«Білім қайнары»


Газизова Амина, Аманжол Гүлім, Дәулетбек Дильназ,  Исабекова Асель
Семей қаласы  №15 жалпы орта білім беретін мектеп КММ 6   “Ә” сынып оқушылары                                                     

 Жетекші: қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Балықбаева  Сара  Қабдулбарқызы

Газизова Амина

Шығарма « Қазақ  тілім- ана тілім»

Біздің тіліміз-біздің байлығымыз. Тіл туралы көптеген мақал-мәтелдер бар.Мысалы:Ана тілін –алпыс тілге татиды.Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи біртұтастық, ажырамас туыстық жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды,Отанымызды танып білеміз.Мен қазақ тілімді мақтан тұтамын.Өйткені тіліміз туралы көптеген шығармалар,өлеңдер жазылған.Өз ана тілімізде сөйлеу-үлкен міндет.
Ана тілімізді білуіміз керек. Қазақ тілін зерттеушілердің барлығы да бір ауыздан бұл тілді ең бай, ең таза түркі тілдерінің бірі деп таниды.

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп С.Торайғыров жырлап өткен.

Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. . Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін, ана тіліміз – қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю. Басқа тілдерді білу де- мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.

Тілім менің -байлығым,

Ежелден қалған мұрамыз.

Қастерле оны қазағым,

Мәңгілік оны ұғамыз,

-деп өзім шығарған өлеңмен  ана тілім туралы шығармамды аяқтаймын.

Аманжол Гүлім

Шығарма «Ана тілім – асыл қазынам».

 

Ана тілім-өлеңім,

Шырқап оны саламын

Ана тілім-жарығым,

Әрбір үйде жанатын.

Ана тілім -ардағым, жүрегім.  Ана сүтімен бойына дарып жарық дүниеге келген әр ұрпақ осылай деп ұғар. Осынысымен мақтанар – ұлтының ер жетер азаматы ел болар халқы. Қазақстан Мемлекетінің ұлттық тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі біздің ана тіліміз.. «Өзге тілді бәрің біл,өз тіліңді құрметте» деген айтып кеткендей, ана тіліміз қазақ тілі ұмытпай, қастерлеу керек. Өз тілін ұмытқан адам мәңгүртке айналады деп саналған.
Ана тілі біздің ең басты байлығымыз. Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім…

Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің іргетасы.Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем.

Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім»,- деп жазушы М. Әуезов айтқандай елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы- тілімізді жоғалтпайық. Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық.

Дәулетбек Дильназ

Шығарма «Менің Отаным — Қазақстан»

Әрбір адамда өз Отаны бар. Менің Отаным — Қазақстан. Отан… Бұл сөз — жүрекке   жылы тиер сөз.Отан дегеніміз — туып өскен жерің.

Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады  деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені мен Отанымды өте жақсы  көремін.

Біздің Қазақстан өте бай мемлекет.Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен  әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.  Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау — әрбір азаматтың бірінші міндеті. «Отан — оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен.

Қазақстан-менің елім.Таулар мен жазықтар, өзендер мен көлдер – осы бәрі біздің Қазақстан.  Қазақстан минералды қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда, шын мәнінде, Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік шоғырланған. Мысалы: көмір, мұнай, темір,алтын,күміс және тағы басқа.

Қазақстан елінде 150-ден астам ұлт өкілдері тату- тәтті өмір сүреді. Қазақ,өзбек, орыс, корей, түрік, украин,неміс  тағы басқа  ұлт өкілдері Қазақстан мемлекетінде тұрып жатыр.  Шығармамдың  соңында, әр Қазақстан Республикасының азаматы не істеу керек? Ол мемлекеттік тілін білу, барлық халықтардың дәстүрлерін құрметтеу, өз Отанды қорғау керек. Өйткені, Қазақстан – біздің ортақ үйіміз.

Шығарма «Тіл – халықтың жаны»

Тілім менің байлығым

Арайлап атқан таң нұрым

Сенімен бірге әлділеп

Жұбатты  мені  анашым

Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.

Тіл-қай елде болмасын қастерлі, құдіретті рухани, әрі тарихи құндылық. Ол достықтың кілті,  ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл-өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат екені анық. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі, салт- дәстүрдің одан әрі дамуы, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың ұлы жемісі- ана тілі. Қазақтың ұлы тұлғалары Абай, Мағжан, Мұхтар, Сәкен  сөйлеткен қазақ тілі. Қазақ халқымен, бірге абыройлы да асқақ, сынақты да сындарлы тағдырды басынан кешірді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жүйелі сөзбен алқалы топты еңсерген ойшыл, шешендерді ел басқару ісіне арластырып, халық жүрегінде жатталған дала данышпандары, кемеңгер ойдың кемелді арнасы, тілінен бал тамған, қара қылды қақ жарған әділетті би- шешендер ұлылық пен ұлағат, өнеге мен тағылымның мектебі, аталы ойдың алтын қазығы бола білді. Тек ана тіліміз арқылы ата-анаға, елге, Отанға, халыққа деген махаббатымызды жеткізе аламыз. Адам баласы өз анасын қалай сүйсе, өз тілін де солай сүюі тиісті екені анық.
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *