Мен ғажайыппын! тренинг


Чонтыбаева Сауле
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Өрнек ауылы.Алғабас шағын орталықты орта мектебінің психологы

Тренингтің  мақсаты:  «Мен» бейнесін айқындау,оқушы бойындағы жағымды қасиеттерді ашып,жағымсыз қасиеттерден арылуға жағдай жасау, жеткіншектердің өзін-өзі тануын қалыптастыру, өзіне деген сенімділігін арттыру,өз көңіл-күін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу, ой-қиялын дамыту.

Түрі: психопрофилактикалық  тренинг

Сынып: 7

Көрнекілігі және техникалық құрал жабдықтар: интерактивті тақта, слайдтар,музыкалық жайлы  әуен,тренинг ережесі,маркерлер,нақыл сөздер,ақ парақтар А4,бейджиктер, әйнектер,әртүрлі бояулар,фломастерлер,грек жанғақтар,медальдер «Мен ғажайыппын!» (әр оқушыға)

Тренинг барысы:

Психолог: Балалар,ыңғайлы отырып, бір-біріміздің көзімізге қарап,әдемі жымиып,күлейік.Әрқашан сендердің көңілдерін көтеріңкі болсын.

 

1.«Сиқырлы қобдиша» (оның ішінде домалақ айна болады).Тренингті бастамас бұрын ең бірінші, өз-өзімізді айқындап алайық. Қазір сендер мыны қобдишаны бір-бірінің қолдарына бересіңдер. Осы қобдишаны алған оны ашып, ішіне қарайсыздар. Оның ішінде жан-жақты,ғажайып және қайталанбайтын бейнені көресіңдер.Оған күліп қарауларың керек.

Барлық оқушылар қобдишаға қараған соң, психолог сұрақтар қояды:

-Жан-жақты,ғажайып және қайталанбайтын  бейне кім болып шықты?

– Сендер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сендерге қалай қарады?

2.«Жапон әліппе»   (Слайд көрсетіледі)

А-ка            З-з                П-но            Ц-ми

Б-зу             И-ки             Р-ши           Ч-кэ

В-ру            К-мэ             С-ари          Ш,Щ-хи

Г-жи           Л-та              Т-чи            Ь,Ъ,Ы-зук

Д-тэ            М-рин           У-до            Э-мэй

Е-ку            Н-то              Ф-лу           Ю-фу

Ж-су           О-мо             Х-ри           Я-на

 

Нұсқау:Бейджикке  бұл әліппе бойынша өз атын жазып, бір-біріне тілек айту керек .

Мысалы: Менің есімім  Сауле,ал жапон әліппе бойынша –Арикадотаку

 

 

3.«Ізшіл-зерттегіш» (слайд көрсетіледі)

Сендер  мектепке келгендеріңе  бірнеше жыл  болды.Бүгін   түрлі сұрақтар арқылы  сендердің байқағыштық деңгейін  зерттейміз. Әр сұраққа   негұрлым тез жауап беру қажет.

-Кіреберіс  жерде қанша баспалдақ бар?

-Екінші  қабатта  қанша есік бар?

-Химия кабинетінде қанша парта бар?

-Біздің мектепте қанша сынып бар?

-Мектеп директорының аты-жөні кім?

-Қай сыныпта ең көп оқушы?

-Тәрбие жөніндегі директордың орынбасары қай пәннен сабақ береді?

-Математика пәнінің мұғалімі Халықова Меруерттың  жақсы көретін гүл?

-Кітапханашының аты-жөні?

-Тарих пәнәнің мұғалімі Қасымбекова Гулмираның жақсы көретін түсі?

-Асхана меңгерушінің жақсы көретін тағамы?

-Әлеуметтік педагогтің ең сүйікті жануар?

-Мектепте қанша психолог жұмыс істейді?

-Мұғалімдер бөлмесінде диванның артында қанша тышқан өмір сүреді?

 

4.«Грек жаңғақтар» жаттығу

Өмірде стереотиптер өте маңызды рөл атқарады. Біз әрбір әлеуметтік топты стереотиптік қасиеттеріне үлестіріп жүреміз. Мысалы, барлық жасөспірімдер –қырсық ,тәртіпсіз  немесе барлық қытайлықтар бір-біріне ұқсайды дейміз. Жоғарыда айтқандай, барлық адам қайталанбайтын тұлға. Қазір  мен сендерге  грек жаңғақтарды  бір-бірден  таратып беремін. Сіз берген грек жаңғақты мұқият қарап, оның ерекшеліктірін, белгілерін есте сақтаңдар. Біраз уақыттан кейін грек жаңғақтарды жинап аламын. Сендер өз грек жаңғақты табуларыңыз  керек.

Рефлексия. Бір қап  грек жаңғақтардың ішінде сонша тұлға, индивид бар деп кім ойланыпты. Бірақ та жаңғақтарға жақсылап қараған сайын,олардың бір-біріне еш ұқсамайтындығын байқалады.

Сендер өз жаңғақтарыңызды қандай  белгілерімен анықтадыңыздар?

5.« Ешкім де білмейді…» жаттығу

Қатысушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы мынадай сөздерді айтады: «Сіздердің ешқайсыларыңыз білмейсіздер, менде…қасиет бар екенін»

6.«Күлкі» жаттығу(релаксация)

Күн сайын өзіңе бірнеше минут уақыт тауып көзіңді жұмып,ештеңе ойламауға тырысыңдар. Осы уақыт ішінде жүзіңізде күлкі болуы маңызды. Егер оны 10-15 минут ұстай алсаңыз, сіз

өзіңіздің    қалғаныңызды сезінесіз, көңіл-күйіңіз көтеріледі.Күліп отырғаныңызда сіздің  беттеріңізде қимыл пайда болады.Ол сіздің нерв жүйелеріңізге жақсы әсер етеді.

 

7.«Хор» жаттығу

«Аппақ-аппақ,жапалақтап…» өлеңін

-Африкалық аборигендер

-Индиялық иогтар

-Таулық кавказдар

-Чукоткалық бұғы өсірушілер

-Апачи тайпасының үндістері

-Ағылшын джентельмендері        сияқты  айтады.

 

8.«Ыстық орындық» жаттығу

Психолог: Қазір әрқайсың өздеріңнің сыныптастарыңның  ой-пікірі сенің өзіңнің ой-пікіріңмен сәйкес келетіндігін тексеруге болады.

Оқушылар кезекпен ортадағы тұрған орындыққа отырады,ал басқалар бұл оқушы туралы  жақсы  пікірлерін,қасиеттер, мінезі туралы айтады.

9.«Жағымды және жағымсыз қапшықтары» жаттығу

Психолог оқушыларға  «Жағымды» және «Жағымсыз» қапшықтарына өз ойларын, армандарын, келіспеушіліктерін, пікірлерін  ақ параққа жазып, салуды ұсынады. Содан кейін «Жағымсыз» қапшығын салтанатты  түрде қол шапалақтаумен жойылады, ал «Жағымды» қапшығын көрнекті жерге қойылады.

Сұрақтар:  Қандай әсер алдыңыз?

10.«Табақ» жаттығу

Барлық қатысушылар  тығыз дөңгелек жасап отырады. Жәй әуен ойнатылады.Психолог терең табаққа су құяды да айтады: су-бейбітшілік, жақсылық пен сүйіспеншіліктің белгісі.Бәріміз көзімізді жұмып,үнсіз табақты бір-бірімізге бір бағытпен беріп шығамыз.  Жаттығу аяқталған соң

Сұрақтар: Қандай қиындықты өткердіңдер?

11.«Сен ғажайыпсін!» марапаттау сәті

Психолог: Біз әртүрлі адамдарды кездестіреміз.Олардың ішінде кейбіреуі бізге ұқсайды, кейбіреуі ерекше болып көрінеді.Бірақ біз әрқайсысымыз ғажайып қайталанбас тұлға.Бүгінгі тренингтің аяғында мен сендерге «Сен ғажайыпсін!» медальдарды ұсынып отырмын. Сендер жеке тұлға екенін, ғажайып адам екенін ешкашанда ұмытпаңыздар.

12.Рефлексия

Тренинг барысында мен нені ұқтым?

Мен үшін қажетті болғаны?

Маған ұнады

Маған ұнаған жоқ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *