Қаратау қаласының ауа құрамының ластануы

 Қосымбекова Жанар Кеттеханқызы
 Жамбыл облысы Талас ауданы, Қаратау қаласы, М.Әуезов атындағы орта мектеп география және биология пәнінің мұғалімі

   Табиғат – біздің асыраушымыз әрі барлық сұраныс – қажетімізді қанағат- тандыратын, сонымен қоса халық шаруашылығының негізгі салаларын шикізатпен қамтып, өнеркәсіпті де өркендететін асыл қазынамыз.

Адам- табиғат перзенті. Табиғат-бізді қоршаған орта. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Адамның санасыз әрекетінің кесірінен табиғаттың тозуы-экологиялық  дағдарыс туғызады. «Экологиялық мәселелер – ең маңызды өмірлік мәселелердің бірі, өйткені әңгіме адамның ғұмыр кешетін ортасы жайында, болашақ ұрпақтарының өмірі туралы болып отыр» деген

Ш. Айтматов.

Қазақстан Республикасы Конституциясында «Қазақстан Республикасы азаматтары табиғатты қорғауға, оның байлықтарын үнемдеп пайдалануға міндетті» делінген.

Экологиялық дағдарыс бүгінгі таңда бүкіл әлемдік мәселеге айналып отыр. Ал оның ең өзекті мәселелері мемлекеттік немесе мемлекетаралық шаралар негізінде шешілуге тиіс.

Айналамыздағы ортаның ластануы дегеніміз – түрлі заттар мен қосылыстардың антропогендік жолмен араласу нәтижесінде оның қасиеттерінің жағымсыз өзгеруі. Ол литосфераға, гидросфераға, атмосфераға, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне,  адамның  өзіне зиянды әсерін тигізуде.

Адамзаттың күнделікті тұрмыста заттарды шектен тыс тұтынуы және өндіріс орындарының қалдықтарды көп шығаруы – ластаудың басты көзі.

Табиғат миллион жылдар бұрын дамып, өркендегендіктен, ондағы тіршілік иелері бір-бірімен  өзара өте тығыз байланысты. «Адам табиғатпен өмір сүреді»- демекші,  адам табиғаттан бөлініп кете алмайтын болғандықтан, қазіргі кездегі барлық мемлекеттердің негізгі міндеттерінің бірі табиғат байлығын тиімді пайдалану, қоршаған ортаны таза ұстау болып отыр.

Адамзат алдындағы аса күрделі экологиялық мәселе –табиғат ресурстарын тиімді пайдаланып, оны қорғау, жойылғанның,пайдаланған дүниенің орнын қалпына келтіру. Бұл мәселенің тууына адамдар қолымен жасалған сауатсыз экологиялық    іс –әрекеттердің нәтижесі себеп.

Ғылыми деректер бойынша Қазақстанда орналасқан ірі өнеркәсіп орындарынан жылына сыртқы қоршаған ортаға 2 млрд 153 млн тонна, яғни 30% зиянды улар тарайды екен. Оның ішінде күкіртті ангидрид 1 млрд 57 млн тонна -30%, азот тотығы 0,316 млрд тонна -8%, қорғасын 4 млрд 304 мың тонна -12%.

Қазір Республикамызда халық арасында аурулар, өлім –жітім көбейіп кетті. Баланың іштен кеміс болып немесе басқа аурулармен тууының басты себептерінің  бірі –қоршаған ортаның бұзылуынан, тағам құрамының ауытқуынан табиғи өнімнің азаюынан туындап отыр.

1. Демалу органдарының ауруы -40%

2. Тері ауруы -8%

3. Зәршығару мүшелерінің ауруы -7%

4. Асқорыту жүйесінің ауруы -6%

5. Көз ауруы -5%

6. Инфекциялық және паразиттік ауруы -5%

7. Талу және улану -7%

8. Басқа аурулар -22%

Қаратау қаласының ауа құрамына бірінші үш айда жүргізілген зерттеу жұм- ыстарының қорытындысы бойынша ауа құрамының бұзылу шегі шаң 0,3%, азот

диоксиді 0,06%, күкірт диоксиді 0,08%, азот оксиді 0,02%, фтор сутек 0,004%, қорғасын 0,0001%, формальдегид 0,008%, хлор 0,03%. Үш айда жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша ауа құрамының бұзылуы орта есепен шаң 0,1%, көміроксиді 2%,  азот диоксиді 0,04%, фтор сутекті 0,002%,формальдегид 0,007%. Қаңтар, ақпан, наурыз айларында жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша Қаратау қаласының ауа құрамы 5,62% -ға ластанған. Қаратау қаласының ауа құрамын ластаушы көздер: Қаратау химия кен  комбинаты, соңғы ашылған цианит өндіріс орны, қаланы жылумен қамтамасыз етіп отырған  «Игілік» акционерлік шаруашылық серіктестігі, мрамор  тасын  ұнтақтайтын  кен  орны , автокөліктен шығарылатын түтіндер, көмір жағатын жеке тұрғын үйлер.

Қаңтар, ақпан, наурыз айларында Қаратау қаласының ауа құрамының ластануы 5,62%  болса сәуір, мамыр, маусым айларында Қаратау қаласының ауа құрамының ластануы 4,28%. Бірінші үш айлық пен екінші үш айлықта жүргізілген зерттеу  қорытындысы бойынша екінші үш айлықта ауа құрамының ластануы бірінші үш айлықтан 1,34% төмен. Себебі, сәуір, мамыр, маусым  айларында біріншіден  от  жағу  тоқтатылды, екіншіден жер ананың бетіне өсімдіктер шығып , өзінің бетіне шыққан өсімдігімен сұлу көрінетін кезең.

Өсімдік – тіршілік тірегі. Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн тонна оттегіні қабылдайтыны анықталған. Жасыл желектер  ауаны улы газбен шаңнан тазартады. Өсімдіктер ауада  ауру тудыратын  бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады. Медицинада алатын орны ұшан-теңіз. Сондықтан өсімдіктің  қызметін  бірде-бір жетілген  механизм атқара  алмайды.

Қазақ атамыз «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген мақалды бекер айтпаған болу керек. Біздің ұсынысымыз әрбір адам қолынан келгенше экологияның жақсаруына үлес қосып, бұл жұмысты қарапайым ғана ағаш егуден бастақ, Қаланың ауасын тазалау үшін отырғызылатын жасыл көшеттердің рөлі ерекше. Өсімдік көмірқышқыл газын өзіне сіңіріп, нәтижесінде оттегі бөледі.  Орта көлемдегі ағаш 24 сағат ішінде үш адамның тыныс алуына қажетті оттегіні бөліп шығарады. Жасыл ағаш көшеттері ауаны өнімдік және шығарма газдардан тазартады, сонымен қатар олар ауадан тек қана көмірқышқыл газы ғана емес, тұншықтырғыш газды да сіңіріп алады, сондықтан да саябақ аймақтарының көлемін кеңейту өте қажет. Экологиялық жағдайдың тұрақталуында үлкен маңызды орын алатын тағы бір жайт – халықтың экологиялық сауаттылығы және әрбір азамат экология негіздерін білуі қажет. Сонда ғана, әрбір азаматтың бойында, қанында, жақсы көзқарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған жердің табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады.

Табиғатты қорғау әлеуметтік және экономикалық мәселеге айналды.Адам тіршілігінің қауіпсіздігі осы мәселердің дұрыс шешілуіне байланысты. Күн сайын ауа райының ластануы бұл мәселенің адам пайдасына шешілуін тежеп, шиеленістіре түсері сөзсіз, Атмосферада көмір қышқыл газының көбеюі, радиацияның артуы, өсімдік жамылғысының азаюы сияқты ауқымды өзгерістер табиғатты қорғаудың қажеттігін арттырып отыр.

«Қаратау қаласының ауа құрамының ластануы» атты  жобаны  орындау барысында келесі нәтижелер алынды.

Қаратау қаласының ауа құрамына Қазгидромет республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қаратау метеостанциясының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген зерттеу жұмыстарының барысында ауа бассейінің ластаушы заттардың құрамы мен мөлшері және ластаушы көздері анықталды. Қаланың  ауа бассейінін ластағыш заттар: шаң, күкірт диоксиді, сульфат ертіндісі, көмір оттегісі, азот диоксиді, фторлы сутегісі, қорғасын, формальдегид, хлор, фосфор ерітіндісі.

Қаланың ауа ауа бассейінін ластағыш заттардың шығу көздері: Қаратау

фосфорит кен орны, цианит өндіріс орны, қаланың орталық жылыту қазандығы, көмірмен жылытатын жеке тұрғын үйлер, қаладағы тұрғындардың жеке автокөліктері т.б.ауаның ластануына әсерін тигізуде.

Қойылған міндеттер…

2017-18 жылдары Қаратау қаласының ауа құрамының ластану деңгейін зерттеу мақсатында алға бірнеше міндеттер қойылды.

–  Қаланың ауа құрамындағы  ластағыш заттардың мөлшері мен зиянды химикаттардың шығарылатын көздерін анықтау.

Қоршаған ортаның бұзылуын, азып-тозуын тоқтату мақсатында: жергілікті тұрғындардың экологиялық сауаттылығын қалыптастыру жайында үгіт насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу.

Ауаның ластануын болдырмау және оның зиянды зардаптарын жою мынадай негізгі бағыттарда жүргізілуі қажет:

1.         Ластаушы заттар әсерлерінен қорғану;

2.         Зиянды заттардың әсерін, зардабын жою, оларды болдырмау;

Атмосфераны қорғау шараларын төмендегідей топқа бөлуге болады:

1.       Өндірісті ұйымдастыру шаралары: өндірістік жасыл алаңдар,санитарлық  алқаптар құру; қалалар, елді-мекендерді көгалдандыру және тиімді орналастыру;

2.       Атмосфераны қорғау бағдарламаларын бекітіп, олардың орындалуын қадағалау жөнінде қалалық әкімшілікке ұсыныстар жасалды.

Адамзат баласы қоршаған орта тазалығына қамқорлықпен қарағаны өз туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін танытады. Сондықтан табиғатты аялап, айналаның тазалығына мән берудің маңызы зор. Жалпы қоршаған ортаның тазалығы дегеніміз өзіміздің ішетін суымыздың , жұтатын ауамыздың тазалығын сақтау, көгалдандыру шараларын қолға алу жергілікті тұрғындар тарапынан қолдауды қажет етеді. Ол әр тұрғынның мәдени көзқарасы, өз Отанына, тұрғылықты мекеніне деген жанашырлығы нәтижесінде жүзеге аспақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published.