«Өз ісінің (кәсібінің) үздігі» атты сабақтан тыс іс шараның әдістемелік нұсқаулығы»


Конакбаева Гулия Каримжановна
ШҚО білім басқармасы, Семей қаласы «Радиотехника және байланыс колледжі» КМҚК жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы

Сайыс мақсаты: Мамандық бойынша  қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, білімалушылардың тұлғасын қалыптастыру, іскерлік және дағдыларды меңгерту, теорияны тәжірибемен сабақтастыру .

Сайыс міндеттері:

Білімділік: Арнайы пәндерде өткен материалдарды тәжірибе жүзінде бекіту, заманауи талаптарға сай, инновациялық технологияны меңгеру

Дамытушылығы: Келешек маманның логикалық ойлау қабілетін және ұжыммен топтасып жұмыс істеуге дағдыландыру

Тәрбиелік: Мамандығын сүюге, үлкенді құрметтеуге, басқаның пікірімен санасуға, шешімді тез қабылдауға, жасалған сынды дұрыс қабылдауға тәрбиелеу

Әділқазылар алқа мүшелері:

1.      Шайдоллин М К – директордың ОТІ бойынша орынбасары

2.      Кумашева Ш К – колледж әдіскері

3.      Тусельбаева К К- арнайы пән оқытушысы

4.      Омарова З А- арнайы пән оқытушысы

5.      Белдеубаева К М- арнайы пән оқытушысы

6.      Конакбаева Г.К – бөлім меңгеруші

Сайыс талаптары:

1.      Топтар арасынан жүргізуші таңдалады

2.      Әр топтан үш команда іріктелінеді, командада 4 сайыскерден тұру керек және команданың капитаны сайлану қажет.

3.      Команда атауы құрастырылып, түсіндіріледі. (не себепті осындай атау таңдалды)

4.      Сайыс 3 этаптан тұрады: а) Әр түрлі схемалармен жұмыс, (5 түрлі схемамен жұмыс жасайды)

б) Интернет желісін орнату

в) дәнекерлеуші аппаратпен жұмыс істеу

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті сайысқа қатысушылар, қонақтар және  әділқазылар мүшелері!

«Өз ісінің үздігі» атты сайысқа қош келдіңіздер!

Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.,- дей келе  бүгін Сіздер өз қалаған мамандықтарыңыз туралы және қандай маман болып шығасыздар,  3 жыл бойы оқыған тоқығандарыңызды  бекітіп, маман ретіндегі басқа қырыңыздан көрсетесіздер!

Ол үшін әр топтан 3 команда жинақталады. Бір командада 4 сайыскер қатысады. Команда капитаны сайланады. Сонымен қатар команда атауы болу керек.

Олай болса бізде 3 команда жинақталды.

Үй тапсырмасы ……..

Команда атаулары:

Сайыс шарттары мынадай:

Жалпы сайысымыз 3 бөліктен тұрады.

1-ші бөлігі: Әр түрлі схемалармен жұмыс, (5 түрлі схемамен жұмыс жасайды)

2-ші бөлігі: Интернет желісін орнату

3-ші бөлігі: Дәнекерлеуші аппаратпен жұмыс.

Ендеше  сайысымыздың 1-ші бөлігін орындауға командаларды шақырамыз!

(Яғни әр команда жеребе бойынша  кез келген арнайы пән бойынша өткен схеманы таңдап алады, ол не схема, қайда қолданады, яғни түсіндіру керек)

Ал сайыскерлердің жауабын әділқазылар мүшелері бағалайды.

Олай болса жеребе тартуға команда капитандарын шақырамыз!

№303БТ тобы команда капитаны ……..

№363Бт тобы  команда капитаны ……..

№373БТ тобы команда капитаны ——

(Жеребе  тартылады, сол бойынша қандай схемамен жұмыс жасатындығы анықталады)

1-ші №373БТ тобының жауабын тыңдайық!  (Қатысушылары шығып жауап береді)

2-ші №363БТ тобы жауабын тыңдайық!

3-ші №303БТ тобы жауабын тыңдайық!

2-ші бөлім:

Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан,-
деп, командаларға рахметімізді айта отырып, біз сайысымыздың келесі бөлігіне көшеміз. Бұл бөлімде командалар Интернет желісін орнатады.  Әр командаға алдын ала дайындалған тапсырмалары беріледі.

Қалай жасау керектігін Айдыннан сұрау керек!

Презентация слайдына жазылатын сөздер:
Мамандық дегеніміз не?
• – Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• – адамның болашаққа апаратын жолы;
• – адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• – мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• – ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейімдігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
• – мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
3-ші бөлім

Жүргізуші:
Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес.  Біз өз таңдауымызды жасадық!. Менің ойымша өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек, деп ойлаймын!

Сайысымыздың келесі бөлімі «Дәнекерлеуші аппаратпен жұмыс» .  Командаларды ортаға шақырамыз, өздеріңіз жұмыс жасаған мына аппараттың көмегімен талшықты оптикалық кабельді дұрыс және сапалы түрде дәнекерлеулеріңіз керек.
Сайыскерлердің жұмысын әділқазылар алқасы бағалайды.

Сайыскерлер дайын болғанша көремендермен мынадай психологиялық тест өткізейік! Ол үшін мына жерде жатқан фигураларды таңдайсыз, Ал мен сол фигураға қарап сіз қандай адам екеніңізді айтамын.
Студенттер өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез – келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сізде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады
Зигзаг. Сізде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай – ақ шығармашылық қабілетін, ой – өрісін дамыған. Сізде табиғи өткір ойлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласыз. Сізді шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сізде адамгершілік жоғары дамыған. Сіз өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Сізге жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сізден үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Сізге  басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сіз қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар..
Рефлекция

Құрметті студенттер!! Бүгінгі сіздерге арналған іс шара ұнады ма? Өздеріңізге не түйдіңіздер? (Студенттер жауап береді)

Жүргізуші:

Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң.
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндетке бір жетерсің ойыңа алсаң.
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!
Жүсіпбек  Аймауытов атамыз айтқандай
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп,таңдаған мамандығымыздың  иесі болайық. Егеменді еліміздің ертеңі — үздік маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *