«Анамның күлкісі»


 Ғалы Әлімхан Жалғасұлы
Қарағанды қаласы, №59 ЖББО мектебінің 3 “А” сынып оқушысы
Жетекші: бастауыш сынып мұғалімі Мукажанова Жанар Кауазовна

Кейбір адамдар барлық адамдарға мейірлене жымиып қарайды, ал кейбіреулер тек өзінің достарына және жақындарына күлімсереп қарайды. Өзімізге жақын адам күлімсіреп қарағанда біз де оған мәз болып күлімсіреп қараймыз. Ең кереметі  – ол ана мен баланың күлгені. Ең бастысы бізге аналардың күлкісі аса маңызды. Өйткені, бала бәрін түсінеді және сезеді. Балаға тек ананың күлкісі емес, барлық үлкен кісілердің жымиғаны да қажетті. Бастауыш сынып оқушысы ретінде айтарым, мұғалімдер балаларға жымиып қарағаны дұрыс деп есептеймін. Сонда ғана мұғалім балаларды өзіне баурап ала алады.

Мен анамның әрқашан күлгенін тілеймін. Егер анам күлсе, мен де күлем, мен күлсем, дүние күлер деп ойлаймын.

Аналар әрқашан күлсе екен, қуанса екен деген ойдамын. Өйткені, дүниенің бастауы анадан. Анамыз болмаса, балалар болмас еді.

Барлық аналар әрқашан күлсе екен деп тілеймін. Қоғамда тек жақсылық пен қуаныш болса, соғыс атаулы болмаса, тек бейбітшілік болса, адамдардың барлығы бір-біріне мейірлене күлсе, керемет емес пе?

«Күлкі өмірді ұзартады» дегенді естігенім бар, сондықтан да бір-бірімізге күлкі сыйлауға аянбайық! Тек қана күлімдеп бақытты өмір кешейікші, тек айтарым осы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *