Отбасым (ашық сабық)


Бекназарова Гүлсим
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Өрнек ауылы.Алғабас шағын орталықты орта мектебінің өзін –өзі тану пәнің мұғалімі

Құндылығы:  Сүйіспеншілік

Қасиеті: мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдылық,шыдамдылық

Мұғалім: Бекназарова Гүлсім

Өткізу  формасы:  Сыныптан  тыс  жұмыс (ата-аналармен жұмыс)

Сыныбы : 10

 

Сабақтың  мақсаты: Отбасында  рухани-адамгершілік  тәрбиесінің  болуы,ата-аналар

мен  балалары  арасындағы  жақсы, жағымды  қарым-қатынас  қалыптастыру

Міндеттері:

-Отбасы  құндылықтары  туралы  түсініктерді, ұғымдарды  кеңейту, отбасын  сүюге

отбасы  игілігі  үшін  талмай  еңбек  етуге  үйрету

-Жеке  тұлға  қалыптастыруда  ата-аналардың  жауапкершілігін  дамыту

-Ата –ана  мен  бала  арасындағы  қарым-қатынасты  қалыптастыру, бірлікке,

сүйіспеншілікке  тәрбиелеу.

Ресурстар: слайдтар, қима  гүлдер мен  жүрекшелер ,жаднамалар

Жоспары:

1.Тыныштық  сәті : Нұрға  бөлену

2.Кіріспе . Мұғалімнің  сөзі

3.Дәйексөз

4.Бейнеролик  көрсетілуі: «Бұл  не?»

5.Әңгімелесу: Р. Ақдемірдің  «Ана  махаббаты»

6.Топпен  ән айту: Ш. Қалдаяқовтың «Анаға  жыр» әні

7.Сахналық  көрініс

8.Ой- толғау: «Сіз  өз ата-анаңызді  білесіз  бе?»

9.Бейнеролик  көрсетілуі: «Ата-анаң  сізді  жақсы  көреді»

10.Оқушылар  сыйы : Мәнерлеп  оқу

11.Қоратында : жаднамалар  тарату, «Алтын  алма»  тілектер  жазу

 

Тыныштық  сәті:

Баяу  музыка  қойылады. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. «Нұрға  бөлену»

Мұғалімнің  сөзі:

–      Құрметті  ата-аналар  мен  оқушылар ,Сіздерді  көргеніме өте  қуаныштымын, Әрине, біздің  бүгінгі  бас  қосуымызда тақырыпты  көріп  отырсыздар отбасы  жайлы  әңгімелейміз. « Отбасы»  деген  сөзді  естігенде, ойланбастан  көз  алдымызға өз  отбасыларымыз, жақындарымыз, жанашырларымыз есімізге  түседі.

Отбасы-  адам  тербеткен  ұя  болса, баланың  бас  ұстазы – ата-ана  болып  табылады. «Ұяда  не  көрсең, ұшқанда  соны  ілерсің» -деген  ата-бабаларымыздан  қалған  асыл  сөздің сырын  ұғатын  болсақ, бала  әкеден  ақыл, анадам  мейірім  алады.

Отбасы  адамға  бақыт, толық  мәнді  тыныс –тіршілік  әкеледі. «Үйлену  оңай- ұй  болу  қиын » – дейді  халық  мақалы. Отбасының  іргетасы  ер  азамат  пен  әйел  адамның  ақ  неке  қиып, отау  тігуінен  құралады. Отбасының  бсты  қазығы, алтын  діңгегі-Бала. Баланың  тәрбиелі , жан-жақты  болып  тәрбиеленуіне,өсуіне  берекелі, өнегелі, ынтымақты  отбасының  ықпалы  мол. Отбасы  ата  мен  баланың, басқа  да  отбасы  мүшелерінің  жылы  қарым-қатынасынан  құрылады. Отбасы  берекелі, тату  болуы  үшін  сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдылық  қасиеттер  әр  адамның  жүрегінен  оран  алуы  керек. Отбасын  құрғанда  адам  өмірге  ұрпақ  әкеліп  қана  қоймай, сонамен  бірге  оған  жалпа  адамзаматтық  және  ұлттық  құндылықтарды  жас  ұрпақтарымыздың  бойына  сіңіртеді. Балалар  өздерін  қоршаған артаға  және  қоғамға  пайдалы  етіп  өсіру  – ата-ананың  ең  маңазды  міндеттері . «Отан- отбасынын  бастау  алады»-дейді  халқымыз. Елдің, ұлттың. жалпыадамзаттық  болашағы, даму  деңгейі  осы отбасынан  басталады .

Ата-анаға  баладан  жақын  ешкім  жоқ , сондақтан  кез-келген  ата-ана  өз  баласының  білімді, әдепті,ақылды  болуын  армандайды,

Азамат- дегеніміз  жеке  адам  баласының  ой  жетілуінің  ең  жоғарғы  сатысы.Ал  қарапайым  нәрседен  туған  әкеңе  қарап  сыйлаудың, анаңның  алғашқы  әлдиі – отбасынан  бастау алады.             Ал, балалар  мен  сіздерге  мынадай  сұрақтар  қойғым  келіп  тұр:

1.      Отбасы  дегенді  қалай  түсінесіз?

2.      Сіз  отбасында  кімсіз?

3.      Отбасы  мүшелері  бір-біріне  қандай  қарым-қатынаста  болуы  керек.

4.      Отбасында  сіздер  қандый  жағымды   сөздер  айтасыздар?

 

Дәйексөз:

«Жер  бетіндегі  жақсылық, ізгілік, қайырымдылық,  атаулының  бәрі  де  ананың  ақ  сүтінен  тарайды »   Н.Ә.Назарбаев.

1.Ана  өз  баласына  не  үйретеді?

2.Сен  анаңды  қандай  бейнеге  ұқсатар  едің?

3.Анадан  сүйіспеншілікті ,ізгілікті  қалай  қабылдар  едіңіз?

 

Бейнеролик  көрсетіледі: «Бұл  не?»

1.Көрсетілімнен  қандай  сезімде  болдыңыз?

2.Балаға  қандай  қасиет  жетпейді?

3.Өз  қателігін  түзеді  ме?

 

Әңгімелеу:

Р.Ақдемірдің «Ана  махаббаты»  атты  әңгімесінің  қысқаша  мазмұны айтылады .

Талдау  сұрақтары:

1.Балалары  анасына  өз  махаббаттарын  қалай  білдірді?

2. Әңгімеде  ананың  үлкен  жүректі  екені  сезіле  ме?

3.Сіздің  отбасыңызда  осындай  түсіністік  бар  ма?

 

Оқушылар  мен  ата-аналар  бірігіп  Ш.Қалдаяқовтын  «Анаға жыр»  әнін  орындайды.

 

Сахналық  көрініс:

Оқушыларға  сандықшамен  тапсырмалар  таратылады. Олар  өз  ата-аналарымен  бірге  шығып  берілген  тапсырма  бойынша  сахналық  қойылым  қояды.

– Отбасының  саяхатқа  шығуы

– Отбасының  қонақ  күтуге  дайындығы

– Үлкен  баласы  көшеден  таяқ  жеп  келеді…

– Әжемізді  ауруханаға  жатқызу  керек, оның  заттарын  дайындау

Ой-толғау:  «Сіз  өз  ата-анаңызды  танисыз  ба?»

Оқушыларға  сұрақтар қойылады:

1.Ата-анаңыздың  сүйіп  жасайтын  жұмысы?

2.Олардың  туалған  күні?

3.Үйде  ыдыстарды  кім  жуады?

4.Таңертең  сізді  кім  оятады?

5.Кешкісін  көшеге  серуенге  достарыңмен  шағарда  кімнен  сұранасыз?

6.Сізге  киімді  таңдауға  кім  көмектеседі?

7.Ата-анаңның  киген  киімдері  Сізге  ұнайды  ма?

8.Сіз  өз  ойыңызды, сырыңызды  кімге  айтасыз?

9.Сіздің  араласатын  достарыңыз  ата-аналарыңызға  ұнай  ма?

10. Отбасыңыздағы  заңдар  Сізге  ұнай  ма,әлде  өзгерткіңіз  келе  ме?

Оқушылар  шынайы  жауап  береді.

Ата-аналарға  арнап  бейнеролик  көрсету: «Ата-анаң  сені  жақсы  көреді»

1.Қай  баланың  іс-әрекеті  дұрыс  деп  ойлайсыз?

2.Сіз  балаңызды  осылай  тәрбиелейсіз  бе?

 

Ата – аналар  бейнеролик  көріп  жатқан  уақытында  оқушыларға  қағаздар  таратылып, берілген  құндылықтарды   ұғындырып  жазу  тапсырмасы  беріледі:

–      Отбасымдағы  ең  сыйлы  ………………………………………………………………………….

–      Отбасымдағы ең  қымбат  …………………………………………………………………………..

–      Отбасымдағы  ең ақылды …………………………………………………………………………..

–      Отбасымдағы ең  сүйкімді  …………………………………………………………………………….

–      Отбасымдағы  ең құрметті  …………………………………………………………………………….

–      Отбасыма  ең  қажетті  ……………………………………………………………………………………..

 

Оқушылар  сыйы:  ата-аналар  түралы  жыр  шумақтарын   мәнерлеп  оқу

Қойшиев Мият –Т.Айбергеновтың  «Перзент  жыры»

Қанатқызы  Элионора – Т.Айбергеновтың  «Жалғыз  қауырсын»

Жарылқасын  Айдана –Ы.Алтынсаринның  «Ананың  сүюі»

Перзент  жыры

Т.Айбергенов

Сен  менің  мәңгілікке  өлмес  атым,

Атымды  ап  алыс  жылға  жалғасатын.

Әкеде  өсиет  бар  өмір  жайлы,

Балада қасиет  бар  алға  асатын.

Сен  менің  ұшар  басым  биіктеген,

Жолыңа  тапқанымды  үйіп- төгем.

Сен  менің  дүрсілдеген  жүрегімсің,

Қай  нәрсе  сол  жүректен  сүйікті  екен?

Сен  мені  өскен  сайын  ойландырып,

Заңдарын  табиғаттың ойға  алдырып,

Бір  қадам  басқан  сайын  өзің  әкем

Барасың  шежіреге  айналдырып…

 

Жалғыз  қауырсын

Т.Айбергенов

О, адамдар- перзенті  ұлылықтың,

Ұлылықтың  көзінен  тілін  ұқтым.

Өздеріңнен  көп  көрдім  мен  ізгілік

Көкірегімді  тербеген  теңіз  қылып.

Лапылдатып  жанымның  өр  талабын,

Оттан  ыстық  сендердің  орталарың,

Алыс  жүрсем  сағынып , хат  алыстым,

Жақын  жүрсем, қасыңнан  қатар  ұштым.

Көкірегімді  толтырып  ән-күйменен,

О, аяулы  аналар  әлдилеген,

Аталы  сөз  аузынан  ақтарылған,

Бабаларым  , шашында  ақ  қары  бар,

Ағаларым, арманды  алға  астырған,

Інілерім, жолымды  жалғастырған,

Әкпелерім, жүрекке  сезім  берген,

Әкелерім, әкемнің  көзін  көрген,

Ормандарым, гүл  жапқан  атырабын,

Мен  сендердің  жалғыз  тал  жапырағың.

Мен  сендердің  жалғыз  тал  қауырсының

Көп  тағдырдың  көтерген  ауыр  сынын.

Бақытым  боп  мәңгілік  елестеңдер,

Адам  еткен  өздерің  емес  пе  еңдер.

Сендер  еткен  жақсылық  аз  ба  маған,

Бар  ма  сырың жүректен  қозғалмаған.

Сендер  берген  шаттық  бар  келбетімде

Түгел  шашсам, жететін  жер  бетіне.

Түгел  шашсам, әлемді  бақытты  етер,

Соның  үшін төгем  мен  уақытқа  тер.

Үлкен  болдым  күй  толы  көкірегі,

Ықыластардың  тербейді  оты  мені.

Мен  сендердің  жалғыз  тал  қауырсының

Көп  тағдырдың  көтерген  ауыр  сынын,

Рақмет,адамдар, жасарыңдар,

Бауырың  ем, жүрек  қып  жасадыңдар!

 

Ананың  сүюі

Ы. Алтынсарин

Кім  сендерді  балалар  сүйетұғын,

Қуанышыңа  қуанып , қайғыңа  күйетұғын.

Түн  ұйқысын  төрт  бөліп, кірпіқ  қақпай,

Шешең  байғұс  дамылсыз  жүретұғын.

Кім  сендерді, балалар  тербететін

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау  болсаң, балалар, жаман  болсаң,

Қамқор  анаң  көз  жасын  көлдететін

Кім  сендерді  сағынар  шетке  кетсең,

Ғылым  іздеп, тез  қайтпай, көпке кетсең,

Ұмытпа , ең  кемінде  жұлдыз  сайын,

Хат  жазып  тұр, төбесі  көкке  жетсін

Кім  сағынар  сендерді  келгеніңше,

Құлындарын  көзімен  көргенінше?

Сендер  қайтып  келгенде  адам  болып,

Еш  арманым  болмас  дер  өле-өлгенше

Қорытынды:

Ата-аналар  мен  оқушылар  ең  жақсы  көретін  отбасы  мүшелеріне  арнап  жылы  тілектер  жазып  «Алма  ағашына»  іледі.

Ата-аналарға  арнап  жаднама  тарату:

Ұяда  не  көрсең, ұшқанда  соны  ілерсің

-Егер  баланы  міней  берсең, ол  сынауды, кінә  тағуды  үйренеді;

-Егер  баланы  кемсіте  берсең, қысылып  ұялуды  үйренеді;

-Егер  бала  дүлдараз  ортада  өссе, бұзақылықты  үйренеді;

-Егер  баланы  үнемі  ұялта  берсең, ол  үнемі  өзін  кінәлі  сезінетін  болады;

-Егер  бала  ақ  пейілді  ортада  өссе, сабырлы  болуды  үйренеді;

-Егер  баланы  қолдай  жүрсең, өзіне  сенімді  болуды  үйренеді;

-Егер  баланы  дәріптей  жүрсең, ол  алғыс  білдіруді  үйренеді;

-Егер  бала  өз  пікіріне  құрмет  көрсететілгенін  білсе, әділетті  болуды  үйренеді;

-Егер  балаға  сеніммен  қарасаң, адамға  сенімі  молая  түседі;

-Егер  баланы  мақұлдап, жасағанына  оң  баға  беріп  тәрбиелесең, өзін  сүйіп  өседі;

-Егер  бала  отбасы  ішінде  қолдау  мен  достық  көрсе, өмірде  бақытты  болады.

Біз  қандай  болсақ, балаларымыз  да  сондай  болады.

–      Құрметті  ата-аналар!   Бүгінгі  бас  қосуымызда  айтылған  ой-пікірлер, кеңестер, көрсетілген  бейнероликтер  алдағы  уақытта  бала  тәрбиесінде  өз  пайдасын  әкеледі  деп  сенемін.Осы  рухани-адамгаршілік  тәрбиесінде  алдымен  баланы  тек  жақсылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, риясыз  сүйіспеншілікке,ізгілікке  тартып, соларды  мақсат  тұтса, ұстаздардың  да, ата-аналардың  да  болашығы  зор  болмақ. «Мен  үш  қасиетімді  мақтан  тұтам,- депті  Ақан  сері- Олар: жалған  айтпадым, жақсылықты  сатпадым, һәм  ешкімнен  ештеңені  қызғанбадым ».   «Еліміздің  күші –патшада, сәбидің  күші- жылауында» – демекші, біздің  күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз балаларымызда  болуы  керек. Ол  үшін  Ақан  серінің  үш  қасиетін  бала  бойына  дарыта  білсек –ұлы  жеңіс  болары  анық!

Бүгінгі  бас  қосуымызға  қытысқандырыңыз үшін  үлкен  РАҚМЕТ!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *