“Жаңа жыл”


Арконова Алмагуль Кайроллаевна
№145 “Балапан”балабақшасының тәрбиешісі 

Мақсаты: Балалардың мерекелік қуаныш сезімдерін арттыру. Мереке барысында балаларда көркемдік қабілетін, эмоциялық икемділігін, шығармашылық белсенділігін дамыту. Достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету. Үлкендерге, құрдастарына деген құрмет сезімін және мереке үстіндегі іс-қимылдары мен мінез-құлықтарына қызығушылық сезімін тәрбиелеу.

Микрафоннан хабарландыру:

Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңыздар.Басталады жаңа жылдық карнавал, маскада бар, биде бар. Асығыңыздар шырша жанында қонақтарды қарсы алыңыздар. Шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады жаңа жылдық карнавал.

 

Мерекелік залға екі бала кіреді. Қонақтарды, ата- аналарды құттықтайды.

Әлия:Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңдайды,
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Далада аппақ қарлар үлбіреген,
Қуаныш келе берсін күлімдеген,
Сіздерді бақыт тілеп құттықтаймыз,
Алдағы келе жатқан жаңа жылмен.
А.Нұрислам:Құрметті қонақтар келе жатқан жаңа 2018 жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтаймын!!!

Әдемі әуенмен бірінші қыздар, екінші ұлдар кіреді.

Тақпақтар: 4 бала

Мадияр: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған,
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған,
Кел балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер!

Максим: Шарики сияют,
Огоньки блестят,
Елочка-красавица
Радует ребят.
Дед Мороз подарки,
Торопясь, несет.
Здравствуй, зимний праздник,
Добрый Новый год!

Ж. Нұрислам:Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын Жаңа жыл.
Ата, әже, әке, шеше,
Құтты болсын Жаңа жыл.

Айсана: Кел,балақай,шырша дайын,
Қол ұстасып ән салайық.
Жаңа жылдың жарқын айын,
Ән мен бимен қарсы алайық.

ӘН: «Шырша жыры»

Диас:Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы
Қызық- Қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп 6ip шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.

Ертегі «Аңдардың достығы туралы»

(Мерекелік музыка ойналады.) Қоян ceкірin шығады
ҚОЯН: Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!

Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтапқалады.
Қоян:Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Аю:Жаңа жылдың тойында «Жан салайық» ойынға!
Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.
Түлкі:Қоянжанға бір сәлем! Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда!
Түлкі: Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш тулкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түcin,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян:Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі Осы кезде орталарына кipni келеді Kipпi: Сәлем,достар,аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.
Қоян: Келші биге басайық!
Бәрі билеп жатқанда, тиін келеді.
Тиін: Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар-ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге 6ip сәлем.
Бәpi: Сәлем,тиін! Жақсы-ақ биі!
Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.
ЖАН: Қасқыр:Армысыңдар!Бармысыңдар,ағайын!
Кәне құшақ ашайық,
достық тойын жасайық
Жаңа жыл құтты болсын !
Достығымыз мықты болсын!
Барлығы:
Күнде бірге жүреміз,
Бірге ойнап күлеміз.
Бірімізге –біріміз,
Көмектесіп жүреміз!!! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Ортаға сиқыршы шығады: Сәлеметсіңдер ме балалар. Бұл не мереке?
Балалар: «Жаңа жыл» мерекесі.Ешқандайда мереке болмайды .Мен оған жол бермеймін.
Тәрбиеші: Сен кімсің?
Сиқыршы: Мен сиқыршымын. Мен сендердіде сиқырлап тастай аламын. Мерекеге келе жатқан Аяз Атаны өз сиқырыммен қатырып, ақшақардың қолын, аяғын байлап кеттім.
Тәрбиеші: Сиқыршы біздің балалар Аяз Ата мен Ақшақарға әндерін, тақпақтарын айтамыз, би билейміз деп тосып отыр, сонымен қатар бізге қаншама қонақтар келіп отыр.
Ақшақар: Даусы микрафоннан шығады. Балалар сиқыршы келіп Аяз атаны қатырып, мені қол аяғымды байлап кетті. Біз мерекеге кешікпей келуіміз керек. Бізді құтқарыңдар.
Сиқыршы: Менің тапсырмам бар орындайсыңдарма?
Балалар: Орындаймыз
Сиқыршы: жақсы мен бір сөйлемді бастаймын, сендер ұйқасын тауып аяқтайсыңдар.

1.Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр   жаңа жыл.
2.Қызыл мұрын ақ мұртты,  білсең атын тез ата.
Келеді бізге    Аяз ата
3.Шырша бүгін кәделі, шырша бүгін   әдемі
4.Көңілсіз бір бала жоқ, ойын күлкі таралсын.
Құтты болсын жаңа жыл.

Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар! Менің тапсырмамды орындадыңдар.  Ал тақпақ айту білесіңдерма?

Тақпақтар: 5 бала
Мейірбек:Даланың да,қаланың да,
Думандатып отбасын.
Тағы міне Жаңа жыл.
Қақты әр үйдің қақпасын
Кел Жаңа жыл,жаңа жыл!
Далама,қалама,жеріме,
Жаналықтармен жағымды.
Шыға ғой әлем төріне!

Диляра: Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға

Елдос:Жылдың әсем бұл шағы
Шыр айналдық шыршаны
Шоқ жұлдыздай көрікті
Жымың қағып тұр шамы

Әділ: Скоро в гости к нам придет,
Развеселый Новый год.
И подарков целый воз
Приготовит Дед Мороз!
Приходите к нам зверушки
Приносите нам игрушки
Будем елку наряжать!
Будем праздник приближать!
М.Милана:

Аяз Ата мен Ақшақарды шақыру:
Қоңырау үні сыңғырла,
Аяз ата, ақшақар.
Біз сендерді сағындық,
Тез келіңдер ортаға.
Аяз ата, ақшақар!!!

Сайқымазақ кіреді. Аяз атаның киімін киіп алып.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Тәрбиеші: Аяз Ата қасыңыздағы Ақшақарыңыз қайда? Балаларға сыйлығыңыз қайда? Өзі түріңізде бір түрлі екен. Аяз Атаның шашы көк болушымед? Балалар мына кісі Аяз Атаға ұқсайма?
Сайқымазақ: /шыршаның артына барып шапанын, бас киімін шешіп шығады/ Алдадым, алдадым. Балалар әдемі шырша, мерекелік көңіл күй, менімен бірге ойын ойнағыларың келеме?
Ойын: « Қар лақтыру ойыны»
Сайқымазақ: Балалар маған сендермен бірге қалуға болама? Менде әр қарай сендермен бірге жаңа жыл мерекесін тойлағым келіп тұр.
Балалар: Болады
Тәрбиеші: Жақсы сайқымазақ енді Аяз ата мен ақшақарды шақырайық.

Аяз Ата мен Ақшақарды шақыру:
Қоңырау үні сыңғырла,
Аяз ата, ақшақар.
Біз сендерді сағындық,
Тез келіңдер ортаға.
Аяз ата, ақшақар!!!

Аяз Ата мен Ақшақар кіреді.
Ән: «В лесу радилась елочка»
Би: «Ақшақарлар»
Тақпақтар: 4 бала
Кәусар: Ал балалар тұрмайық,
Би билейік ойнайық.
Аяз ата қуансын,
Дөңгеленіп зырлайық.

Карим:За окном белым-бело,
Все тропинки замело.
Дед Мороз в санях спешит,
Иней в бороде блестит.
Огоньки кругом горят,
Ждут подарки всех ребят.
Скоро сказка в дом придет —
Наступает Новый год!

Арнұр:Шаттық жыр,шаттық жыр
Дидарыңда шаттық нұр
Аяз ата ортада
Арқасында қапшық тұр

Игнат:Ақ сақалды,таяқты.
Қалын қырау қабақты
Аяз ата біздерге
Базарлығын таратты.

Ойын «Қимылмен  көрсет»

Би: «Санта клаус»

Тәрбиеші: Балалар биыл қай жылды шығарып саламыз?
Қайжылды қарсы аламыз?

ТАУЫҚ ЖЫЛМЕН ҚОШТАСУ. ИТ ЖЫЛЫН ҚАРСЫ АЛУ.

Р. МИЛАНА:       Шығыс күнтізбесі бойынша 2017 жыл тауық жылы болды. Менің адамдарға пайдам көп. Мен ерте тұрып таң атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса жатар мезгіл болды деп тағы шақырамын. Биылғы жыл берекелі жыл болды.  Астанада бүкіл әлемдік ЭКСПО көрмесі болды. Оған жүзге жуық ел қатысты.Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Келер жылға сәттілік тілеймін!!!

АЛДИЯР:     Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Ит жеті қазынаның бірі демекші бір жыл бойы мен сіздермен бірге боламын. Мен сіздерге ең жақсы дос бола аламын. Маған көңіл бөліп еркелету қажет.Адам баласына үй жануарларының ішінде иттен жақыны жоқ. Сондықтан мені жыл атауына енгізген. Менің сүйікті тамағым сүт, ет, дәмді печенье. Мен адаамға еркелеген кезде құйрығымды қозғалтамын. 2018 жыл Қазақстанға мерекелі, берекелі, қуанышты жыл болатынына мен сенемін. Келе жатқан жаңа ит жылы құтты болсын!!!!

Ән: «Жаңа жыл»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *