыту

технологиясы бойынша оқушылардың оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларын

дамытудамын.Көбінесе топтық жұмыс жасап,достық қарым-қатынасты нығайта отырып,ұлттық бірліктің жарасымына жол ашамын.

Өмірлік қолданыста маңызды рөл атқаратын Блум жүйесін

қолданып келемін.Блумның анализ,синтез,бағалау тараулары арқылы кез-келген тақырыпта сұрыптау жасап,пайдалы-пайдасыз жақтарын анықтап,баға бере алатын,жеке көзқарастарын еркін айта алатын жеке тұлғаны дайындау үстіндемін.

Блум жүйесі арқылы оқушылардың алға қойған мақсатына жету жолдарын,өз ойың еркін жеткізе алатын жеткіншек дайындау үстіндемін.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін үлкен абырой, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Қазіргі жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік бейімделу үдерісінде алған білімдерін

пайдалана білуге үйретіп келеміз.

Балаларды жай оқытып қана қоймай, тиянақты оқыту керек, оқырман болуға үйрету керек. Бала бойындағы сауатсыздық, жалқаулық, ұқыпсыздық, немқұрайлылық,  сабаққа, айтылып жатқан сөзге зейін қоймау, берілген тапсырманың мәнісіне мән бермеу сияқты әрекеттердің олардың бойында мектепке келген күннен-ақ басталатынын ғалымдар анықтап отыр. Сондықтан бала мектеп табалдырығынан аттаған күннен  бастап  мұғалім олармен функционалдық  сауаттылықты қолға алып, дамытуы керек. Ал функционалдық сауаттылығының дамымай  қалуы оқушыларымыздың бойынан  күнделікті өмірде көрініс  табуда. Олар  сабаққа жалқау, негізгі ойды түсінбеу сияқты көріністер көрініп қалады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы).
2. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы
27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы.
3. Е.Я. Чернихова.География пәнінің оқу экскурсиялары. Алматы «Мектеп» 1985
5.Қазақ тілінің сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1986. 10 том. – 17 б.
6. Оразахынова Н., Кенжебаева Г. М. – «Оқушылардың функциональдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» ғылыми мақаласы, 2012. – Б. 42-

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *