Шебер сынып Тақырыбы: “АКТ технологиясын пайдалана отырып, студенттердің білімдерін бақылау әдісі”


Акимиязова Ажаркан Нургалиевна
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы МКҚК «Қарақия кәсіптік колледжі» мұғалімі

Тақырыбы: “АКТ технологиясын пайдалана отырып, студенттердің білімдерін бақылау әдісі”

Мақсаты: Шебер сыныпта студенттердің білімін тексеруде оқытушылардың сабақты түрлендіріп, қызықты өткізуде тиімді тәсілдерінің бірі  CROSSWORDS _ FORGE бағдарламасы туралы тәжірибе алмасу.

Crosswords _ Forge- жеке кроссвордтарды құрастыруға арналған тиімді бағдарлама. Кроссвордты құрастыру үшін сізге сұрақтар мен жауаптар қатарын ғана дайындау қажет. Ал қалған жұмысты бағдарлама автоматты түрде атқарады.

Бағдарлама арқылы өздерінің қалаған түсті, шрифтіні, мәтін өлшемін таңдауға болады. Сондай – ақ кроссвордтың фонына кез – келген бейнені, суретті қолдануға мүмкіндігі бар.

Бұл бағдарлама тігінен, көлденеңінен құрастырылатын қарапайым кроссвордтан басқа жұмбақ сөздер де жасай алады.

Шебер сыныпқа қатысқан жас мамандар бұл бағдарламаға қызығушылықтарын танытып, өз тәжірибелерінде қолданысқа енгізуге өте тиімді әдіс деп бағалады.

Crosswords _ Forge – бағдарламасында кроссворд құру этаптары:

*Кроссворд  құру үшін Crosswords _ Forge – бағдарламасын қолданамыз

*Бағдарламаны қондыру үшін Crosswords _ Forge папкасына кіреміз

*Install – Crasswords _ Forge.exe  файлын  2 рет шертеміз

*Next–батырмасын басу

*Next-батырмасын басу

*Next батырмасын басу

*Next батырмасы тағы да басу керек

*Іnstall батырмасын шерту керек

*Finish-программа қондырылған кезде бізден кілт сұрайды

*Бағдарламаны іске қосу үшін: Пуск – Все программы – Crosswords _ Forge – Crosswords _ Forge

*Ашылған терезеден кілтті енгізу үшін: Unlock – батырмасын басамыз

*Name деген жерге  TSRh тереміз,  lisence деген жерге S44JJJHHC4 тереміз. *Unlock-ты басып іске қосамыз. Ашылған программаны жауып қайта ашамыз.

*Ашылған бағдарламадан кроссвордтың  тақырыбын жазу үшін оң жақтағы Title  батырмасын басам

*Primari – дің ішіне кроссворд тақырыбын жазамыз

*Sekondary деген жерге тақырыпшылар жазамыз.(Мысалыжарты жылдық қорытынды)

*Clue  –  деген жерге сұрағымызды жазамыз

 

*Мысалы, бұл терезеде Ақпарат енгізетін құрылғы? – деген сұрақ жазылып тұр

*Answer – деген жерге сол сұрақтың жауабын жазамыз. Мысалы, пернетақта

*Келесі сұрақтарды жазу үшін Next – батырмасын басамыз

*Кроссвордты  ұқсас әріптер бойынша құрастыру үшін Make Puzzle батырмасын  басамыз.

*Make Puzzle батырмасы арқылы кроссвордтың түрлерін өзгерте аламыз, қажетімізді таңдаймыз

*Кроссвордтқа  фон беру  үшін Backdrop менюіне кіріп Backdrop Border Color сөзін шертеміз.Ашылған терезеден керекті түсті таңдап, ОК батырмасын шертеміз

*Егерде сурет қойғымыз келсе Backdrop менюіндегі Pikture Backdrop- параметріне галочка қоямыз, ашылған терезеден қажетті суретімізді таңдап, *ОК батырмасын басамыз.

*Көлденеңінен және тігінен деген сөзді жазу үшін: Advanced менюіне кіріп

Language – ден тілдерді таңдаймыз. Costomize – таңдаймыз.

*Жаңа тіл қосу үшін ашылған терезеден плюс (+) батырмасын басамыз

*Төмендегі New Language сөзін кетіреміз

*New Language – сөзі шығады, сол жерге New Language сөзін кетіріп «Қазақша» деп жазамыз.

*Across – көлденеңінен, Down – тігінен  деп енгіземіз. ОК – батырмасын басу керек

*Жұмбақ сөз құрастыру үшін Puzzle – Word Search  командасын орындаймыз

*Егер кроссвордқа, жұмбақ сөзге өзгертулер енгізу қажет етсе, онда File – Save as…командалары арқылы файлға атау беріп сақтап қоямыз.

*Егер кроссвордқа, жұмбақ сөзге өзгертулер енгізу қажет етпесе, онда Export батырмасын басамыз, ашылған терезеден Web – ті таңдаймыз

*Position Clues On батырмасы арқылы кроссвордтың орналасу бағытын таңдаймыз.

*Enable Hint Menu параметрінде белгі тұрса, онда қолданушы кроссвордтағы сөздерді алдын-ала білуге рұқсат алады.

*Enable  Check Menu параметрі  арқылы қолданушы жауаптардың дұрыс-бұрысын тексере алады

*Page Color  параметрі арқылы жалпы кроссвордтыңтүсін өзгерте аламыз

*Export батырмасын басамыз

*Жалпы бағдарлама сіз берген тақырып бойынша жұмысүстеліне сақтайды

*Дайын кроссвордты ашу үшін қапшыққа кіреміз де, index файлын ашамыз.

Тәжірибелік жұмыс: әр жас маман өз пәндеріне байланысты кроссворд құру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *