“Отан – отбасынан басталады!” Отбасылық сайыс


Ташимова Мунира Амангельдиевна
№145″Балапан” балабақшасы КМҚК денешынықтыру нұсқаушысы

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, балаларға ата-аналарымен өз қабілеттерін, ептіліктерін оятуға мүмкіндік беру, өздерінің қимылдық тәжірибесін пайдалану, алғырлығын, шапшаңдылығын, күштілігін, төзімділігін дамыту, балалар мен ата-аналар арасындағы мейірімділік, достық қарым-қатынасты арттыру.

Барысы:

Жүргізуші:

Ал! жанұя  отыр сынға түскелі,

Сынамақшы ептілік пен күштерін

Әрбірінің жігер күші жалындап,

Жеңіс сәтін тағат таппай күткені.

«Отан-отбасынан басталады!» атты отбасылық сайысқа қош келдіңіздер! Енді сөз кезегін балабақшамыздың директоры Сакенова Айгүл Мықтыбайқызына береміз.

Олай болса, құрметті қонақтар,  жанкүйерлер, сайысқа қатысатын топтарды қарсы алайық!

Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің таныстыруы кәміл шықты.

Спорт пен жылдамдықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Сайысымызға әділ бағасын беретін әділқазыларымызды таныстырып жіберейік!

Жүргізуші:

Жиырма жыл он ғасырдың жүгін арттың,

Ел болып еркіндіктің туын тарттың

Әнұраным көк байрағым қалықтады,

Қазақтың бар әлемге үнін қаттың!

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады:

Жүргізуші:

Ал, енді  жарыстың шарттарымен таныстыра өтейік.

1. Таныстыру (Топтың аты, ұраны, эмблемасы)

2. «Нық қадамдар жасаймын!»

3. «Көңілді қаптар мен доптар».

4. «Кім жылдам?» сайысы.

5. «Көңілді эстафета»

6. «Арқан тартыс» сайысы.

Жүргізуші:

Қызады бүгін той-сайыс

Ырыс дәулет мол болсын.

Жылда осындай той болсын,

Ал, қанекей жол болсын!

1-кезеңі: Таныстыру. (Топтың аты, ұраны, эмблемасымен таныстыру).

2-кезеңі: «Нық қадамдар жасаймын!»

Ойын шарты: әке мен ана таяқшаны баланың алдына ұстап, бала оны аттай отырып белгіленген жерге жетіп, кері қайту.

3-кезеңі: «Көңілді қаптар мен доптар» сайысы.

Ойын шарты: әке мен ана кезектесіп қаппен секіріп барып кері қайту, бала секіргіш доппен секіру.

4-кезеңі: «Кім жылдам?» сайысы.

Ойын шарты: әке мен ана екі қолдарын айқастыра ұстап баланы отырғызып кеглдер арасымен жүгіру.

5-кезеңі: «Көңілді эстафета».

Ойын шарты: бала самокатпен, ана секіргішпен, әке теннис ракеткасымен кеглді айналып жүгіру.

6-кезеңі; «Арқан тартыс» сайысы.

Ойын шарты: отбасылар өзара арқан тартып күш сынасу.

Жүргізуші:

Дене шынықтыру керек бәрімізге,

Жаттығу ырғағы қосылады әнімізге,

Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,

Ауру, сырқауды жолатпайды тәнімізге.

Әділ-қазыларға сөз беру.

Жарыстың қорытындысын шығару.

Жүргізуші:  Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік-ел бақыты, ертеңі,

О халайық!

Құтты болсын қуаныш.

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Жеңген топтарға сыйлықтар мен грамоталар беріледі.

Келіп тамашалап көргендеріңізге рақметімізді айтамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *