Кладезь знаний


Тілек Ақжол, Зайнеденова Нұрлы, Қайратова Аягөз, Ерсаинов Еркебұлан, Шапағатова Гүлімжан, Қадыралиева Аяжан, Жумаханова Наргиза, Қуанышғалиева Гүлсім, Серікқали Гүлмейрам, Тукенова Венера, 
студенты Педагогического колледжа им. Ж.Досмухамедов
Руководитель: преподаватель английского языка Исмагулова Айымжан Алибековна

Өз шығармашылығы

Авторы: Жумаканова Наргиза

Тәуелсіздік

Тəуелсіздік – мақтанышы елімнің
Тәуелсіздік – белгісі ғой теңдіктің,
Бір өзіне арналады əн жырым
Бейбітшілікк тұтастығы жерімнің

Ата баба күшіменен, рухымен
Аға əпке намысымен, айбынмен
Ұлы даңқты Тәуелсіздік жолында
Құрбан етті өмірлерін, ғұмырын

Тәуелсіздік құрбандары атанған
Еліміздің мақтанышы атанған,
Қайрат, Лəззəт, Сабира, Ербол атты
Есімдері ел есінде сақталған.

Көкейінде от жанған елім деген
Ұлан байтақ кең дала жерім деген,
Еске алайық, есімдерін ұмытпайық
Біздер үшін тер төккен еңбектерін

Көк туы бар қазақтың желбіреген
Күні ортақ барша әлемге күлімдеген,
Көкте қыран самғайды қанат талмай
Көз алмай қазақ даласынан күмбірлеген.

Өз шығармашылығы

Авторы: Тілек Ақжол

Ұлы Дала Еліне!

 

Пай! Пай! Пай!

Не жетер қазағымның даласына?!

Атырау мен Өр Алтай арасына.

Тәңірім біздің елге сый қып берген

Жарқыраған Астана қаласына.

 

Жыл сайын жаңаруда жерім менің,

Әр сөзде туған мекен, елім дедім.

Қазағым ежелден ер, өр мінезді

Жағаңа жау келседе шегінбедің.

 

Қызы – сұңқар, ұлдары тұлпарындай.

Анасы – жаңа ән боп шырқарымдай.

Бабасы – абыз кеуде, сөзге жүйрік

Баласы – өз еліне сұлтанындай.

 

Париж, Дубай, Лондонға барсамдағы,

Өзге елден, жайлы орын алсамдағы,

Туған елім өзіңе жетпейді шын

Жат жерге жапалақ боп қонсамдағы.

 

Себебі Астана бар өз жұмағым,

Тартатын әр адамның көз құмарын.

EXPO – ны өткізді таң қалдырып

Ақынға келтіретін сөз құнарын.

 

Жетпейді барша әлем мекеніме,

Жырда келмес өлшемің, өтеуіңе.

Қазақстан мен Астана егіз ұғым

Жар болсын бір Алламыз екеуіне.

 

Қазағым мәңгі болсын атың әйгі,

Бұл елім, бір өзіңмен сатылайды.

Ұлы Қытай Қорғаны бәрібірде

Ұлы Дала Еліне татымайды.

 

GDE Ошибка: Запрашиваемая ссылка недействительна

https://youtu.be/uUHIbc1Q0G8

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *