Оқушылардың танымдық мотивациясын арттыруда вариативті сабақтар мен факультатив курстарының рөлі


Какимова Гаухар Дубековна

ШҚО,Семей қаласы. «№39ЖОББМ» бастауыш сынып мұғалімі

Сөз өнері.

Оқушының білімін арттыру, танымдық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында оқушыларға «Сөз өнері» таңдаулы сабағы құралды. Бұл сабақ

тіл дамытудың ең негізгі жұмысының бірі болып табылады. Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол-сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу,   көрнекілік, аударма, кітаппен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері. Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, видео касеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтар мен сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығатынына сенеміз.                                                                                                                                      Бұл сабақтың балалар үшін тәрбиелік маңызы өте зор.Бұл курс аптасына 1 рет, жылына 34 сағат өткізіледі.Баға қойлмайды.

Курстың мақсатты:

– Оқушылардың сөздік қорын дамытуға арналған әдіс-тәсілдер туралы мәлімет беру;

– Әдіс-тәсілдер туралы теориялық ұғым беру;

– Әдістерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету;

– Қазақтың байырғы сөздерін білдіру;

– Қазақша сөйлеу дағдысын дамыту ;

– Жазбаша тілін дамытып, орфографиядан түсінік беру;

– Қазақ тілінің сөздік қорындағы сөздер арқылы қазақ халқын сыйлауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

Курстың міндеттері:

– Сөздікті дамыту;

– Сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру;

– Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;

– Диалогтік сөзді қалыптастыру;

– Түсінгенін айта білу;

– Көркем шығармамен таныстыру;

– Сауатты сөйлеуге дағдыландыру;

 

Сөз өнерінде оқушылар нені үйренеді?

–         Әдіс- тәсілдерді дұрыс қолдану барысында оқушылардың білімдерін көтеруге ықпал жасайды.                                                                                                                   – Сөз өнерінде жаңа ұғымдармен танысады.                                                                             – Мақал-мәтел жалғасын табады.

–             Мәтінді өз ойымен жалғастыра білуге үйренеді.                                                                           – Өз ойларымен жалғастыра алуға машықтанады.Өтірік өлеңдерді құрастыра алады.

–         Шапшаңдылыққа,тез ойлауға,өздерін бағалауға мүмкіндік туады.

Тіл өрнегі

Түрлі тапсырмаларды орындату арқылы оқушының логикалық ойлауын дамыту.Дара жазу стилімен мәдениетін қалыптастыру.Ойын әсерлі ,көркем жеткізуге үйрету.Ойын арқылы баланы жақсылыққа,қайырымдылыққа,ізгілікке,әдептілікке,салауатты өмір салтына тәрбиелейміз.

Мақсаты:

–         Әдіс- тәсілдерді дұрыс қолдану барысында оқушылардың білімдерін көтеруге болады.

–         Сөз өнерінде жаңа ұғымдармен танысады.

–         Мақал-мәтел жалғасын табады.

–         Мәтінді өз ойымен жалғастыра білуге үйренеді.

–         Өз ойларымен жалғастыра алуға машықтанады.Өтірік өлеңдерді құрастыра алады.

Міндеттері:

–         Оқушылардың жеке,топтық және тұтас сыныптық жұмыс үрлерін ұйымдастыру.

–         Сөз бен сөздің арасын үзбей,сөйлемді тұтас оқи білулерін фонетика,лексика,синтаксис,морфология тақырыптарынын қажетті білім алу.

–         Әңгіме мазмұнын өз сөздерімен еркін жеткізе білулерін.

–         Сұрақтарға нақты жауап беру.

–         Сөз өнері мен тіл өрнегінің айырмашылықтары.

Сөз өнері мен тіл өнерінің ерекшеліктері.

Бағдарлама курсында грамматикада тіл құрылысын үйрету,көркем және сауатты жазуға,саусақ икемділіктерін машықтандыруға әдіс-тәсілдері таңдалған. Көбіне тіл өрнегі сауаттылықты терең меңгеруге бағытталған.

Мәтел жалғасын табу және мәтінді өз оймен жалғастырып үйрету.Оқушылардың сөдік қорларын дамытып, мәтін мен шығармаға ерекше көңіл бөлген.

Бағдарлама курсында грамматикада тіл құрылысын үйрету,көркем және сауатты жазуға,саусақ икемділіктерін машықтандыруға әдіс-тәсілдері таңдалған.Көбіне тіл өрнегі сауаттылықты терең меңгеруге бағытталған.

Ал сөз өнерінде жаңа ұғымдармен танысу,өтірік өлеңдер құрастыру,мақал-мәтел жалғасын табу және мәтінді өз оймен жалғастыра білуге үйрету.Оқушылардың сөдік қорларын дамытып,мәтін мен шығармаға ерекше көңіл бөлген.

Күтілетін нәтиже:

Ұлттық асыл мұраларымызды жан-жақты таниды. Халқымыздың сөз өнерін, әдет-ғұрпын, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалай алады. Эстетикалық талғамы жоғары, функционалды сауатты, білім, білік дағдылары қалыптасқан, алған білімдерін өз қажеттілігіне қолдана білетін, ұлттық сана-сезімі оянған, сөйлеу әдебін меңгерген, ойы терең, рухани дүниетанымы бай, адамгершілігі жоғары, шығармашылықпен айналысатын тұлға қалыптасады.

Оқушының сөйлесім дағдыларын дамыту сатылап, олардың өзара сабақтастығына негізделіп жүргізіледі. Сөйтіп, негізгі деңгейдегі оқушы білімі сауаттылық дағдыларына табан тірейді де, бейіндік деңгейдегі сөз мәдениеті қалыптасадыОқушылардың пәнге деген танымдық, шығармашылық қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ынтасы дами түсті. Жауапкершілік пайда болды. Өздерін дара тұлға ретінде сезініп, көп білуге ізденеді, қиялдары артады.

Оқушының идеал бейнесі:                                                                                                    1. Тақырыптың мазмұнын ашуда бір-бірімен ұжымдық қарым- қатынас жасайды.                                                                                                                      2. Сауатты жазуға үйренеді.                                                                                               3. Жүйелі сөйлеуге;                                                                                                                           4. Әсерлі баяндауға;                                                                                                             5. Ауызша сөйлеуге дағдыланады.                                                                                         6. Өз ойын дұрыс жеткізеді.                                                                                       7. Қажетті ақпаратты қолданады.                                                                                                            8. Оқушыларда өзіндік көзқарас қалыптасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *