Менің Отаным


Төлебаева Дамира Мәрленқызы
Ж.Қизатов атындағы Есіл ауылшаруашылық колледжінің оқытушысы

«Біз мемлекеттің қолында бар, өзіміздің көп ұлтты Отанымыздың әрбір азаматының қолында бар мүмкіндіктерге сүйеніп, ортақ шаңырағымыздың аясындағы – Қазақстан Республикасындағы достықты, сыйластық пен сенімді, татулық пен тұрақтылықты сақтауға міндеттіміз ».

(Н. Ә. Назарбаев )

Елін сүймеген ешкімді де сүймейді. Ел дегеніміз – Отан. Ал Отан оттан да ыстық. Адам бақсыз да, тақсыз да, тіпті баласыз да, баспанасыз да өмір сүре алады, ал Отансыз өмір сүре алмайды. Менің Отаным – менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір Қазақстан азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ.. Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата – бабамыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған жер. Бұл киелі жерді елім, жерім деп еңіреген, халқын сүйген ақындар, жазушылар, батырлар мекендеген. Бізге ата – бабамыз мұра етіп қалдырған, бұл жерді сүю, көркейту болашақ ұрпаққа аманат етіп тапсыру – қазіргі ұрпақтың парызы. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан – жақты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата – бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл – парасатының, азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз.  Өткеннен сабақ алмай, болашаққа сенімді қадам баса алмайтынымыз анық. Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келмеді. Біз ұлы ата – бабаларымыздың арқасында ғана тәуелсіздікке жеттік. Олар  Отан үшін отқа түсті. Ата – бабаларымыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша,  аттың жалында, түйенің қомында жүріп, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын. Тек майдан да ғана емес, тылда жұмыс істейтіндердің де еңбегі жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыс кезінде майдан щебіндегі солдаттар мен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті. Ашаршылық пен ауыртпашылықты бастан кешкен оларда жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан, күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға да бүгінгі ұрпақтың ризашылығы да шексіз болса екен. Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті. Бұл тарихта алтын әріптермен жазылды. Олардың қаһармандық өнегесі бүгінгі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс.

Осы  Отанымызды екі жүз жылдық жоңғар – қазақ соғысында Абылай хан сияқты хандар, Төле, Қазыбек, Әйтеке би секілді шешен және көсем ерлікпен қорғады. XX ғасырдың басында еркіндік, азаттық үшін күрескен Ахмет, Мағжан есімінсіз өткен тарихты айту мүмкін емес. Ал, 1986 жылдың 16 желтоқсанындағы қазақ жастарының дүр еткізген азаттық үшін күресті алсақ ше? Сол Желтоқсанда Елімнің Тәуелсіздігі деп, Жерім деп жан берген аға – әпкелеріміз қаншама… Біз қазіргі Тәуелсіз елдің ұрпақтары сол қазіргі бейбітшілік өмірімізді бізге жанын қиып алып берген жандарды ешқашан ұмытпай, жадымызда сақтауымыз керек!

Тәуелсіздік таңы

Алыстан қол бұлғайсың қайран заман,

Еркіндік бір кездері болған  арман.

Бұл күнде шаттанып біз қуанамыз

Күн шығып, сейілгендей қалың тұман.

Айналдым Қайраттайын асыл ұлдан,

Туғандай ерім елде сан бір жылдан.

Бүкіл қазақ атынан сөйлегенде,

Босағандай 60 жылдық сынақ – сыннан.

Кетті ғой талай қыршын құрбан болып,

Қалды бізге – елдің бағы ұран болып.

Қанменен жазып шыққан ниеттері,

Қалмасыншы болашақта ұмыт болып.

Біз ата – бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік 1991 жылы 16 желтоқсанда орнады. Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егемен мемлекет болып жарияланды. Ол бүгінде дүниежүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Бұл тәуелсіздік халық патриоттарының қажырлы күресінің, адал еңбегінің арқасында келді. Тәуелсіздік рухымызды асқақтатып, болашаққа деген сенімімізді күшейтті. Бабалар жүріп өткен жолдың тарихи тағылымы бізге береке бастауы ел бірлігінде екендігін айқын көрсетіп берді. «Өсіп – өну жолындағы адамның талап қылар ізденер қарызды ісінің алды әуелі дос көбейтпек» – деп данышпан Абай атамыз айтқандай, біз тағдыр жазуымен қазақ жерінде тоғысқан ұлт пен ұлыстың береке – бірлігі мен достығын өріп – өркендеуіміздің алтын қазығы ретінде алып, болашаққа қарай нық қадам жасадық. Осы жылдар ішінде Тәуелсіз Қазақ елінің мемлекеттің жүйесі ғасырлық үзілістен кейін қайтадан өз арнасын тапты. Қазақстан өз билігін алды, кең – байтақ жеріміз тәуелсіз мемлекеттің жеріне айналды. Өз байлығы өзіне құт, өз береке ынтымағы жарасқан елімнің ырыздығы. Осыны сезінген  қазақ баласының  «Қазақстан» атты алып мемлекеттің шаңырағын көтеретін уығы боларын сөзсіз түсінуге болады. Өзгені қайдам, өзім солай түсінемін. Түсінемін де болашағымнан түңілмеймін, өйткені біз сияқты елін, жерін сүйетін қазақтың әрбір баласы арғы ата, аға ұрпақ сыйлаған тәуелсіздікті қасиетті тұмарындай сақтайтынына сенімім мол.

Ата – бабадан  қалған асыл мұраны қадірлеп, қасиетін түсініп еліміздің туын биікке желбіретіп жүрген жастарымыз да аз емес. Қазіргі таңда Қазақстан  тәуелсіз мемлекет ретінде шет елдерге танылғаннан кейін, жастарымызда жай қарап қалмақ емес. Біздің ұлттық нақыштағы киім үлгілерімізді, ұлттық ойындарымызды, ұлттық тағамдарымызды тағы да басқа еліміздің ең көрнекті деген дәстүрлерін шет мемлекеттерге танытуда.

Меніңше, соңғы 27 жылда Қазақстанның жеткен жетістігі жетерлік. Бүгінде Қазақстан да 2 млн аса жеке кәсіпкерлер бар. Олардын кем дегенде төрт – бесеуі жеке кәсіпкер атанғысы келед. Айта берсек Қазақ елімнің жеткен жетістіктері қаншама.

Ең басты айта кететін жетістігіміз Дүниежүзілік көрме Экспо 2017 – Қазақстанның елордасы Астана қаласындағы Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылған Халықаралық көрме. EXPO – 2017 көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты.  Көрмені тамашалауға Қазақстанға 3 млн – нан аса адамдар келді. EXPO – 2017 көрмесінің символдары ретінде Қуат, Мөлдір және Сәуле таңдалды.

Қуат(күш, билік) – жердегі энергияны білдіреді.

Мөлдір(айқын, таза) – судан алынған энергия.

Сәуле(күн сәулесі) – күннен алынған энергия.

«ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетті. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс – шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Осының барлығы елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың арқасы. Н.Ә.Назарбаев қазақ жерінде өмір сүріп жатқан 130 ұлт пен ұлысты, татулық пен бірлік идеясында ұстауда. Елімізде тұрақтылық пен бірлік, топтасқандақ бағытын дамытуда.

Осындай барлық жағдайды жасап отырған, «Біз де диқан болғанбыз, қапқа тары салғанбыз» дегендей, әлем таныған өзге де халықтармен  терезесі тең мемлекетімізді неге аялап, неге құрметтемеске?!

Осы менің Отаным

Ұлы тарих қойнауын, көшпенді боп бастаған,

Сақ пен Ғұн деп аталып, жауларынан қашпаған.

Жылқы малын қастерлеп, ен далаға қожа боп,

Қазақ деген ұлтпын деп күллі әлемге мақтанам.

 

Ерлері бар ержүрек елін әділ басқарған,

Еркіндікті меңзеген бүркіт ұшқан аспаннан.

Талай қилы заманнан сүрінбеген Отаным,

Келешекке көз салып үміт күткен жастардан.

 

Өзен көлі тағы бар, кең даласы, таулары,

Барлық әлем қызығар баршылық қой аумағы

Жер қойнауын қарасаң іздегеннің бәрі бар,

Шүкір деймін Отаным өзгелердің арманы.

 

Ұл қызы бар қастерлі тектіліктен нәр алған,

Салт дәстүрі керемет ізгіліктен таралған.

Қазақ деген ұлтпын мен айта берем мәңгілік,

Осы менің Отаным ғажайыптан жаралған!

Қазіргі таңда  елімізді мекендейтін жүзден астам ұлттың Отаны – Қазақстан. Олар да осы бір  тамаша ел үшін қолдарынан келгенін істеуге әзір, өйткені біздің елде тұрақтылық, бірлік, тыныштық салтанат орнаған. Осы тыныштық бақытты өмірім үшін, біздің Елбасына шын балалық ризашылығымды білдіремін. Президент біздің «Өресі биік, өнегесі мол» – адам тұлға болуымызды қалайды. Біз де сол сезімді ақтауға тырысамыз. «Отаным» деп соққан жұдырықтай жас жүрегімнен шыққан осы сөзді асқақтықпен айта аламын. Ата – бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау заманға жеткен елімді мақтаныш етемін. «Отаным, Қазақстаным гүлденіп, көріктене бер! Жасай бер мәңгі, жайнай бер мәңгі!» деп өз ойымды Отаныма деген ыстық сезімім арқылы аяқтағым келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *