Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту


Кайыкбаев Есен
Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін үйрету, тоғызқұмалақ өнерінің өміршеңдігін түсіндіру.

Дамытушылық: оқушыларға тоғызқұмалақтың негізгі шарттарын түсіндіру арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту, математикалық амалдарды тез санау, ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру

Тәрбиелілік: оқушыларды ұйымшылдыққа, достық қарым-қатынасқа, ұлттық рухты, сананы қалыптастыруға бейімдеу. Оқушылардың бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы

—  Жаңа рухани жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.

—  Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.

—  Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.

—  Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын.

—  Тоғызқұмалақ тарихы

—              Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.

—  Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғыз-құмалақ жақсы насихатталып жатыр. Мәселен, Қырғызстан мектептерінде  тогуз-коргоолдан олимпиада өтеді. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Қазір әлемде тоғыз-құмалаққа ұқсас мысырлық  калах,  Моңғолияда эсон  коргоол, Шри-Ланкада олинда калия, африкалықтарда манкала, габата, абапа, намнам, бао, тамподуо, омвесо, маработ сынды ойындар бар.

—              Мәселен, Африкадағы Уганда елінің

—  омвесо деген ұлттық ойыны бар. Оның

—  тоғыз-құмалақтан ерекшелігі отау саны көп

—   (32 отау) те бірақ құмалақ саны аз (64 құмалақ).

—   Осы ойынды угандалықтар әлемдік

—  интеллектуалдық ойындардың қатарына кіргізіп,

—  одан жыл сайын олимпиадалар өткізеді екен.

Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Қазақстан Республикасында Тоғызқұмалақ ойыныннан жекелей чемпионат ресми түрде 1974 жылдан бастап өткізіліп келеді.

1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық жарыстар ұйымдастырылуда.

Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясы 2001 жылы құрылды.

Тоғызқұмалақтың басқа ойындардан ерекшелігі ойын құралдары ақ, қара түстерге бөлінбейді және арнаулы отаулы тақталарда ұсақ шарлармен ойналады. Ойынның мақсаты қарсыластан көп шарларды жинап, ұпай санымен алға шығу.
Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын рухани ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл өнердің басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады.

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.

Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.

Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:

Қорытынды

Елбасымыз рухани жаңғыру аясында айтқанындай халқымыздың мол тарихы мен ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, ұрпағымыздың болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. Осы орайда менің қосар үлесім шәкірттеріме ұлттық ойындарымызды үйретіп, әрі қарай дамыту.

2017 ж Шымкент қаласында тоғызқұмалақтан өткізілген спартакиадада жүлдегерлерді даярлағаны үшін дипломмен марапатталуым өз жұмысымның нәтижесі деп айта аламын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *