«Күз береке, күз мереке»


Сейітжанова Перизат Дәулетқызы
№145″Балапан” балабақшасының тәрбиешісі 

Мақсаты:  Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлііс – әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой – қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата – аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Күз береке, күз мереке» атты  ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Музыка бөлмесі мерекеге сай безендірілген, қолдарында қызыл – сары жапырақтары бар балалар көңілді әуенмен кіріп билейді. Әуен аяқталған  соң, орындарына отырады.

Ортаға 3 бастаушы  бала шығады.

Айерке:Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Арина:

Қызыл, сары, жапырақтар,

Алтындай жарқырайды

Ағыл-тегіл жаңбырда

Жерге төгіледі тамаша

Аңсар:Ақтарады мырза күз, уылжыған жемісті,

Күзге бізде ризамыз, аянбаған ел үшін.

Көбейді құт береке, астық толы қамбамыз,

Құтты болсын мереке, алтын күзді тойлаймыз.

 

Шеңбердің ішінде құлпынайлар өсіп жатады.

Жүргізуші: Рахмет, балалар. Күз мезгілі де келіп қалды. Жеміс – жидектер де пісіп қалыпты. Апай,  мына дәмді құлпынайларды қалай жинапаламыз. Кім бізге көмектеседі?

Қыздар:Апай біз сізге жинауға көмектесеміз. (Қыздар2 құлпынайдан алады. Құлпынайдың біреуін ұлдарға береді.)

Жүргізуші: Қыздар, құлпынайды жинадыңдар. Рахмет. Ал ұлдарға не үшін бердіңдер? Олар не істейді ?Құлпынайды жейме ?

Қыздар:Жоқ. Ұлдар құлпынайдан тосап қайнатады

Жүргізуші:Ендеше ,құрметті қонақтар, ұлдардың тосапты қалай қайнатады екен соны көрейік.Қыздар ұлдарға көмектеседі.

Би: «Құлпынайдан тосап қайнату»

Жүргізуші: Керемет би болды. Қыста тосапқа тоятын болдық. Рахмет ұлдарға. Кішкене тақпақ тыңдасақ.

Алина:Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Ұлан: Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан, алуанжапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады жапырлап.

Аяла: Ел егінін жинайды

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала, бай дала

Алтын астықайнала

Елдос: Алтынға бояп өңірді,

Күзде келді көңілді.

Бау- бақшада ,орманда,

Сары жапырақ төгілді.

Жүргізуші:Елдос айтқандай, бау-бақшада орманда, сары жапырақ төгілді. Айналаның бәрі сары алтындай. Балалар, қонақтарға арнап ән айтып берейік.

Ән: «Алтын күз»

Әдемі әуен ойналып, ортағаКүз ханшайымы келеді.

Күз ханшайымы: Алтын асты қалқабым,

Жел аймалап тербеткен.

Байлыққа толы әрбағым,

Келген бәрі еңбекпен.

Сұрғылт келген мезгілмін

Жүрегім жомарт мен күзбін.

Сәлеметсіздерме, балалар!

Балалар: Сәлеметсізбе, Күзханшайымы.

Жүргізуші:Қош келдіңіз, біздің мерекеге Күз ханшайымы. Жемістер- көкөністерпісіп, мол өнім жинап алдыңызба?

Күз ханшайымы:Иа, апай. Өнімім мол. Бірақ білесіңдерме, менің көкөністерім бір-бірімен дауласып қалыпты. Қайсысы адамға пайдалы екенін шеше алмай жатыр. Кім көмектеседі?

Жүргізуші: Тыңдап көрейік. Шешуге көмектесейік.

Үлкен себеттің ішіндегі көкөністердің айтысы.

Көкөністер(хормен):

Жиналып қаппызбәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз?

Аяжан-қияр:

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне.

Айсәуле-пияз:

Боламын мен демеуіш,

Барлық- барлық тағамға.

Көкөністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.

Жансерік-сәбіз:

Кім бар сәбіз шырынын,

Жастайынан ішпеген.

Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күшке де.

Жанайдар-қырыққабат:

Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда.

Мені қосса самсаға.

Жейді бәрі тамсана.

Іңкәр-қызанақ:

Піскен кезде қызанақ,

Көз тартар қызыл түсімен.

Барма адам сүйсінбей,

Томат шырынын ішпеген.

Дина- шырын:

Мен де бірсөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге

Менсіз борщ болмайды,

Винегрет те үстелге.

Айнара- картоп:

Мен ұялшақ картоппын,

Мен емеспін мақтанар,

Мені жақсы көреді,

Үлкендер мен балалар.

Бос айтысты қояйық,

Дауласуды тоқтатайық.

Зере-дәрігер: Неге шулап жатырсыңдар?

Көкөністер бәріде ,

Денсаулыққа пайдалы.

Мұны жатқа біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер.

Барлығың да дәмдісіңдер,

Шырқап айтар әнімсіңдер.

Көзтоймайтын кереметтер,

Дастарханның сәнісіңдер.

Күз ханшайымы: Рахмет, сізге дәрігер ханым. Бәрін түсіндіріп бердіңіз. Ал енді балалар, сендер мен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты: «Кім тығылып қалды? » Шеңберге тұрамыз. Айналып жүреміз. Отырамыз. Көзімізді жұмып, ашқанда кім жоқ екенін айтамыз.

Бәрібірге: 1,2,3 – бойға жинап күш,

Жан-жаққа қараймыз

Кім жоқ ,анықтаймыз

Күз ханшайымы: Кім тығылды қанекей,

Айтшы маған балақай?

Жүргізуші: Өте жақсы, балалар. Күз ханшайымымен бірге қызықты ойын ойнадық, иа. Сендерге ойын ұнады ма? Күз ханшайымы қарашы, біздің қыздарымыз сондай әдемі. Осы кішкентай ханшайымдарымыз күз мегілінің алтын-сары жапырақтарындай келбетті. Айтыңызшы, сіз кімдерге ұқсатасыз?

Күзханшайымы: Ал мен кішкентай ханшайымдарды сап-сары балапандарға ұқсатып тұрмын.

Жүргізуші: Ол да дұрыс. Ендеше біздің ханшайымдарымыз сізге және қонақтарға арнап, би билеп бергісі келіп тұр.

Би: «Кішкентай балапандар»

Жүргізуші:Кезекті тақпаққа берсек.

Дінәлі:Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып-теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.

Мол өнімді жинаймыз,

Елге бәрін сыйлаймыз.

Ақжол: Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр – сыбдыр етеді.

Рамазан:Көрініп еліме,

Күндері мереке

Келді ғой жеріме

Күз дейтін мереке.

Заңғар: Алақай, алақай,

Шаттанды балақай

Мереке салты күз

Мереке алтын күз

Көңілді әуен ойналып, Валя тәте келеді.Диалог орысша.

Арина: Красатой щедра ты,

Осень золотая

А еще богата

Чудо урожаем

Жәнібек: Огурцы и помидоры

Есть морковка и салат

Айсәуле: Лук на грядке,

Перец сладкий

И капусты целый ряд

Ойын: «Зайка в огороде»

Жүргізуші:Балалар, мен сендер мен ойын ойнағым келіп тұр. Қазір біз сендермен әртүрлі дыбыстар естиміз. Ненің дыбысы екенін анықтаймыз?

–        Желдің қатты соққан дауысы…

–        Құстардың жылы жаққа ұшып бара жатқаны…

–        Күннің күркіреген дауысы…..

–        Жаңбырдың жауғаны….

Балалар, дауыстардың бәрін анықтадық. Жаңбырдан бізқорықпаймыз. Ортаға шығайық, аналарымызға ән айтып берейік.

Ән: «Жаңбыр»

Күз ханшайымы сөйлеп жатқанда, бас киімдердікигізу

Күз ханшайымы: Балалар, бүгінгі мереке маған сондай ұнап жатыр. Әнде айттық, бидіде биледік, көкөністердің дауласқанын да шештік. Құрметті қонақтар, балалар тақпақтарында жақсы айтты. Менің, күз мезгілінің ,өнімдері өте мол. Қараңыздаршы: алма, алмұрт, қияр, қызанақ …..бәрі –бәрі осында жиналып қалыпты.Жеміс- көкөністердің жақсы өсуін қадағалайтын бағбаншыда келіпті.  Көңіл-күйімізтамаша. Тағы бір ойын ойнайық.

Ойын: «Бақшада»

Балалар шеңберге тұрады. Бағбан ортада.

Балалар айнала жүреді: Бақшада, бақшада

Көкөністер, жемістер,

Көп болып өсіп тұр.

Балалар тоқтайды:   Бірақ саған жоқ

Бағбан: Тук-тук-тук-тук-тук

Балалар:   Бұл кім?

Бағбан:     Мен бағбанмын

Балалар:   Саған бізден не керек?

Бағбан:   Сәбіз керек

Жүргізуші: Енді балалар, ұлдар қыздарды шақырады. Әдемі болып, би билеп берейік.

Би: «Көкөністер-жемістер»

Жүргізуші:Құрметті қонақтар, біздің балапандарымыз дайындаған күзгі ертеңгілігіміз аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *