«Білім қайнары»


 Майданова Анастасия, Лоскутова Анастасия  Александровна, Лемешова Галина Сергеевна, Амрин Жалғас Берикович, Майданова Анастасия Романовна 
«№42 орта мектеп» КММ, Петропавл қаласы, СҚО 7 «Б» сынып
Жетекші: қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Оразалина Асия Кабиденовна

Туған жердің қасиеті

 

Менің аты-жөнім Амрин Жалғас. Мен Солтүстік Қазақстан өңірінің облыс орталығы Петропавл қаласында туып-өстім. Қазір мен «№42 орта мектеп» КММ 5 сыныбында  тәлім алып жатырмын.

Жер-су аттарының шығу тарихы мен мағынасын білу  қызық. Әсіресе өз туған елді-мекендеріміздің атауларының шығу тарихын зерделеу, әрбір атаудың мән-мағынасын ашу, туған өлкеге деген ыстық ынта, отаншыл  сезімді күшейтпек. Қазақстан  топонимдері халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Белгілі бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен халықтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өрісі хақында,  сезім сұлулығы  туралы ой түюге мүмкіндік береді.

Мен Солтүстік Қазақстан облысында тұрамын. Бұл облыс Батыс-Сібір ойпатынан оңтүстігінде орналасқан. Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің Ақмола, Костанай, Павлодар облыстарымен және Ресейдің Омбы, Қорған, Түмен облыстарымен шектеседі. Біздің облыс 1936 жылы құрылған. Ол  кезде облыстың құрамына 26 аудан, 5 қала болған.

Қазір Солтүстік Қазақстан облысында 13 аудан бар. Облыстың халқы 588910 адам, жер көлемі – 98 мың шаршы километр. Біздің облыстың табиғаты әсем, ормандар мен көлдерге бай. Біздің өлкені «аққайыңдар өлкесі» деп атайды.

Солтүстік Қазақстан облысы – атақты халық мақтанышы болған адамдардың туған жері. Көрнекті ақын-жазушылар Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Иван Шухов, ғарышкер Александр Викторенко осы өлкеде туған. Біздің өлке жылдан жылға гүлденіп, дамып келеді. Мен өз жерімді мақтан етемін.

Жалпы туған жерін, елін қазақ халқы әрдайым жырға қосып, жадынан тастамаған. Менің көкірегімнен туған жерім, елім деп өлең жолдарын жырлаған мына ақындар кетер емес: Ілияс Жансүгіров  «Жетісу суреттері», Дулат Бабатайұлы «Ақ жайлау мен сандықтас».

Туған  еліміздің  көркін беріп, табиғатымыздың  шырайын  келтіретін Есіл өзені  туралы да  айтып  өткім  келеді. Сабит Мұқановтың «Есіл бойында »  әңгімесінде Есілдің тамылжыған тамаша табиғатты суреттелген, үйірер жеміс-жидегі,шалғыны, сағымы да көз алдымызға елестеп,көңілді жадыратады. Ал Есіл өзені тасуға бейім екені әңгіме ішіндегі ән сөздерінде айтылған :
Есіл тасып барады жардан асып,
Қар жауды жаңбырмен араласып,
Ауылымның тұсында ақша шатыр,
Ашуланып кетті де біздің батыр.

Жер-су атаулары – халық қазынасы, өткен өмір  айнасы. Әсем табиғат аясында ағып жатқан Есіл өзенімді  жақсы көремін.
«Сыр басым сыңғыр сыңғыр етеді,
Сулулар таққан сырғадай.
Төгілген суды тыным етеді,
Ұйқымды қайсып ұрламай … » – деген Есіл ағымын жырлайтын ән.

Әрине осындай ақын ағаларымыз сияқты туған ел мен жеріңе құрмет  болу  керек. Себебі, кіндік қаны тамған  жер   өзіңнің  ыстық  алтын ұяң, туған  жер  біздің өмірімізде  киелі  орын  алады.  Сол  киелі орынның  арқасында  балалық  шағымыздан – ақ  жерімізге  деген  махаббатымыз оянады.

Мен үшін  туған жер,  туған  қала, тіпті ауламыз да  қымбат жер. Осы  жерлерді  біздің  естен  кетпейтін  балалық шағымыз  өткен  болатын. Үйдің  ауласында  тәй-тәй  басып, алғашқы  қадам  басып,  мектепке барған жол  әлі есімде.

Қазіргі  кезде мектеп  қабырғасында  білім алудамын. Осы туған  елді, жерді  еске  алып,  парақ  бетіне  түсіру  ұстазымыздың тапсырмасының  бірі.

Негізінде туған  елді еске  алып, оны баршаға жыр  ету  үлкен  мақтаныш. Ал  қазіргі  таңда туған жеріміздің көкбайрағы  желбіреген Егеменді Қазақстанға  айналып, жадырап шыға  келді. Туған  еліміздің  жері де, халқы да және қойнауы да бай ел. Туған  жердің  тасы да таныс, ауасы да шипа, жуасы да тәтті деп бекерден  бекер айтылмаған. Айта берсе, жаза  берсе туған  елге, жерге деген ойдан ой шарықтай  береді.

Міне, мен де  өзімнің  туған жерге деген құрметімді ойымды  мына мақалда жазылған  сөздермен  есте сақтап, жадымда ұстаумен аяқтағым  келеді:

Туған  жердей жер болмас,

Туған  елдей ел болмас.

Бөтен жердің гүлінен,

Туған жердің тікені артық.

Туған жерімнің құдіреті!

Менің аты-жөнім Лемешева Галина. Мен өте әдемі де сүйікті Петропавл қаласында  туып, өстім. Дәл осы қалада менің  балалық шағым  зымырап өте шықты. Қазір мен  №42 орта мектебінің 9 сыныбында оқимын. Оқу үздігімін. Мен қазақ тілін сүйсініп  оқимын. Осы  тілге ынтығып, мемлекеттік  тілді өзімнің туған  тілім сияқты меңгеріп жүрмін. Сыныбымда украин, қазақ, цыган ұлттарының  балалары оқиды. Достарым да көп.

Менің қалам осыдан екі жүз жыл  бұрын  құрылған еді, 1752 жылы ол басты  әскери  бекініс  ретінде салынған еді.

Петропавл қаласының  шығу  тарихы өте қызық және өз алдына  күрделі. Сол тарихтың болғанын классик жазушылардың  Отаны ретінде  және  19-20 жылдардағы ескі үйлер мен ғимараттар арқылы  білеміз. Осы өңірдің  ұлы классиктері: Сәбит Мұқанов, Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов және Иван Шухов.  Танымал ақын – жазушылардың арқасында Солтүстік өңірі әлемге әйгілі болып, атағы шықты. Осы ұлы адамдардың жанға жылы жырлары мен әсем әндерінің  арқасында өмірдің мәні  пайда болды. Өсіп  келе жатқан жас буын да осындай адамдардың біздің  жерімізде туып-өскеніне, туған жерімізді  атаққа бөлегендеріне қуанада. Көптеген буынның  еңбегі біздің қаламызды экономикалық және  мәдениет  орталығына  айналдырды.

Петропавл қаласында көрікті жерлер көп:  «Абылай хан Резиденциясы» мұражайлық кешені, мұнда ханның өмірі мен хандық жорықтары туралы деректер берілген. 1912 жылы құрылған ботаникалық бақ. Ол  қаламыздың  ескі демалыс орындарының  бірі. Мұндай бақша Қазақстан бойынша жалғыз деп ойлаймын. Оның ішінде жарқын бейне  беріп  тұрған ежелгі құрма пальма ағашы. Осы бақтың  ішінде  өсіп тұрған сирек кездесетін өсімдіктерді  көргенде, қандай адам  болмасын, өзінің көңілін ұстай алмайды, барлығы көз тартады. Мұнда тек өсімдіктер ғана емес, аңдар да бар. Бақ қызметкерлері  оларды  баптап, күтеді. Біз жылына екі рет ботаникалық баққа экскурссияға  барамыз.

Тағы бір  қызықтыратын  жерлердің  бірі – орталық  демалыс  саябағы. Бұл  саябақ 1860 жылы ашылған екен. Оның ішінде балалардың  ойнап, демалуына үлкен  жағдай  жасалған. Жаңа  үлгідегі ойын-сауық кешендері, демалыс орындары көп. Мен  күз  кезіндегі  осы  саябақтың көрінісін  ұнатамын. Жаңбырдың  иісі, жерге  түскен  түрлі-түсті  жапырақтар менің  осы  саябаққа  деген   махаббатымды күшейте  түседі. Саябақта  демалған  кезде жүздерінде  қуаныш  ұялаған  балалар мен ата-аналарды  кездестіремін. Маған адамдардың  бір-біріне күлімсірей  қарағаны, сары алтындай  жапырақтардың сылдыры, күз мезгілінің әдемі көрінісі және табиғаттың кішкентай бөлшектері өте  ұнайды. Осылардың  барлығын бойыма  жинай отырып, «Бұл менің  туған өлкем! Бұл менің туған қалам! Менің Қазақстаным!» – деп қуанышты дауыспен айқайлағым келеді.

Мен кең-байтақ Қазақстан жерінің табиғи келбетімен  құлпыра  астасып  жатқан Есіл  өңірінде  дүниеге  келдім. Бұлай айтатын  себебім,  әсем  табиғаты  бір  көргеннен  көздің  жауын  алып,  көңілді  баурап  ала  жөнелетін  ғажайып  көркімен  ерекшеленеді. Мұнда қайда  қарасаң да, шоқ-шоқ  қайыңдарды  көресіз. Осы  бір қайыңды тоғайлардың жайқалған  жап-жасыл  желегі  көкжиекпен көмкерілген көл-көсір  егін даласының сап-сары аңызымен  ұласып  жатады.

Солтүстік Қазақстанның  табиғаты бай. Туған  өлкеге  саяхат  шеккен  адам оның сырларына  қанығады,  тамашалайды. Мұнда  әсемдігімен  көз  тартатын  көрікті  жерлер аз  емес.

Қарғалы  арал, Сергеев су қоймасы, Соколов ауданындағы  қарағайлы орманы, Пестрое және  Торанғұл  көлдері, басқа да  жүздеген  үлкенді – кішілі  көлдер қысы-жазы  табиғатты  жаны  сүйетіндердің  игілігінде.

Менің туып-өскен өңірімнің табиғаты мен ауа райына да не жетсін! Ну-ну орманы, гу-гу бидайы, жер қойнауынан шығып жатқан алтыны, жеміс-жидегі Қазақстанның түпкір-түпкіріне жеткізіліп жатыр. Осындай жетістіктерге қол жеткізіп  жатқанымызға іштей қуанамын.

Мен жазғы  демалыста  ауылға ата-әжеме  барамын. Атам күні – түні  егін  орағында  болады. Ол комбайнмен  егін орады. Атамның мұндай еңбек етуі өте құрметті де сыйлы, өйткені  олай еңбек ету, нан табу оңай жолмен берілмейді.

Егін орағы….  Бұл ең бір қызулы да қиын күндер, қарбалас  шақ. Бұл диқанның жыл бойы  төккен  терінің нәтижесін  көрсететін қажырлы еңбек күндері мен түндері.

Атам бос уақытында мені шөп шабуға алып  барады. Ол маған шалғынды қалай ұстап, шөпті қалай шабу керектігін үйретті. Маған өте  ұнады. Әсіресе, жаңа  шабылған  шөптің иісі, мұрынды  жарып, бойыңа сондай бір ғажап  сезім  береді. Жер  жидегін  жинаймыз. Одан  әжем  тосап  жасайды. Кешкісін  барлығымыз  жиналып  шай  ішеміз.

Менің қаламда 130-дан астам  орта мектеп бар. Жаңаша үлгіде жасалған мектептерде  сапалы  білім  алуға  барлық жағдайлар  жасалған. Тамаша  жабдықталған кабинеттер мен  лабороториялар бар. Балалардың  денсаулығын шынықтырып,  салауатты  өмір салтын ұстанатын спорт кешендері де  бар.

Қаламызда М.Қозыбаев атындағы  мемлекеттік  университеті және бірнеше  саладағы  колледждер  бар. Мұнда  жан-жақты  дамыған  кәсіби маман иелерін  дайындап  шығарады, өйткені қаламыз бен Қазақстанның  болашағы  көбіне біздің білім  сапамызға байланысты. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  жақсы  білім  алуымызға  көп жағдайлар  жасап  жатыр. Егер әрбір адам халқымыздың қамын, өркендеуі туралы ойланатын  болса, мемлекетіміздің  үмітін ақтап, еліміз  қарқынды  түрде  дамыр еді. Болашақты біз құрастырамыз! Оны біз  сақтауымыз керек!

Мен өзімнің туған  жерімді жақсы көремін! Менің қаламның үстінде күн  сәулесі  өте жарық көрінеді, аспаны барлық жерге  қарағанда көгілдірек, ағаштары жап-жасыл, жұлдыздары да  өте жарық. Туған жер туған анамыз сияқты: мейірімді, жомарт және ақылды да төзімді. Ана сияқты өз балаларын қорғап, қиындықта қалдырмайды.  Балалары да Отан үшін жанын қиып, елінің нағыз патриоты болу керек!

Қорыта айтатын болсам, әр адам өзінің Отанына деген махаббатын туғаннан бастап, өмірінің соңына дейін жеткізе білуі керек. Өйткені, жер бізге бар байлығын беріп өсіріп-жетілдіреді, күш-қуатын береді. Шет жақта жүрсем ешқашан да ұмытпаймын, елімнің атағын шығаруға тырысамын!

Қолданылған әдебиет: «Ақ қайыңдар өлкесінде», Алматы «Өнер» 1989 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *