Мектепалды даярлық тобы балаларын ойлау қабілетін дамыта отырып, тілдерін дамыту


Нурсултанова Индира Серикқызы
« №47 жалпы білім беретін мектебі» КММ мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Егемен еліміздің келешегі үшін дені сау, рухы биік жеке тұлғаны мектепке дейінгі кезеңнен қалыптастыру бүгінгі таңғы өзекті мәселелері болып отыр.Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар еліміздің ертеңі,ұлтымыздың болашағы екені даусыз.Баланың ақыл-ойын жүйелеу,ойлау,қабілетін жетілдіру,дәлдікке үйрету,шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауатылыққа баулу-бүгінгі күн талабы.

Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби өзінің «Бақыт жолында» атты философиялық шығармасында адамның танымын дамыту арқылы ғана оны бақыт жолына жетуге болатындығына тоқталса, : Ағартушы ұстаз Ы.Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізгі-оқу, білім деп тұжырымдайды Мектепте даярлық топ балаларының ойын арқылы сөздік қорларын дамыта отырып, шығармашылық жұмыстар жүргізу, тіл дамытудың тың жолдарынан іздену, айқындау. Осы мақсатта ұлттық ойынды қолданғанда оқушылардың тілі ширайды, ойы дамиды, зейінділікті, ұстамдылықты, ойлылықты бағдарлай біледі.

Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?

·         Қисынды ой-қабілетін дамытады

·         Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді

·         Сөздік қоры баийды, тілі дамиды

·         Зейіні қалыптасады

·         Байқампаздығы артады

·         Өзара сыйластыққа үйретеді

·         Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды

·         Бір-біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды

·         Сабаққа қызығушылығы артады. Мысалы; Қай сөз артық? деген ойынын ойнауда артық сөзді табу ақ, қара, сары, тауық. Сонымен бірге допты лақтыру арқылы «жабайы аңдардың атарын ата ойлай отырып ойыңды айт ойыны айнааламен танысу тіл дамыту сабақтарында көп қолданамын мысалы сипап сезу арқылы затты сипаттау және не екенін табу. Вен диаграммасын құру көкөніс пен жемісті тап олардың екеуі де ортақ ағзаға пайдасы мол слайд

 

·         1бұндай ойындар .мектеп жасына дейінгі балалардың көргенді, естігенді, сезінгенді түсініп, оның мазмұнын айтып беру білігін қалыптастырады.

·         Қарапайым математикалық сабақтарында айтылатын нәрсенің, әңгіменің логикалық жүйесін құру білігін қалыптастыру: әңгімені неден бастайтынын анықтау, оны немен аяқтау, бір ойдан келесі ойға бірізділікпен өту; мысалы слайдтан толассыз сұрақтар қою арқылы суретпен қарапайым математиканы байланыстыра әңгімету және есептер құратуға тырысамын.

·         3. балалардың сөздік қорымен жұмыс жасау көркем әдебиет тіл дамыту сауат ашу сабақтарында жұмбақ . жаңылтпаштар айту мақал мәтелдер қарама қарсы сөздер жаңа сөздер мен ұғымдарды синонимдерді, антонимдерді игеру, кітап суретерімен және көркем әдебиет тілімен танысу шығармадағы жағымды жағымсыз кейіпкер туралы әңгімелегенде,жақсылықтың жамандықты жеңгені сол кейіпкердің орныныда өзің болсаң кайтер едің деген сияқты қызықтыратын жетекші сұрақтар қоя отырып ой –қиялын логикалық дұрыс жүйелеп шығармашылықпен әңгіме айта білуге жаттықтырамын.

·         4. сөйлеудің дыбыстық жағын дамыту: дыбысты таза айту, дауыстың ырғағы мен күшін реттеу, мәнерлілік, фонематикалық есту. Дауыс ырғағын келтіріп дыбыстарды анық айтуға тіл сындыру жаттығу ойындары ит қалай ырылдайды, ара қайтеді.жылан қайтеді. р дыбысын айта алмайтын балаларға ра ра рар келді ұшып ара тағы басқа.. Балаларды ауызша және схемалық жазбаша сөйлеуден сөйлемдерді анықтауға үйрету, берілген сөздерден сөйлем құрау, сөздерді буынға бөлу, балаларды сөздің дыбыстық құрылымымен танысады.немесе әріпке суретті қос .суреттке- суретті қос дегенсияқты ребустар шешу суреттегіжануарға немесе затқа дыбыстық талдаулар жасау .слайд Бала  заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды Бейнелі ойлау – 6 жасар  бала ойлауының негізгі түрі. Бала  бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстары. К.Д. Ушинский –  баланы  табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы  баланың  келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Сондай-ақ, кімде-кім  баланың  тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс, – деп көрсетеді

·         Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *