“Тәуелсіз елдің ұрпағы”


Кенжегулова Майра Рымбаевна
№145 “Балапан”балабақшасы КМҚК nәрбиешіcі

       Мақсаты: Балаларға Қазастан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет екені жайлы және желтоқсан айының 16 – да еліміздің 26 жыл толуына байланысты түсінік беру; балалардың рәміздер туралы түсінігін толықтырып, нақтылау; балалардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, өз елінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру.

Керекті құралдар: Қазақстан картасы, ту, елтаңбаның суреттері, және ҚР преидентінің портреті, үнтаспаға жазылған Қазақстанның ән ұран.

Сөздік жұмыс: мемлекеттік рәміздер, ән ұран, елтаңба, ебасы.

Сабақ барысы:

1. Қазақстан туралы әңгіме жүргізу.

-Балалар,айтыңдаршы,Отан дегеніміз не? (Балалардың жауыбы).

Иә, сендер тұратын жер, туған үйлерің, жерің және халқын, біздің Отанымыз – Қазақстан. Отан туралы тақпақ айтып береді.

Отан

Отан – сенің  ата – анаң,

Отан – досың, бауырың.

Отан – өлкен, астанаң

Отан – аудан, ауылың           (Артём)

Отан – тарих, Отан- тіл

Жасаған елің, ер халқың

Отан – өлкең, Отан – жыр

Көтерген көкке ел даңқын    (Аружан)

Өз үйіңнен басталып

Отаныңның іргесі

Мұз мұхитпен астасып

Памирменен тілдесір        (Райана)

Отан осы, достарым

Көңілге мұны түйе біл

“Отан” деп өс, жас қауым

Оны ардақтап сүйе біл!       (Айжұлдыз)

Тәрбиеші балалардың зейінін Қазақстанның картасына аударады.

– Балалар, кім маған Қазақстанның мемлекеттік шекарасын көрсетіп береді? (балалар Қазақстанның шекарасын картадан көрсетеді)

Қазақстан туралы өлен оқып беру.

Он алтыншы желтоқсан.

Он алтыншы желтоқсан –

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадыңда қалған күн    (Нұрислам)

– Карта еліміз туралы көп баяндап беретінің сендер білесіңдер. Біз мына картаны қараған кезде не білдік? (Қазақстан – үлкен мемлекет. Онда көптеген қалалар, ормандар, далалар, таулар, өзен-көлдер, пайдалы қазбалар бар).

Бұрын Қазақстан кеңестер одағынын құрамында болған. Одақ 1991 жылы тарады. Қазақстан өз бетінше тәуелсіз, егеменді мемлекет болды. Тәуелсіздік алғанымызға  26 жыл болды. Қазақстанның өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар.

2. Мемлекеттік рәміздер туралы әңгімелесу.

– Біздің еліміздің туымыздың түсі қандай?

– Біздің туымыздың көгілдір түсі ашық бейбіт аспанды және халықтардың бірлігін бейнелейді. Тудың ортасында орналасқан алтын күн бейбітшілік және байлықты бейнелесе, ал аспанда қалықтаған қыран құс ерлікті және біздің халқымыздың алға ұмтылысын және биік ойларының асуларын бейнелейді. ҚР мемлекеттік туын көркемдеу үшін қазақ халқының қол өнеріне сәйкестендіріп, арнайы ою – өрнек жасалған.

– ҚР мемлекеттік елтаңбасында не бейнеленген?

– ҚР елтаңбасында көгілдір түстің аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақтан жан-жаққа таралған сәулелер тәрізді шеңбер бойымен уықтар орналасқан. Шаңырақ пен уықтар республикамызда тұратын халықтардың бірлігін көрсетеді. Ал қанатты тұлпарлар біздің халқымыздың өмірі әрдайым жылқымен, арғымақ тұлпармен байланысты болғанның әңгімелейді. Ел таңбада бес жұлдыз бар. Ол әр адамның өмірінде жарық жұлдызы бар және мыңдай жұлдыз мемлекетте де болу керек дегенді білдіреді.

– Сендер қалай ойлайсындар, мемлекеттік елтаңбаны қайдан көруге болады?

– ҚР шекарасында, маңызды құжаттарда, біздің мемлекеттің теңгемізде белгіленген.

– Тәуелсіз Қазақстанның ел басы кім?

– Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

– Ән ұран дегеніміз не?

– Әр мемлекеттің өз ән ұраны болады. Оны салтанатты жағдайларды орындайды. Спортшыларымыз жеңіске жеткен кезде біздің Отанымыздың туы көтеріліп, ән ұраны орындалады. Ән ұран айтқан кезде міндетті түрде орыңымыздан тұрамыз, ал ер адамдар бас киімдерін шешеді.

Ал қазір орнымыздан тұрып, ән ұранымызды тыңдайық.

3. Отан туралы мақал – мәтелдер айтады.

Отан оттанда ыстық.

Отан үшін отқа түс, күймейсін.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

4. Қорытынды:

– Балалар, біз бүгінгі сабағымызда не жайында әңгімелестік?

– Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жайында.

– Тәуелсіздік алғанымызға биыл неше жыл толады?

– Тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл болды.

– Бізде қандай рәміздер бар?

– Ел таңба, ту, әнұран.

Сендерге сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *