Сценарий праздника «Құтты болсын, Жаңа жыл!»


Нуржанова Дана Таукеновна
воспитатель ГУ “Мичуринская средняя школа” акимата Костанайского района

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның,Түлкі, Клоун,Аю, карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым – қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Қатысушылар: Жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Қоян, Аю, Түлкі,Клоун, балалар, ата – аналар..

(Музыка ойнап тұрады.)

Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығындар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі – екіден кіреді)

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе аяулы балалар, тәрбиешілер, ата – аналар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?

Балалар: Шырша!

Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп!

Ал  сұлу шырша бізбен ойна,

Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат!

Балалар ата-аналармен бірге қайталайды.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Шыршамыз шамдарын жарқыратты

Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.

Ән: «Аппақ, апппақ жапалақтап»

Балалар орындарына отырады.

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы шыршаның  астында бірдеме  жатқан сияқты?

Бұл тақия екен ғой (жерден тақияны алады).

Шыршаның қасында кім билеген,тақияны кім  тастап кеткен?

(Ән ырғағы ойнайды)

Қоян:Мен шыршаның қасында биледім,

Тақиямды тастап кеттім!

Жүргізуші: Расындада, бұл тақия қояндікі екен ғой!

Тақияны ал,

Балалар қоянмен бірге би билейік.

«Буги-буги»  би ден соң балалар орындарына жайғасады.

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы шыршаның  астында тағыда  бірдеме  жатқан сияқты?

Бұл тақия екен ғой (жерден тақияны алады).

Шыршаның қасында кім билеген,тақияны кім тастап кеткен?

(Ән ырғағы ойнайды)

Аю:Мен шыршаның қасында биледім,

Тақиямды тастап кеттім!

Жүргізуші: Расындада, бұл тақия аюдікі екен ғой!

Тақияны ал,

Аю: Үстелге отырып қалғып кетеді.

Жүргізуші: Балалар аюға қараңдаршы,

Аю қорылдап кетті ғой,

Ұйықтама аю біз сенмен ойнаймыз.

Балалар аюді бәріміз бірге оятайықшы,

Оған біздің аю туралы өлеңімізді айтып, билейікші!

«Аю» өлеңі

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, ал енді  қоянмен және аюмен бірге ойын ойнайықшы.

«Қар бүршігі» ойыны.

Жүргізуші: ойын мақсатын түсіндіреді.

Балалар кейіпкерлермен бірге ән ырғағына  ойынды бастайды.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар жануарлармен бірге қалай тамаша ойнадыңдар.

Бір кезде  музыка ойнайды (түлкі кіреді).

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы бізге кім ақырындап келе жатқан?

Бұл түлкі екен ғой?

Түлкі:Сендерде қалай  көңілді?

Жарқырап шыршаларын тұр,

Қазір мен оны алып кетемін!

Жүргізуші:Балалар……..

Біз енді не істейміз!!!!!

Түлкіге шыршамызды береміз бе?

(Балалар жоқ бермейміз)

Жүргізуші:Тоқта түлкі асықпа,

Біз саған тосын сый жасадық,

Қабыл ал.

Көңілді ән шырқайды.

Залға клоун жүгіріп кіреді. ( өзінің жаттығуларын жасайды)

Тоқта түлкі, қу болма.

Менімен бірге ойна.

Клоун- түлкіге  бір неше жаттығуларды көрсетіп істеуін сұрайды.

Бірақ түлкі оларды істей алмайды.

Жүргізуші:Біз би билеуге, ән айтуды жақсы көреміз.

Түлкі бізбен бірге қал!

(Балаларға сұрақ қояды), балалар түлкі бізде қалсың ба?

Балалар жауап береді -ИЯ (Түлкі қалғанына қуанып,билейді)

Жүргізуші:  Бәріміз бірге клоунмен бірге ойнайықшы.

Жаңа жыл мерекесіне Аяз ата келеді,

Бізбен бірге ән айтып, би билейді,

Бәрімізге сыйлықтар береді!

Түлкі: Аяз ата қайда екен????  Жоғалып кетті ме????

Біздің шыршамызға келмей ме?

Жүргізуші:

Жоқ, біз қазір Аяз атаны шақырамыз

Ол бізге міндет түрде келеді.

Балалар бәріміз бірге Аяз атаны шақырайық.

Аяз ата! Аяз ата!

Аяз ата: Сәлеметсіздер ме балалар!

Сәлеметсіздер ме ата-аналар!/

Қандай сүйкімдісіңдер, қандай әдемісіңдер!

Мен жақсы Аяз Атамын сеңдерге  қонаққа келдім, өзіммен бірге  Ақшақар немеремді ертіп әкелдім.

Аязата: Балалар сендердің  маған арналған тақпақтарын бар шығар? Тақпақтарын айтып берсін.

(Балалардың тақпақтары)

Жүргізуші: Кәне, балалар дайындаған тақпақтарымызды Аяз Атаға айтып берейік.      Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.

 

Аязата: Жарайсыңдар балалар қыс туралы, мен туралы тақпақтарды көп біледі  екенсіңдер, сендерге  көп-көп рахмет!

Жүргізуші:Ал енді Аяз Ата, Ақшақар, Аю, Қоян, Түлкі, Клоунмен бірге «4 қадам» биін билейік.

Аяз ата: Ал, балалар мені басқа балалар күтіп жатыр.

Бақытты және  көңілді болып жүре беріңдер.

Келесі жаңа жылда кездескенше аман сау болайық!

Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.

Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.

Түлкі: Рұқсат етсеңіз бізде  сізбен бірге  басқа  балаларға аттанайық.

Аяз ата: Жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды және бізге келген жануарларды  шығарып салайық.

(Сау болыңыздар!).

Қонақ болғандарыңызға көп рахмет!

Осымен жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік аяқталды. Сау болыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *