«Гномның оқиғасы»


Бекшина Умит Советовна
№145 “Балапан”балабақшасының музыка жетекшісі

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біз сіздерді Жаңа 2018 ит  жылы мен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа
жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.
Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.
(Музыка ойналады. Залға  Петрушка мен Сайқымазақ жүгіріп келеді.)

Петрушка. Амансың ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік
Сайқымазақ:Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы
Қызық- Қызық сырлар бар.
Петрушка. Тоқтай тұр сайқымазақ. Сен кімді шақырып жатырсың?

Сайқымазақ: . мені естіп тұраған барлық жандарды.

Петрушка. Біздің ертегіміз жаңа жыл туралы ғой.

Сайқымазақ:. Иа, онда тұрған не бар?

Петрушка. Біз, ең керекті адамдарды шақыруды ұмытып кетіппіз.

Сайқымазақ:Мен ешкімді де ұмытқан жоқпын.

Петрушка. Балалар, біздің жаңа жыл мерекемізге кімдерді шақыруды ұмытып кетіппіз?

Балала:. Аяз ата, Ақшақар.

Сайқымазақ:Ой, шынымен де. Енді не істейміз?

Петрушка. Ендеше Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз дауыстап шақырайық.

(Бәрі дауыстап шақырады, ешкім келмейді)

Сайқымазақ: ой, Аяз ата мен Ақшақар алыс орманда. Бізді естімей жатыр. Шыршаға жақындап   ән шырқайық. Аяз ата даусымызды естіп тез келсін.
Петрушка. дұрыс айтасың,  сайқымазақ.балалар шырша туралы әсем әнді біледі. Сайқымазақ: Қане, шыршаны айналып, ән айтайық.

«Кішкентай шырша», әні орындалады.

(Әуен ойналады, залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді)

Аяз ата. Армысыңдар,қарақтарым,

Армысыңдар, құлындарым!?

Жаңа жылды алып келдім,

Ақ шырақты жағып келдім!

Сендерге мына балаларым,

Тәтті сыйлық алып келдім!

Ақашақар: Ақшақар: Амансыздар ма,балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын.

Аяз ата. Сендердің әндерің немереміз екеуіміз естіп келдік.

Жасыл желек жанығып
Асыл моншақ тағылып
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Петрушка. Сұлу шыршаға арналған балалар тақпақтар жаттапты

Сайқымазақ: Қане кім бізге тақпақ айтады?

(Ортаға шығып тақпақтар айтады)

Аяз ата. Қандай тамаша тақпақтар біледі екенсіңдер.
Сендер  аяздан қорықпайсыңдар ма?

Балалар. Жоқ

Аяз ата. Қазір мен тексеріп көрейін. Менің таяғым сиқырлы, тиіп кетсе қатырып  тастайды. Таяқпен жерді ұрғанда тез отыра қалу керек. Кім отырмаса соны қатырып тастаймын.

Ойын «Қатырамын»

Петрушка. ойын ойнадық,  көңіл көтердік.  Ал енді біздің ертегімізді тыңдаңдар.

Сайқымазақ:біз сіздерге кішкентай гном туралы ертегі айтып береміз.

(гном шығады)

Петрушка. Міне, гномнын өзі де келді.

Сайқымазақ:гном жаңа жылға шырша шауып алғысы келді.басына бас киімін, қолғабын киіп , қолына балтасын алып орманға келді.  (киімін кигізеді.),

«Шырша лар шығады»

Матрешка. Гном бір шыршаны таңдады. (бір қыз қалады, оның артында қоян тығылады) енді балтасын алып шаба бергенде қоян жүгіріп шығып:

Қоян. Бұл шыршаның астында мен баяғыдан бері тұрамын. Оған тиіспе.

Гном. Жарайды, сенің шыршаңа тиіспеймін.

Сайқымазақ: Қоян қуанып жүгіріп кетеді.

Петрушка. гном әрі қарай жүріп, тағы бір шыршаны көреді. (екінші қыз тұрады, артында түлкі)

Енді балтасын алып шаба бергенде түлкі жүгіріп шығып.

Осы кезде үшінші шырша тұрады, артында аю.

Түлкі. Бұл шыршаға тиіспе,

Бұл біздің шыршамыз. Әне анау тұрған шыршаны ал.

(Үшінші шыршаға көрсетеді)

Гном. Жарайды түлкі сенің де шыршаңа тиіспеймін.

Петрушка. түлкі қуанып кетіп қалады.

Сайқымазақ: Гном үшінші шыршаға жақындап, шаба бастағанда, аю жерді тарсылдатып, жылайды.  Гном зәресі ұшып, шыршаның  жанынан алыстайды.

Петрушка. көңіл күйі жоқ гном көп жүреді. Кеш батады.

Гном.
Көптен күтіп сағынған
Сұлу шырша қайдасың?

Жаңа жылды енді қалай қарсы аламын?

Петрушка. Бір кезде гномның алдынан Аққала шығады.

Аққала. Сәлем,достар,аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.

Гном, сен неге көңілсізсің? Сен Аяз атаға бар. Ол саған міндетті түрде көмектеседі.

Гном. Рахмет, Аққала.

Сайқымазақ: осы кеште Аяз атаны қалай тапсам екен,?

Одан да мен достарымды шақырайын. Бәріміз би билейік.

«Гномдар биі».

Сайқымазақ:Сөйтіп, гном  Аяз атаны тауып алады.Ал  Аяз ата ұйықтап жатыр екен.

Петрушка. Гном, балалар мен білемін қалай Аяз атаны ояту керектігін. Біз бәріміз қосылып ән айтайық.  Сол кезде аяз ата оянады.

Ән орындалады. «Салемет пе Аяз ата»

Аяз ата.     Бұл кім?  Әнді қатты айтып, мені ұйқымнан оятып жібердіңдер ғой.

Гном.

Жасыл желек жанығып
Асыл моншақ тағылып
Сұлу   шырша қайдасың?
Көптен күтіп сағынған, -деп аяз атаға шыршаны  таба алмай жүргендігін айтады.

Аяз ата: Мен саған көмектесейін. Сен бала бақшаға бар. Балалар жаңа жылды тойлап жатыр. Сол жерде шырша да бар.
Петрушка.Гном бақшаға да жетті,

Ғажайып  шыршаны тапты.

Сайқымазақ:

Бізбен бірге жайдары
Жарқырайды жайнайды.
Айналамыз шыршаны
Айналамыз баршаны.
Аяз ата. бір, екі ,үш

Шырша шамы жарқыра.!

3 бала тақпақ айтады.

Хоровод «Аяз ата»,

Петрушка: аяз ата, мен қызықты ойын білемін.

Аяз ата.Ол қандай ойын?

Петрушка.көңілді-көңілді, күлкілі-күлкілі….. Ой, ұмытып, қалдым!

Аяз ата. Қап, неге сен сондайсың? Енді сені құтқару керек.  Мен көңілді, қызықты ойынды білемін. Қазір сендерге де үйретемін.

«Қармен ойын»

Сайқымазақ:

Күліп ойнап би билеп
Ән салайық бәріміз.

Петрушка. «Ақшақарлар» биін тамашалайық
Ақшақар.Аяз ата,бүгін барлық балалар өнерлерін аямады. Би де биледі, ән де айтты.

Аяз ата. Мен балаларды жақсы көремін. Кімді жақсы көрсем соған сыйлық беремін. Менің қапшығым қайда? (Кішкентай қапшықты алып шығады.)

Ақашақар:Ата, бұл ол қапшық емес қой, онын ішінде балаларға арналған сыйлықтар болу керек.

Аяз ата. Иа, немерем, бірақ мен сиқыршы емеспін бе.
бір, екі , үш қапшық сыйлыққа тол.

Жарық өшеді, сыйлыққа толы қапшық тұрады.

Аяз ата. Ал, қанеки, Петрушка, Сайқымазақ  маған ана тұрған қапшықты алып келіп, балаларға сыйлық таратуға көмектесіңдер..

(Кейіпкерлер балаларға сыйлықтар таратады).

Аяз ата.
Ал балалар, балалар
Біз бармаған қала бар
Асқар тау бар, дала бар
Ата бала апа бар
Соларға тез жетейік
Рұқсат болса кетейік
сау болыңдар балалар.
(Аяз ата мен Ақашақар кетеді) .

Петрушка жәнеСайқымазақ: (бірге)
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық.
(Қонақтар залдан әсем әуенмен шығады.)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *