Вокалдық жеңіл жаттығулар


Райысов Абай Құрманғалиұлы
Жамбыл обл, Т.Рысқұлов ауданы Балалар мен жасөспірімдер орталығының қосымша білім беру мұғалімі

Балаларды ән өнеріне баулуда тәжірибеде қолданылатын арнайы ән жаттығуларыныңалатын орны ерекше. Сабақтың мақсатына сай, өз орнын тауып қолданылған жаттығулар тек дауыс аппаратын ән айтуға дайындап қана қоймай, белгілі бір орындаушылық шеберлікті дамытуға  байланысты дағдыны қалыптастырады.

Вокалдық жаттығулар әнді орындау алдында іске асырылады. Алғашқыорындалатын жаттығу жай екпінде айтылып,оқушылардың сезіміне әсер ететін болуы тиіс. Мысалы, тақтаға гүлдің суреті ілініп мұңалім сұрақ жауап арқылы оның әдемілігін, нәзіктігін анықтап, айтылатын жаттығудың да сондай әсерлі болуы тиісекенін ескерту қажет. Жаттығулардың «Қ» дыбысынан басталуы балалардың дауыс аппаратын жинақтап, дыбысты бірдей айқын, таза шығуына жетелейді. Қатаң «қ» дыбысынан кейінгі орналасқан «а» дауысты дыбысының құлаққа жағымды майда болып шығуына сөз тексінің  мазмұнына лайықты мәнерлі айтуға септігін тигізеді. «Гүл» деген сөзді айтқанда «ү» дыбысының созыла айтылуын қадалаған жөн.  Жаттығуды орындау барысын барынша талдап түсіндіріп жатқанымыз ән айту мәдениетін қалыптастырудың алғашқы кезеңінде  елеусіз ғана көрінетін  осындай дағдыларды меңгеруден басталады.

Шығарманы мәнерлеп нақышына келтіре орындауға дағдыландыратын жаттығудың біріне «Әлди» әуені жатады. Оның баяу да салмақтысипаты шығарманы орындағанда дауыстың қысылмай еркін шығуына жағдай жасайды. Балалар дауысын тәрбиелеп ары қарай дамытуда тиімді нәтиже беріп жүрген халық ән күйлерінен алынған тәжірибиеде.

Вокалдық жаттығулар өзінің мазмұнын, ішкі динамикасы жағынан айқайлап, қатты айтуды қажет етпейді. Балалардың дауысына ыңғайлы жазылған. Мұғалім оның әрқайсысын орындағанда «әдемі», «нәзік», «жұмсақ», «ойлана», «теірене» айтыңдар деген сөздер арқылы белгілі бір мақсат қоып отырады. Орындлатын шығарманың мазмұны тыңдаушыға дұрыс жетуін  үшін  баланың әрбір  дыбысты айқын айта білуінің маңызы зор. Мұғалім дыбыс шығаруға қатысатын ауыз, ерін, тіл, көмекей, төменгі жақ сүйегін (шықшыт) жұмысын өзіде жақсы меңгеріп оны балаларға ұғымды тілде жеткізе білуі тиіс.

Халық шығармаларында кварта квинта интервалдары жиі кездеседі және домбыраның бұрауы да осы квартаға (ре соль) негізделген. Кейбір күйлердің орындалуы квинта бұрауында болады. Музыкада кездесетін аталған дыбыс аралығын балалрдың дауыс ырғағымен дұрыс айта білу үшін «Бала жұбату», «Әлди» деп аталатын шығармалардан үзінділер қолдануға болады.

Бұл әуендер балалардың есту қабілетін дамытуға да септігін тигізеді. Қазіргі кезде жаттығу ретінде балалар әндерінің үйренуге интонациялық, ырғақтық қиындық туғызатын фразалар қолдану іске асырылып жүр. Мұндай әдіс үйрету барысында кездесетін әрүрлі вокалдық техникалық қиындықтарды алдын ала шешуге көмек теседі. Мыслы: А.Еспаевтің «Ортеке» әнінің  23-26 тактілерін бөліп айтуға болады.

Т.Базарбаевтың «Жаңбыр» әнінен «теңселді тал шыбық» деген сөйлемді бөліп айтуға болады. Көбінесе оқушылар «теңсел»  деген сөздегі буындарға түсетін квинто интервалын (ре ля) «фа ля» деп қабылдайды және «ді», «тал» буындарының екі дыбысқа созылатын тұстарыда белгілі бір қиындық туғызады.

Жаттығулардың барлығы негізінен оранғы регистрден басталып, әрі қарай қажет болған жағдайда 9-10 жастағы балалар үшін дисканттарға, альт  дауыстарға өз алдына жеке жеке айтқызылады. Кейбір халық күйлері мен халық композиторларының  шығармаларынан жаттығу ретінде қолданатын фрагменттер де өте тиімді. Домбыраның күмбірлеген майда қоңыр үні балалардың сол дыбысқа еліктеп дауысты жұмсақ мәнерде шығаруына әсер етеді. Халық өзіндік интонациясы мен нақышы оқушылардың өнер саласындағы талғамының қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Әнді хор мен айтуға қойылатын талаптар бір бірімен тығыз байланысты. Демді дұрыс алуға, сөзді анық айтуға, әуенділікті сақтай білуге өз алдына жеке жеке үйрету айтарлықтай қанағаттандырарлық нәтижеге жеткізбейді. Арнайы жаттығуларда бір шама дыбыстарға жеткенімен шығарманы орындағанда ол дағдылар пайдаланыла алмай қалатын жағдайлар болады. Сондықтан қандай жаттығу болмасын оны орындауға кешенді талап қойылу қажет деп білеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *