«Білім қайнары»


Әлекеш Айбек, Кульшманова Зарина
М.Горький атындағы №1 Қарабалық орта мектебінің оқушылары
Жетекші: қазақ тілі мұғалімі Мырзагалиева Кенже Шамбыловна

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ- деп бекер айтылмаған. Шынымен осындай ғылым мен техниканың дамыған заманында, таза суды тауып ішудің өзі мұң болып барады.

Мысалы, бұрын біздің ауылда тұщы құдық көп болған деседі.Қазір олардың сулары ащы, ішуге жарамайды. Тек мал суаруға, бақшаға  құюға жарайды. Таза суды көрші ауылдан әкеліп ішеді немесе дүкеннен сатып алады. Бұл қолдары жеткендері ғана. Ал басқасы не істейді? Мұны кім ойлады?

Олар мұндай жағдайға неге түсті?

Атамның айтуынша бұрын ауылда құдықшылар болған екен. Олар жергілікті түрғындармен бірігіп, жыл сайын құдықтарды тазартып көзін ашып отырған. Сондықтанда құдықтардың суы мөлдір, тұщы болған. Қазір ауылда жергілікті тұрғындар аз. Бірі- бір жыл, кейбірі- екі жыл тұрып кетіп жатыр.Туған жерге жаны ашитындар аз.

Қазір ол құдықтарды жиырма жылдың үстінде ешкім тазартпаған,сондықтан көзі бітеліп, суы азайып, суы лайланып кеткен. Алғанда топырақ араласып шығады.

Сондықтан, жергілікті тұрғындарды туған жердің табиғатын сақтауға шақырып, мектепте үндеу газетін шығардық.Ауылымызда сенбілік өткізіп, құдықтарды қалпына келтіру ісін қолға алуды ұсындық. Бұл біздің ұсынысымызды ауыл адамдары қабыл алып, ауылдағы қыстан шыққан қоқыстарды төгіп, құдықтарды тазартып қалпына келтіруге тырысты. Бірақ әлі де болса,сулары ащы.

Бұл да болса біздің табиғатқа жасаған қамқорлығымыз деймін Мектептің айналысына, қарағай, шырша, аққайың  ағаштарын отырғыздық. Гүлзарға гүлдер ектік. Жазда осының жайнап тұрғанда көңіліңе қуаныш сыйлайды.

Сол себепті барлық адамдары өздерінің айналасын таза ұстауға, көгалдандыруға шақырамын.Бұл бізді тек тәртіпке шақырып қана қоймай, табиғатты сүйе білуге, оған жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді.

Су болмаса, көше қоқысқа толса, көк шөп азая бастаса күніміз не болады? Сондықтан «Ойланыңдар,Адамдар!» дегім келеді.

GDE Ошибка: Запрашиваемая ссылка недействительна

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *