Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың музыкаға қосқан үлесі


Слайдовая презентация

Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрлігі

Павлодар облысы Білім беру басқармасы

«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми тәжірибелік орталығы

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №25 қазақ қыздар гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

АЛПЫСБАЕВА  АЙГЕРИМ МАРАТОВНА

10 СЫНЫП

 Ғылыми жетекшісі: АУБАКИРОВА ГУЛЬЖАМАЛ КАЛЫБЕКОВНА

Тақырыбы:  Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың музыкаға қосқан үлесі

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттар

Секция: Этномәдениет

Ғылыми жетекшісі: АУБАКИРОВА ГУЛЬЖАМАЛ КАЛЫБЕКОВНА, музыка пәнінің мұғалімі

 

МАЗМҰНЫ

Аңдатпа……………………………………………………………………………………….3-4

Кіріспе ……………………………………………………………………………………….5-7

 

1 Қаныш аға –адамзат ғұламасы ………………………………………………….8-16

1.1 Қаныш Сәтбаевтың өскен ортасы, балалық шағы  ……………………………..8-10

1.2 Қаныш Сәтбаевтың ғылымғы қосқан үлесі ………………………………………10-16

 

2 Қаныш Сәтбаевтың музыкаға қосқан үлесі ………………………………17-21

2.1 Қаныш Сәтбаевтың әнге деген құштарлығы ………………………………..17-18

2.2 Музыка мәдениетінде қалдырған ізі …………………………………………18-22

 

Қорытынды …………………………………………………………………………23

Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………..К.Сатбаев.…………..24

 

 

Аңдатпа

           Зерттеудің мақсаты: ХХ ғасырдың аса көрнекті ғалымы Қаныш Сәтбаевтың музыка өнерінде қалдырған мұрасын ашып көрсету-зерттеу жұмысының басты мақсаты. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады.

  • Қ. Сәтбаевтың өмір жолы, еңбектері туралы мәліметтер жинастыру;
  • Қ. Сәтбаевтың қызметіне қатысты зерттеулерді жинақтау және олардың ғылыми деректік маңызына дәйектілікпен қарау;
  • Қ. Сәтбаевтың музыкаға деген қызығушылығының қалыптасуына оның өскен ортасының әсерін анықтау;
  • Қ. Сәтбаевтың өзі сүйіп тыңдаған әндер жинағының дискін жасау;

Болжам:

         Егер оқушылар Сәтбаевтың музыка мәдениетіне қосқан үлесін білсе,  Қ. Сәтбаевтың бастауымен жүзеге асқан игі істерді бойына сіңірер еді

  Зерттеу барысы, кезеңдері:

  • Баспасөз материалдарын оқып, жинау;
  • Кітапханалық іріктеулер жүргізу, саралау, жинақтау:
  • Жинақталған материалдарды жұмыстың жоспарына сай, бір жүйеге келтіру;
  • Қ.Сәтбаев атындағы мұражайларға барып, әр-түрлі мәліметтер жинастыру;

Зерттеудің әдістері:

  • жинақтау,
  • жүйелеу,
  • қоpыту,
  • талдау.

 Зерттеудің теориялық негізі:

Тақырып бойынша қосымша және ғылыми тұрғыда мағлұмат алу.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

Үйірме жұмыстарында «Сәтбаев оқуларына» Сәтбаевтың сүйіп тыңдаған әндерінен оқушыларды дайындау

The annotation:

Purpose of researching – to identify the legacy left in the musical art, a great scholar of the twentieth century after Kanysh Satpaev.

Tasks.

– Collect information about life Satbaev and his scientific work;

– Gather in one disc, the songs are loved and sang himself Satbaev

– Identify the cause in the formation of musical interest K.Satbaev  environment in which he grew up;

Hypothesis:

If the students will know what contribution was made to the musical culture K.Satbaev, they would have absorbed in himself, realized with noble deeds undertaking  K.Satbaev.

Progresses in the study:

– Read the press to collect materials;

– Go to the library, select the desired material:

– Work plan, the collected materials to make into a single system

– Go to the museum Satpaev, take different details

Methods of research:

– amount

– put in order

– make grouping

-make result

– make discussion

The theoretical basis of the study:

Take the information as per the theme and on the additional scientific approach

Science news of the investigation:  Extra circles to prepare students to “read Satbaev” by category “Favorite songs Satbaev»

 

Кіріспе

Халық даналығы «Көп өмір сүргеннен емес, көп біліп, көп көргеннен сұра» дейді. Шындығында, сексенге келіп селкілдеп отырса да, халқына бір тиын пайда тигізбей, өз жеке қарқан басының қамымен өткендер де, елуге келіп елпілдеп жүрсе де халқы үшін қызмет етіп, атақ-даңққа бөлегендер де бар. Бірақ, өкінішке орай, әдетте алғашқыларынан соңғылары аз болады. Тегі «жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» деген осы болар. Кезінде «Ақыл жастан, асыл тастан» дегендейін отыз жасында орда бұзып, қырық жасында ел басқарған Қаныш Имантайұлы да осындай жан болған. Ол туралы көзінің тірісінде де, кейін де замандастары мен кейінгі толқын ізбасарлары жақсы пікір, ой-толғамдар айтып, жазып жас ұрпаққа үлгі-өнеге боларлықтай мол рухани мұра қалдырған. Енді солардың қайсыбіріне тоқталып көрелік.

Ұлы Отан соғысы аяқталып, бейбіт өмір енді басталған кез. Қазақстан ол кезде Кеңес одағының құрамына енген және сырт әлемге көбіне бейтаныс 15 республиканың бірі ғана еді. 1947 жылы кеңестік делегацияның құрамында Лондонға Қаныш Сәтпаев барған екен. Сапар барысында қазақ баласын алғаш көрген Ұлыбританияның алғашқы саясаткері Уинстон Черчиль зор денелі Қаныш ағаға қарап, «Қазақтардың бәрі сіздей алып па?» – деп сұраса керек. Сонда Қаныш Сәтпаев «О не дегеніңіз, олай емес, мен қазақтардың ішіндегі ең кішкентайымын», -деп жауап берген екен. Ойы мен ісінде, тіпті қалжың сөзінде жүрегі әркез халқым деп соққан, туған жерін шексіз сүйіп, оған шексіз берілген. Қаныш Сәтбаев міне, осындай жарқын мінезді біртуар азамат еді. Қаныш Имантайұлын, біз, негізінен ірі ғалым, мемлекеттік қайраткер ретінде танимыз. Рас. Мазмұнды, ғылыми жаңалықтарға толы ғұмыр кешті. Қазақстан өндірісінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Заманында халқы да, мемлекет басшылығы да ғалымның еңбегін жоғары бағалап, сан рет марапатталды. Қайнап жатқан ғылыми және мемлекеттік міндеттердің арасында Қаныш аға қазақ үшін маңызды тарих, әдебиет, этнография, математика, музыка, тіл білімі, театрды, ғылым мен өнердің басқа салаларын дамытуға зор үлес қосты.. Осыған сәйкес, Қаныш Имантайұлының музыка саласында да  қосқан еңбектерін қарастырдық.

Зерттеу жұмысының өзектілігі..

Қаныш ағаның өмірі мен қызметін зерттеп білу қажеттігі тех тарихи, иә академиялық ізденістер тұрғысынан, ұлағатынан сусындап, шөлімізді қандыру үшін ғана емес, ұрпақтардың сабақтастығы деп аталатын қасиетті ұғымнан, көмескі тарта бастаған ұлттық құндылықтарымыз бен болмысымыздан туындаса керек. Қ.И. Сәтбаевтың сан қырлы қасиеттерін айта берсек, талай құнды еңбектерге татырлық өнегелі материалдар тауып, жалғастыра беруге болады.

Біз осы ғылыми зерттеуімізде, негізінен, Қаныш Сәтбаевтың азаматтық адами келбетін, жеке басының қасиеттерін ашуға, сол арқылы музыкаға, әнге деген құштарлығының биігіне шығып, ел аузында қалуының себептерін ашуға тырыстық. Қаныш Имантайұлының көзін көрген адамдарды сөзге тартып,әртүрлі газет-журнал, оқулықтардан мәліметтер жинастырып, сараладық. Сондықтан қарастырылып отырған тақырыбымыз арнайы ғылыми зерттеу нысаны болуға әбден  лайық, ғылым саласындағы өзекті мәселелердің бірі деп білемін.

Зерттеу жұмысымыздың нысаны:  «Қазақтың 500 әндері мен  күйлері»,  музыкалық шығармалар

Зерттеудің дереккөздері  ретінде Қ.И. Сәтбаев атындағы музейлерге бардық, кітапханалардан мәліметтер алдынды.

Зерттеудің мақсат-міндеттері: ХХ ғасырдың аса көрнекті ғалымы Қаныш Сәтпаевтың музыка өнерінде қалдырған мұрасымен ашып көрсету. – зерттеу жқмысының басты мақсаты. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады.

  • Қ. Сәтбаевтың өмір жолы, еңбектері туралы мәліметтер жинастыру;
  • Қ. Сәтбаевтың қызметіне қатысты зерттеулерді жинақтау және олардың ғылыми деректік маңызына дәйектілікпен қарау;
  • Қ. Сәтбаевтың музыкаға деген қызығушылығының қалыптасуына оның өскен ортасының әсерін анықтау;
  • Қ. Сәтбаевтың өзі сүйіп тыңдаған әндер жинағының дискін жасау.

БолжамЕгер оқушылар Сәтбаевтың музыка мәдениетіне қосқан үлесін білсе,  Қ. Сәтбаевтың бастауымен жүзеге асқан игі істерді бойына сіңірер еді

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Үйірме жұмыстарында оқушыларды Сәтбаев оқуларына әндерін дайындауға

Зерттеудің әдістері:

  • жинақтау,
  • жүйелеу,
  • қоpыту,
  • талдау.

Зерттеудің теориялық негізі

Тақырып бойынша қосымша және ғылыми тұрғыда мағлұмат алу.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, іштей тараушаларға жіктелген екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

  • Қаныш аға –адамзат ғұламасы

1.1 Қаныш Сәтбаевтың өскен ортасы, балалық шағы

    «Доңыз жылында, яки, жаңа есеппен 1899 жылы, наурыз айында, яки, марттың 31 жұлдызында Жаратқан ием  Имантай деген пендесіне ұл берді. Нәрестенің есімін Ғабдұл-Ғани қойдық. Құдай тағалам бергеннен жазбасын. Аллаху әкбар. Әумин!». Имантай ақсақал бұл сөздерді жай қағазға емес, Құран кітабы мұқабасының астар бетіне жазып қойғанында мән бар: ол кезде қыр-сахарасында жаңа туған баласының туған күнін бір жерге түртіп қою қалыпта жоқ, әрі киелі кітапқа жазылған сөз сол киелі кітаппен бірге сақталып, бірге жасамақ. Жарықтық әулие кісі екен, анығында солай болып шықты да қойды: Имекеңнің сол ықтияттылғының арқасында бүгін біз болашақ ұлы ғалымның нақ қай күні туғанын нақтылы біліп отырмыз.      Дін мұсылманның киелі кітабы-Құранның астар бетіне мұқияттап араб әрпімен есімі түсірілген сол күннен бастап, Ғабдұл-Ғани аталған сол нәресте де ата-анасы, күллі зәу-заты кешкен аттың жалы, түйенің қомында дейтін салқар тіршіліктің кішкентай бір бөлігіне айналды. Кейін келе бұл есімнің Қанышқа айналуында да біздің халқымызға тән сыр бар. Жоғарыда үзіндісі келтірілген кітапта тағы да былай делінген: «Туғаннан кейін бесінші күні нәрестеге ат қойылды, атты көбінесе кейуана әже кейде ақсақалды қария қояды. Ондайда рудың ертеде өткен атақты азаматтарының есімі беріледі». Осы айтылған сөзде біраз жаңсақтық бар. Қазақ балаға ат қоюға ешқашан немқұрайды қарамаған. Керісінше, басқа бас қосылатын қуанышты күнге ерте бастан дайындалған. Балаға ат қою рәсімін ата-анасы әл-ауқатына қарай той-томалақ жасап өткізетін: дұға оқып, азан айтып ат қойған адамға жол-жоралғысымен сый-сияпат көрсетілген. Әдетте осының бәрін молда атқаратын. Ондайда-әрине, баланың аты  арабтың сөздік  қорынан таңдап алынады. Балаға атты сол үйдің, немесе ауылдың ең үлкен кісісі де қоятын-ды.  Ондай да нәрестеге деген әке-шеше, үй-ішінің зар тілегі, кеткен үміті көрініп тұратын-батырлық, байлыққа, атақ-дәрежеге, бедел, білікке байланысты есімдер содан пайда болған. Ол да задыңда араб  есімдері болып келетін, тек оған бай, төре, молла, бек, мырза деген қосымшалар тіркеледі. Жасамыс, яки қартайып жасы жеткен кісі болса, оның баласы әкесінің жасына орай Елубай, Алпысбай … Тоқсанбай деген есімдерге ие болатын. Балаға ертеде өткен әулие кісілердің есімдерін қою күпірлік санаған: Оларды қатын-қалаш, бала-шағаның аузына салып, кім көрінген былапыттап жүрмесін деген кеп ол … Мұсылмандық парызын қаза қылмайтын әулеттер балаға міндетті түрде араб есімдерін беретін. Біздің Қанекеңе ат қою рәсімі қандай жағдайда өткеннін біз біле бермейміз, бұл көнекөз, кәріқұлақ ауылдастарының жадында да сақталып қалмаған. Әйтсе де Ғабдұл-Ғани есімі тап-таза араб сөздерінен құралғанын, оны Имантай ақсақалдың тікелей өзі қоймаса да, топ сол кісінің ақылымен қойылғаны беп-белгілі. Неге десеңіз, ол оқыған – тоқығаны мол, ақыды да зерек мұсылман еді. Міне, осы орайда бала есімінің арабша аталуы ғана емес, әкенің әуелігі ізгі тілегі де айқын белгі беріп тұр: «Ғабдұл» сөзі арабшадан аударғанда «құдайдың құлы», ал «Ғани» сөзі-«бай», «дәулетті» деген мағынаны білдіреді. Осылайша Имантай ақсақалдың кенже ұлы Ғабдұл-Ғани Қаныш аталып кетті, кейін бұл есімнің әуелгі Ғани есімінен келіп шыққанын біреу білсе, біреу білмейтін болды.         10 жасқа қадам басқан Қаныштың болашағына Г.В.Тереньтев жарқын жол сілтегендей еді. Талантты шәкіртті екі жыл оқытқан ұстазы «Имантай абзи, мына балаңыз зерек қана емес, тума дарын иесі, ұғымталдығы бөлек жаратылған, вит! Мұны қалада, үлкен жерде оқыту керек», – деп жазады өз естелігінде. 1911 жылы Қаныш Павлодардағы шаруа мен мұжық балаларына арналған екі  жылдық училищеге оқуға түседі. Қаныш бұл оқу орнын өте жақсы деген бағамен бітіріп шығады.  Бұдан кейін  де оның сапары жалғаса түседі. Балалық шағының кейбір қызықтарын академик кейде отбасында айтып отырады екен. Оның құлын-тайдай тебісіп бірге өскен құрбы-құрдастары Қаныш бөтен-бастақ мінезі жоқ, момын, мейірімді бала еді дегеннен әріге бармайды. Бүкіл ғұмырын туған ауылында өткізген немере ағасы Әкімтай ақсақал Қаныш-ағаның балалық шағы туралы не айтып бере аласыз деген бір журналистің сұрағына бар айтқаны: «Қанышты бір білсе, нақ мен білетін шығар деп отырсың ғой. Оның рас. Біз Сәтбай атамыздан тараймыз, екеуіміздің әкелеріміз Жәмін мен Имантай бірге туған бауырлар. Інімді мақтан тұтамын, артықша жақсы көремін. Бірақ сондағы бала Қаныштың мынадай дана Қаныш болып шығатынын сол кезде білсем ғой, басқан ізін, аузынан шыққан сөзін аңдып, жадыма тоқи бермейтін бе едім. Есімде қалғаны сол, Қаныш ақылды, ұстамды, зерек бала болып өсті. Одан басқа дәнеңе де есімде жоқ. Енді менен гөрі Жұмашты айналдырыңдар, сол екеуі жалаңбұт күнінен бірге өсті, кейін бозбас боп қыздарға да бірге қырындап жүрді… О-оу, одан беріде қаншама заман өтті… балапан басымен, тұрымтай тұсымен дегендей… Мені қажай бермеңдер. Оданда алдыңдағы қымызыңды іш, менің намазым қаза болып барады…» Шындығы да солай шығар, ауыл баласы өзіндей өзге қара сирақтардан қалай ерекшелене қойсын. Баланың алғаш былдырлап шыққан тілін, апыл-тапыл басқанын, талай қызық қылығын әкесі мен шешесінен артық кім айтып береді, бірақ олар ертеректе өліп кетті ғой. Сондықтан біз ғалымның қамсыз-мұңсыз сәби шағын көңілмен шарлап қана  көз алдымызға елестете аламыз. Бала Қаныш бұрынғы өткен ата-бабаларының жыл бойына киіз үйде күнелеткенін, қам кесектен, қыртыс шымнан қыстау салуды ойға да алмағанын үлкендерден талай  естіген  шығар.        Ағын судай жөңкіген тоқтаусыз уақыт Имекеңнің кенжесі Қанышты тез есейтті. Сегіз жасында оны «Үлкен ауылдағы» молда алдында отырғызды, ол өз тумаластарынан көп ілгері тіл сындырды.  1909 жылы өз ауылынан 15-16 шақырым алыстағы Шорман ауылында білім алды. «Әке балаға сыншы» дегендей, Имантай ақсақал басқа балаларынан гөрі кенжесіне көбірек мейірім төгіпті. Бір жағынан, ата-ананың қолында, қара шаңырақта қалып, қарттарын күтетін кенже бала ғой. Үлкен балалар болса әрқайсысы өз алдына отау тігіп бөлініп кетеді, әрқайсысының өз тірлігі өзінде, артында қалған қарттарға да  салқындап, көп қарайлай бермейді. Ал кенже бала ақылды, көнтерілгі, мейірлі болып өссе, қарттардың құт берекесі.  Қанышы кішкентайлығына қарамай маңғаз, жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы баяулау, басы үлкен, маңдайы кереғарыс, аққұба өңі, көзінің қиығында ойнаған қуақы ұшқын анасы Әлимаға тартқан. Тек денесінің ірілігі, қалың қабағы Сәтбай тұқымынан екенін айтпай танытады. Баланың басы әсіресе көз тоқтатарлық-жазық маңдай, шығыңқы шеке. Ақсақалдың өте-мөте үміт етіп, көңілін демейтіні де-қазақтың ескі ұғымында-«торсық шеке» бала түбінде я ел ұстаған көсем, я жау түсірген батыр болып шықпақ.

  • Қаныш Сәтбаевтың ғылымға қосқан үлесі

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде Семей болысы,Павлодар уезі, Ақкелін болысының №4 ауылында (қазіргі Павлодар облысы,Баянауыл ауданы,Қ.И.Сәтпаев атындағы совхоз,Тендік ауылы)өз уақытында қазақтың игі жақсыларына белгілі болған ауқатты әулетте дүниеге келген.Жер қойнауының сиқырлы жиһазын тамаша көрегендікпен аша білген академик Қ.И.Сәтпаев – Қазақ халқы мен Қазақстан тарихындағы зор құбылыс.Ол аса көрнекті ғалым – геолог ғана емес, өз заманының әйгілі табиғат зерттеушісі әлемдік өреге көтерілген ойшыл ғұлама.Қаныш Имантайұлы мемлекет және қоғам қайраткері ретінде, ғалымдығы мен шебер ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында қазақстанның индустриялық даму жолындағы өркениетті үрдістің көш басында болып, кемеңгер ғалым атанды.Қаныш 5 жасқа келгенде анасы Әлима Исақызы (1862-1904) қайтыс болды.Жас Қаныш Имантайдың бәйбішесі Нұрым Тасболатқызының (1850-1929) мейірбан әрі құтты бауырында өсті. Болашақ ғалымның әкесі Имантай Сәтпаев (1845-1928) ауыз әдебиеті мен өз жерінің тарихын жақсы білетін,түркі тектес һәм шығыс елдерінің әдебиетімен таныс аса сауатты адам болыпты. Болашақ ғалым өз әкесімен, ауылдық молдадан, оған қоса жергілікті екі жылдық Ақкелін мектебінен алғашқы білім алды. Бала Қаныш сол күндерден-ақ ерекше ұғымталдық қабілетін танытты. Ауыл мектебінен кейін оқуын Павлодардағы екі жылдық орыс-қазақ училлищесінде жалғастырып, жас талант оны 1914 жылы үздік аяқтады. Сол жылы Семейдегі мұғалімдер семинарясына түсіп, 1918ж. Бітіріп шықты. 1918-1919жж. Семейдегі педагогикалық курстарда жаратылыстану пәнінің мұғалімі, 1919-1920 жж. Ақкелін болысындағы №4 ауылда мұғалім, 1920-1921жж. Баянауылда судья қызметін атқарады. Жас Қаныштың қалыптасуына ата-анасы, оқыған ортасы және сол заманның озық азаматтары-туған ағасы Ғабдулғазиз Имантайұлы Сәтпаев(1894-1937), немере ағалары Әбікей Зейінұлы Сәтбаев (1881-1937) пен Әбдікәрім Жәмәнұлы Сәтпаев (1897-1937) үлкен әсер етті. Үшеуі де отыз жетінші жылдың жазықсыз құрбаны болды. Ағаларының қазасы Қаныш Имантайұлының қабырғасын қайыстырды, өзінің болашағын терең ойлауға мәжбүр қылды. Қ.И.Сәтбаев өмірбаянының осы жағы Шәмшиябану Қанышқызы Сәтбаеваның «Сәлелі әулет» атты кітабы жарық көргенше жан-жақты айтылмады. Ағаларының саяси репресияға ұшырауы, Мекке сапарында дүние салған атасы Сәтпайдың қажылығы, академиктың ішінары қарсыластары үшін тоталитарлық жүйенің идеологиялық қырсығын тигізуге қару болды.

Қаныш Имантайұлының азамат болып қалыптасуына А.Құнанбаев, Ш. Уәлиханов,  Ы. Алтынсарин, С. Торайғыровтардың үлгілі өмірі мен еңбектері жұғынысты әсерлерін тигізді. Ол Абайдың поэзиясын жақсы игеріп, оның көптеген шығармаларын жатқа айтып машықтанды, лирикалық әндерін үздік орындап жүрді. Студенттік жылдарында Ш.Уәлиханов шығармаларын терең талдап, мұқият оқыды.

Ұлы ғалым, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, геология-минералогия ғалымдарының докторы(1942), профессор(1950), КСРО-ға Қазақ филиалы геологиялық ғылымдар инстутының  алғашқы директоры(1941-1964), филиал төралқасы төрағасының орынбасары (1941-1942), төрағасы (1942-1946), Қазақ ССР ҒА Президенті(1946-1952) және (1955-1964), Қазақ ССР Ға академигі (1946), КСРО Ға академигі (1946), Төралқа мүшесі (1961-1964), Совет одағы геолагтары ұлттық комитет төрағасының орынбасары(1957-1964), Тәжік ССР ҒА құрметті мүшесі (1949), КСРО Жоғарғы кеңесі Одақтық Кеңес Палатасы төрағасының орынбасары (1962-1964), Мемлекеттік(1942) және Лениндік сыйлықтардың лауреаты(1958).

Қаныш Имантайұлы геологияда метоллогендік бағыттың негізін салды. Геология ғылымына қосқан елеулі үлесі үшін академияның академик Қ.И.сәтпев бастаған бір топ ғалымдарына 1958 жылы Лениндік сыйлық берілді. Қарағандыдағы металлургиялық завоттың құрлысы мен Қостанайдың, Атасудың темір кенін, кенді Алтайдың бір сыпыра кен орындарын, Қаратаудың фосфорын игеруде Қ.И.Сәтпаев үлкен роль атқарды. Орталық Қазақстанның ірі өндіріс орталықтарын сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешуде де(Ертіс-Қарағанды каналы) сондай-ақ металлургиялық процестерді жетілдіру жолындағы ғылыми зерттеу жұмыстарының қанатын кеңге жаюына да Қ.И.Сатпаев көп еңбек сіңірді. Өмірінің соңғы жылдарында ол Республиканың халық шаруашылығын химияландыруға, жергілікті химиялық шикізатты пайдалануға байланысты проблемелар көтерді. Қ.И. Сатпаев физика-математика ғылымдарының әсіресе ядролық физиканың дамуына жоғары мән берді. Кейінгі жылдарда Қ.И. Сатпаев бастамасымен ядролық физика институтының комплексті құрылысы басталды. Мұны ол көптеген ғылымдардың соның ішінде биология саласындағы ғылыми зерттеулердің дамуына қуатты база болады деп есептеді. Қазақ ССР ғылым академиясында медицина ғылымдарының көптеген салалары-зоология мен паразитология, вирусология, микробиология, ботаника және басқалары жақсы дамыды. Күнделікті қызмет барысында Қ.И.Сатпаев тарих, археология, этнография, тіл, әдебиет, өнер, экономика мен философия салаларындағы ғылыми зерттеулердің дамып өркендеуіне де айрықша мән беріп отыратын.  Академик Қ.И.Сатпаев қаламынан бірнеше жүз еңбек шыққаны мәлім. Еліміздегі гологиялық институттардың ішіндегі бірден-бір ірі институт Қазақ ССР ғылым академиясының геология институтын құрудағы оның еңбегі айрықша бөлек. Ол көптеген дарынды геолог –  ғалымдар тобын тәрбиелеп өсірді. Ғылымның жан-жақты дамып оның Қазақстанның өндіргіш күштерінің дамуындағы рөлін көтеруде ол атқарған істер көп. Қаныш Имантайұлы өмірінің ақырғы күндеріне дейін ғылымдағы ілгері ойдың, барша жаңалықтардың қолдаушысы болды. Ол әрқашанда өмірді және біздің еліміздің халықтарының ерекшеліктерін терең білетіндігімен таң қалдыратын.

Оның  математика ғылымына қосқан үлесі-алғашқы қазақ алгебрасын жазуы. Бұл еңбегі өз алдына үлкен мол қазына десек те болады. Ағамыздың бұл еңбегінің қолжазбасы. Қолжазба барлығы 314 парагрфтан тұрады, 220 математика пәндерін қамтитын орысша-қазақша сөздік және логарифмдер кестесі енгізілген.Жалпы алғанда,аталмыш оқулықтың төмендегідей өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетуге болады.

Біріншіден,ол орыс немесе басқа шетел тілдерінен болжаммен атүсті аударыла салған аударма емес,ана тілінде жазылған төл оқулық.  Екіншіден,ол сол кезең үшін ең үздік оқулықтардың бірі болып табылатын А.П.Киселевтің  оқулығынан мазмұн жағынан да,сапасы жағвынан да артық болмаса,кем түспейді.Оның өзіндік себебі де жоқ емес.

Шындығында,өзінің айтуынша,автор оқулықты дайындауда Киселевпен             ғана шектеле қоймай, Тодгеттер,  Берпуган және т.б. батыс елдері профессорларының оқулықтарының басшылыққа алған. Үшіншіден, қолжазба кейіннен «интернационалдық» деп аталып кетті.

Ал енді Қаныш Инмантайұлы Сәтбаевтың кен орындарын ашуға қосқан үлесі ұшан теңіз. Ол бұл кен орындарын ашып қана қоймай сол жерлердің метогендік картасын жасап, кен қорын санап кеткен. Отызыншы жылдар ішінде Орталық Қазақстанның шикізат базасын кешенді зерттеу негізінде тау-кен инженері – Қ.Сәтбаев байтақ өңірдегі темір құрамдас рудаларға, мұнай мен газға, тас көмірге жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстары болашағының зор екенін дәлелдей отырып, орталық және республикалық баспасөзге тұрақты түрде мақалаларын жариялап тұрды. Ол өзінің бірқатар жарияланымдарын Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін көтерудегі қара металлургияның маңызды рөлін алға тарта отырып, Қарағандыға жақын жерден металлургиялық комбинат құрылысын салу керектігін айтты. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қ.Сәтбаевтың жиырмасыншы жылдардың аяқ шенінде-ақ ашқан Жезді кен орнының марганец рудасы танк жасау ісінде бронь прокатын шығаруды арттыруда және елдің әскери қуатын нығайтуда орасан зор маңызға ие болғаны белгілі. Қазақстанның мемлекеттік геологиялық қызметінің негізін салушылардың бірі, академик Қаныш Сәтбаевтың ұстанымы мен көзқарасы КСРО-да бірінші болып республикалық Геология министрлігін ұйымдастыруда шешуші рөл атқарды. Оның ұсынуымен алдымен А.Богатырев, кейін Ш.Есенов министр болды. Сөйтіп, бұрын бөлшектеліп келген көптеген ведомстволардың геологиялық қызметтерін бір колға біріктіру Қазақстанда геологиялық-барлау жұмыстарының тиімділігін шұғыл көтеруге мүмкіндік берді. Міне, осы кезең еншісіне Маңғыстауда ірі мұнай кенінің, Орталық және Шығыс Қазақстанда алтын және сирек кездесетін металдар кен орындарының ашылуы жатады.

1941 жылы маусымда Қаныш Имантайұлы жаңадан ашылған Геология институтын басқаруға Алматыға шақырылған болса, содан кейін КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалына басшылық етті. Соғыс жылдары Қазақстанға көптеген көрнекті кеңес ғалымдары эвакуацияланды, еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға, Қазақстан экономикасын көтеруге, оның ғылыми техникалық әлеуетін кеңейтуге әрі жаңартуға, отандық зерттеушілердің жас кадрларын тәрбиелеуге Қ.Сәтбаев мол еңбек сіңірді. Міне, сол соғыс жылдары Қазақстан ғылымының дамуында сапалық серпіліс болды (ғылыми-зерттеу институттарының саны соғыс басталған кезден оның аяқталғанына дейінгі аралықта 1-ден 15-ке жеткенін айтсақ та жеткілікті), бұл 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясын ашуға мүмкіндік берді, оның тұңғыш президенті болып осы лауазымға нағыз лайықты тұлға Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды.

Алғаш құрылған жылдарынан бастап Ғылым академиясы қызметінің басты мазмұны Қазақстанның өндірістік күштері мен мәдениетін дамытуға бағытталған кешенді зерттеулер болды. Жаңа институттар, атап айтқанда, ядролық физика, математика және механика, гидрогеология және гидрофизика, экономика, әдебиет және өнер, философия және құқық және т.б.  институттары ашылды, ал Гурьевте мұнай химиясы және табиғи тұздар, Қарағандыда химия-металлургиялық, Өскеменде Алтай тау кен металлургиялық, Балқашта ихтиология және балық шаруашылығы институттары өмірге жолдама алды. Қаныш Имантайұлының бастамасы бойынша Қазақстанның ірі өнеркәсіптік өңірлерінде – Қарағандыда, Жезқазғанда, Гурьевте, Өскеменде, Қостанайда, Шымкентте академияның көшпелі сессияларын өткізу дәстүрі қалыптасты. Бұл сессиялардың материалдары облыстардың және тұтастай алғанда республика экономикасын дамытудың ауқымын, сатылары мен бағыттарын үйлестіру үшін нақты негізге айналды. Қ.Сәтбаевтың Геология ғылыми-зерттеу институтын үзіліссіз басқарған көп жылғы жұмысының жемісі әлемдік геологиялық тәжірибеде баламасы жоқ Орталық Қазақстанның кешенді болжамдық металлогендік карталарын жасау мен әдістемесін әзірлеу болып табылады. Бұл геологиялық теорияға қосылған баға жетпес үлес, өңірдің өзіндік ерекшелігі бар энциклопедиясы және геолог-өндірісшілер үшін бағдар сілтеуші десек, әбден орынды болмақ. Осы еңбек үшін Қ.Сәтбаев басқарған зерттеушілердің авторлық ұжымы кеңес ғалымдары үшін ең жоғары награда болып есептелетін Лениндік сыйлыққа ие болды. 1956 жылдың өзінде-ақ Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті Қ.Сәтбаев Қазақстан аумағын техникалық-экономикалық бағыттарының белгілеріне қарай он бір өңірлік кешендерге бөлді. Осы бөлуге сәйкес салалық институттар алдына өңірлерді кешенді зерттеу міндеттері қойылды. Өнеркәсіпте – Соколов Сарыбай тау-кен байыту комбинатының және Теміртаудағы металлургиялық алыптың құрылысы, Қаратау фосфорит қоры негізінде минералды тыңайтқыштар өндірісі… Бүгінде бұл міндеттер іс жүзінде шешілген және олардың кезінде шешімін табуының нәтижесінде қазір Қазақстан экономикасы сенімді түрде өсу мен ілгері қарай даму үшін айтарлықтай өнеркәсіптік әлеуетті, берік іргетасты иеленеді. Қаныш Имантайұлының геологиядан басқа ғылымдарда да, әсіресі мәдениет пен тарих саласында қалдырған еңбектері аз емес. Кезінде Шоқан Уалиханов жазып алған «Ер Едіге» жырының мәтінін қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясының негізінде қайтадан дайындаған. Жезқазған-Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған. 1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Қаныш Сәтпаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны ­болып есептелетін 25 әнді домбырамен өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген.

Осы тарауды қорытындылай келе, Қаныш Инмантайұлы Сәтбаевтың ғылымға қосқан үлесі шексіз десем қателеспеймін.

 

2 Қаныш Сәтбаевтың музыкаға қосқан үлесі

2.1 Қаныш Сәтбаевтың әнге деген құштарлығы   

Қаныш аға ерекше туған дарынды да, талантты еңбекқор ағамыз өмір жолында ХХІ ғасырда гүлденген, өркендеген ел азаматтары мен азаматшаларына үлгі өнеге болды. Қаныш аяулы ғалымдығымен, жан-жақтылығымен халықтың сүйген ұлы, біртуар дара тұлға, ел игілігі үшін білімін сарп еткен-ірі дарын иесі. Сондықтан оның күлімдеген жүзі мен жарқын бейнесі жас ұрпақтар үшін аса қадірлі қазына.

Қаныш Имантайұлы Семей семинариясында оқып жүрген кезінде (1914-1918), бұл семинарияда Мұхтар Әуезов те оқитын еді. Қаныштың айтуынша, Мұхтар, Жекей деген бала үшеуі бір пәтерде тұрып, бір кезде бітіріп шығады. Оқумен қатар олар география қоғамына үздіксіз барып, онда қазақ тарихы, Абай, Шоқан, Ф.М.Достаевский   туралы оқыған лекцияларын тыңдайды. Екінші жағынан география қоғамымен бірігіп, қалалық театрларда қазақша сауық-кешін өткізеді. Сондай үлкен кештің бірін 1915 жылы 13 ақпан күні өткізген. Оны бастап қоюшы –  семинарияның оқытушысы Назифа Құлжанова. Кеш төрт бөлімнен құралады.

  1. Біржан мен Сараның айтысы;
  2. Батырлардың айтысы:
  3. Қазақ әндері;
  4. Абай әндері

Бұл кеште Қаныш аз роль ойнамаған. Ол сайыста біріншіден Қобыланды батыр болып шықса, қалған екі бөлімдегі әннің көбін орындап шығады. Оның ішінде Жарылғапбердінің әні, Мұстафаның әні, «Топайкөк», «Баянауыл», «Көзімнің қарасы», т.б. әндерді шебер орындап шыққан. Қаныш Сәтбаевтың әнге деген құштарлығының дәлелі ретінде Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде дәріс берген, екі жыл Қаныш Сәтбаевтың хатшысы болған Сіламхан Жаппархановтың сөздерінен мысал келтіргім келеді: «Қанекең сегіз қырлы, бір сырлы болатын. Павлодар, Семей жақтың әндерін керемет орындайтын. Қаныш Имантайұлының әнге әуестігі де атаның қанымен берілген қасиет болса керек. Атасы Сәтбай да, әкесі Имантай да өнер десе ішкен астарын жерге қойған. Өз заманының жыршы-жыраулармен талай дастархандас болған.  Бала Қаныш, Бозбала Қаныш қазақтың ән-жырын кішкентайдан құлағына сіңіріп өскен. Жаяу Мұса мен Естайды бала күнінен білген. Жаяу Мұсаның әндерін өзінен тікелей үйренген. Баянауыл әндерінің жан сергітер ғажап әуенін бойына сіңірумен есейген Қаныш Имантайұлы домбыра шертіп, сүйікті әндері “Шама”, “Бір бала”, «Мақпал», «Салайын», «Қорланды» әуелете шырқаған. Кейіннен сол әндерді қазақтың ән мұрасын жинаушы, әйгілі музыкатанушы Александр Затаевичке айтып берген. Сөйтіп Затаевич Қаныш Сәтбаевтан 25 қазақ әнін жазып алып, өзінің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына енгізген. Затаевич қазақтың халық әндерінің білгірі әрі жақсы орындаушысы ретінде Сәтбаевтың дарынын жоғары бағалаған. Қаныш Сәтбаев әндердің тарихын да өте жақсы білген және шебер әңгімелеп айтып бере алған.  Сондай әндерінің бірі Едіге бидің ұрпағы Мұсаның әні «Бүркітбай». Бозбала шағында Қаныш  Сәтбаевтың ұнатып айтқан әндерінің бірі.

2.2 Музыка мәдениетінде қалдырған ізі

Қазақтың жалпы өнерінің, музыкасы мен театр өнерінің тарихын зерттеушілер үшін Қ. И. Сатбаевтың 1916 жылы «Қазақ тілі» газетіне жарияланған «Томдағы ұлттар кеші», 1927 жылы «Еңбекші қазақта» басылған «Қазақстанның ұлт театры туралы», 1944 жылы «Казахстанская правдада» шыққан, «Қазақстан туралы кинофильмдерді күтеміз», т.б мақалаларының ғылыми құндылығы айрықша.1926 жылы 13январьда Қызылорда қаласында қазақтың тұңғыш ұлттық театры ашылды. Келесі жылы сол театрдың қаз тұрғанына бір жыл толуына орай мерекелік спекатакль өтеді. Оны Қ. И. Сәтбаев барып көріп, ұлттық театрдың жетістіктері мен кемшіліктерін аса талғампаздықпен тани отырып, соның барлығына байыбына жеткізе талдау жасап, «Қазақстанның ұлт театры» деген мақала жазды. Осы мақаласында Академик Қ. И. Сәтбаев «Қазақ халқының неше алуан және өте бай халық музыкасы бар. Қазақ халқы адамның махаббатын, ерлігін, неше түрлі жан сезімдерін бейнелейтін көп күйлер, әндер шығарған» деген. Бұл еңбек шын мәнінде қазақ көркем өнері туралы ең алғашқы теориялық зерттеу ретінде осы күнге дейін маңызды. Мақаладағы режиссерлік өнері бағаланған Жұмат Шанин, артистік мүмкіндіктері егжей-тегжейлі талданатын Құрманбек Жандарбеков, Калибек Қуанышбеков т.б кейін қазақ өнерінің мерейін өсірген ірі тұлғаларға айналғаны хақ. Ол жас кезінде әдемі ән де салған, халықтың музыкалық шығармаларын да жинаған. А. В. Затаевичке жиырма бес ән тапсырған. Олар белгілі музыка зерттеушісінің 1931 жылы Москвада шыққан «Қазақтың 500 әні мен күйі», «Қазақ халқының 1000 әні» атты еңбектерінде жарық көрді. А. В. Затаевич: «1926 жылы Семей облысы мен Қарқаралыға барған сапарымның нәтижесінде 280-ге жуық ән жиналды, олар Москвада әйгілі әнші Әміре Қашаубаев пен әнқұмар да білгір Қаныш Сатпаев және басқаларының айтуы бойынша жинаған бірнеше ондаған жазбаларынмен бірге қосылынып, кітаптың Семей бөліміне енгізілді»,- деп жазды. Қаныш Имантайұлы Сатпаевтан жазылып алынған. (324-348) әндерге берілген ескертуде былай деп көрсетілген: «Қаныш Сатпаев- Томск технологиялық институтынан білім алған жас қазақ инженері. Баянауыл әндерін жете білетін, жақсы орындайтын ол бұл жинаққа тек әндер әуені жайлы ғана құнды мәліметтер беріп қоймай, әндердің сөздерімен орысша аудармасын да табыс етті». А. В. Затаевичтің артында қалған мол мұрасын академик Қ. И. Сатпаев қазақ ССР Ғылым академиясының қорына алғызды.

Қ. И. Сатпевтың музыка өнерінің тарихына қосқан үлесі А. Жұбанов, Б. Ерзакович сияқты ғалымдардың мақалаларында, сондай-ақ, « Қазақ театрының тарихы» атты еңбекте жан-жақта айтылған.

Академик Қ. И. Сатпаевтің өнер саласындағы еңбегін көптеген деректермен негізгі әңгімелей келіп, белгілі өнертанушы, композитор А. Қ. Жұбанов былай деген еді: « Қанышекең ешуақытта да өнер саласында қамқорлығын үзген жоқ. Ол бірінші бесжылдықтың жоспары жасалғанда, өзінің баяндамасында, қағаз бетіне түсікен Академияның жоспарында 1965 жылы Академия құрамында өнер институтын ашуды енгізді. Оның өміріміз үшін керек екендігін тайға таңба басқандай етіп анқтап, ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Біздің күн санап өсіп келе жатқан өнеріміздің ғылыми негіздеуді керек ететінін түсіндірді… Қанышекеңнің Қазақстан жағдайындағы ісінің аумағы, көлемі, мәні өзіне әзер теңеу таппайтын іс. Өзімен бірге кейін қалғанымен қатар, бізге қалғаны да мол».

1914-1918 жылдары Семейде мұғалімдік семинарияда оқып жүргенде Қ.И. Сәтпаев зиялылар ортасында болады, олармен бірге қаланың қоғамдық – мәдени өміріне араласады. Соңғы кезге дейін аталмай келген 1915 жылғы бір құжатты мысалға келтірейік. Өйткені он алты жастағы семинаристің болашақ ғалымның қоғамдық, мәдени, әдеби өмірге араласуының алғашқы қадамы баспа бетінде бірінші рет хатталыпты. Бұл құжат көпке дейін жабулы болуының себебі – онда қуғынға ұшырап, кейінгі кезде ғана ақталған белгілі жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың аты аталады.

«Программа Киргизского литературно вокально музыкального благотворительного вечера.

В Семипалатинском приказчичьем клубе 13 февраля 1915 года.

 І отделение:

1.Несколько слов о киргизской поэзии пронит: Р.Марсеков и Н.Кульджанов. 2. Сара и Биржан (айтыс) – Т.К.Козбагарова и Ж.Аймауытов.

ІІ отделение: 1.Жаз – стих Алтынсарина – Н.С. Кульджанова.

  1. Ырғақты, жарқ етпес, Татьяна (мотив Абая) – А.Капсалямов.

3.Қыс (Зима) стих Кунанбаева – Т.Жомартбаев.

  1. Музыка (мандолина, балалайка) – Жусупбек и Каныш.
  2. Бұлбұл мен есек (Осел и соловей) – Каныш Сатбаев.
  3. Аридаш, Шилде (Абая) споет Капсалямов и Кали Бекбергенов.
  4. Өсиет (наследие ) Алтынсарин – М.Молдыбаев…»

     Байқасаңыз әрқайсысы – бір тарих. Болашақ жазушы Жүсіпбек Аймауытов Қаныш Имантайұлымен Керекуде де бірге оқыған болатын, екеуі енді Семейде сахнада бірі домбыра, бірі мандолина тартып, Жүсіпбек бірнеше көрініске қатысып, Қ.И.Сәтбаев, Крыловтан Абай аударған «Бұлбұл мен есек» өлеңін жатқа айтқан.

Ә.Х.Марғұлан былай деп жазды: «Оқудан бос уақытын студент Қаныш бір ғана іске, ой санасын байыту мәселесіне жұмсайды. Көп уақытын Том университеттің бай кітапханасында өткізіп, қазақ халқының тарихы, этнографиясы, әдебиеті туралы жазылған деректерді үңіле оқыды. Олар жайында бірнеше мақала жазып, кейбір әдебиет үлгілерін баспаға дайындайды. Қаныштың бастауы бойынша университет жанынан Күншығыс мәдениетін зерттейтін ғылыми үйірме ашылып, оған Томда оқитын студенттер қатынасады. Үйірмеде якут, бурят, хакас, тұңғыс елдерінің халық әдебиеті, этнографиясы, тарихы туралы баяндамалар тыңдалған. Қаныштың өзі де қазақ әдебиеті, этнографиясы туралы бұл үйірмеде бірнеше рет баяндама жасайды. Онымен қатар үйірме атынан талай мәрте сауық кешін өткізіп, онда әрбір халықтың ән – күйлерін жақсы көрсете алған ». Осындай сауық кештердің бірі туралы Қ.И.Сәтпаев мақала жазыпты. Қаныш Имантайұлының «Том қаласында ұлттар кеші» мақаласы «Қазақ тілі» газетінің 1926 жылғы 26 мамыр күнгі санында жарияланды. Бұл мақаласы қазақ жерінен тыс сонау алыс шаһарда алғаш рет ұйымдастырылған бірнеше халықтардың – қазақ, бурят, якут, ойрат, шор, башқұрт және басқа ұлттардың ән- күй, салт-санасына арналған сауық кеші суреттеледі. Кеш 1926 жылдың 10 сәуір күні өткізіліпті. Қ.И.Сәтпаев Том қаласындағы технологиялық институттың соңғы курсын тәмамдауға, диплом жұмысын қорғауға әзірленіп жүрген кез болатын. Мақалада сауық кеште көрсетілген қазақтың салт-сана, ән-күй, олардың ерекшіліктері сөз етіледі. Қазақ жұртындағы жаңа түскен жас келіншектерге жасайтын «шашу» – беташар, отқа май салар сияқты ырымдары жанды бейне түрінде көрсетіліп өтті. Қазақ өлеңдерінен: «Екі жирен», «Бір күн көшіп дүние » (айтушы Ғалымтай Сәтпайұлы), «Қара торғай», «Еркем» (айтушы Омар Толбайұлы) әңдері айтылды. Сауық кеште көрсетілуге қазақ салт – сана әдетіндегі жаңа түскен келінді құрметтеп қарсы алу, шашу, беташар рәсімдерін таңдап алудың өзінде талай сыр, мән – маңыз жатыр. Бірнеше қазақ өлеңдерінің мән – мазмұны, тексі алғашқы рет аударылу әрі нотаға түсіріліп, рояльдің сүйемелдеуімен орындалу ерекшеліктері, пайымдалуы қазірде оңай, ал сонау 1926 жылы профессионалдық көркем бастаулары енді – енді қалыптасуға бет алған шақта студент инженер Қаныш Имантайұлы ғылым мен көркем сөз, өнердің қатар өрлеуін сол кезде-ақ мақсат – міндет санағаны айтпаса да түсінікті.

 

Қорытынды

Қаныш Имантайұлының ән өнерін құрметтеуі бүгінгі ұрпаққа үлгі. Десе де, Қанекеңнің өмірлік жолында қиын-қыстау кездер аз болған жоқ. Білім жолында денсаулығын сарп еткен; даңқын көре алмаушылар сыртынан арыз жазып, басына қара бұлт төнген; үлкен ағалары, үзеңгілес достары мен әріптестері бірінен кейін бірі тұтқындалып, иә атылып кеткен қиын сәттерді басынан өткерді. Оларға көреген тұлға мойымады, ызаланып кек сақтағаннан гөрі кешірімшіл болды. Қандай да сын сәттерде адамгершіліктің биік үлгілерін көрсетті. Академик, ректор атанғанда да Қанекең қарапайымдылығына салып, ауылдан шыққан қара домалақтардың бірі екенін ұмытпады. Ал өзінің төл саласы геологияда Қаныш Сәтбаев ашқан қазына Ұлы Отан соғысы кезінде де, бейбіт жылдарда да ел игілігіне жарап жатқанын көріп отырмыз. Ғұлама ғалым және мемлекеттік қайраткер Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1964 жылдың 31 қаңтарында  Мәскеудегі Кремль ауруханасында емделіп жатқанда қайтыс болған.

Қаныш аға дүниеден көшпенді дәурен сияқты өте шыққан жоқ, оның адамдық, азаматтық биік тұлғасы халық көңілінен еш уақытта кетпек емес, ел үшін істеп кеткен асқаралы ісі, ұрпағына мирас етіп қалдырған ғылым қазынасы халық есінде, тарихта мәңгі қалмақ. Қадірлі де, қастерлі есімі  Қазақстан халқының есінде мәңгі сақталмақ.

  1. Қ.И.Сәтбаевтың музыка саласына қосқан үлесі талқыланды (орындаған 5 әні, Затаевичтің жинағында 25 әні );
  2. «Дананың дара жолын» оқушыларға үлгі ретінде насихаттау мақсатында, музыка сабақтарында қосымша ақпарат ретінде қолданылады.

 

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi

  1. Ш.Қ.Сәтбаева. Сәулелі әулет. Алматы, 1996.
  2. М.Қ.Сәтбаева. Қаныш Сәтбаев. Алматы, 1989.

3.Сәтбаев оқулары «Қаныш шаңырағы» баспасы Теңдік- 2010 жыл

  1. Энциклопедия «Баянаула өңірі»
  2. «Аңыз адам» № 13(19) шілде 2012 жылғы саны
  3. «Қ.И.Сәтбаевтың ғұмырын ғылымға бағыштап, мұрасы мирас болған ғалым»
  4. «Бала Қаныш»

8.. Шәкәрім атындағы СМУ ХАБАРШЫСЫ. №3, (55) 2011..ISSN 1607 – 2774

Метки: , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *