Сабақтың тақырыбы: Менің ата-анам.


Қайралапова Майнура Сабитовна
Солтүстік Қазақстан Облысы, Шал ақын ауданы, Сергеев қаласы Академик Евней Арыстанұлы Букетов атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі әдебиеті мұғалімі

Мақсаты: Білімділік: Тақырыптың мазмұнын ашып ,оқушыларға

түсіндіру. Оқушылардың білімдерін кеңейту.

Дамытушылық:Оқушылардың жүйелі түрде жауабын алу,

қисынды ойлау қабілеттерін.тілін дамыту.

Тәрбиелік:Өз ата-аналарын құрметтеуге,сыйлауға

тәрбиелеу.Өз отбасын бағалауға үйрету.

Көрнекіліктері:       тақырып бойынша суреттер, кесте,қимасөздер,

шығармашылық ағашы, сиқырлы сандық

Әдіс-тәсілдері:  әңгімелеу, сұрақ-жауап, қайталау, іздену,ойын

Пәнаралық байланысы: ана тілі,өзін-өзі тану

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық жүргізу: оқушылар бір-біріне жылы сөздер, тілектер айтады . балалар бүгін сабақта сендерге сәттілік  ,жақсы оқушы болуға  ,төрт пен бес бағаларын алуға тілеймін/

 

І. Ұйымдастыру кезеңін өткізу:  / доппен өткіземін/

-бүгін аптаның қай күні?

-кеше аптаның қай күні болды?

-ертең аптаның қай күні болады?

-демалыс күндері қандай?

-қазір қандай жыл мезгілі?

-күз айларын кім атайды?

-қазір күздің қандай айы?

-бүгін қарашаның нешесі?

 

ІІ.Үй жұмысын тексеру: оқушылар «әже» өлеңін  мәнерлеп оқиды

 

ІІІ Жаңа сабақ:

-Балалар, өмірдегі ең қымбатты,ардақты  жаңдар  Әке мен Ана. Ата-аналарды сыйлау, құрметтеу, қадірлеу әрқайсымыздың парызымыз.Қуанышымызға бірге қуанып, қайғымызға ортақ болатын, ол біздің анамыз. Ата-аналардың ақылын тыңдап, берген кеңесін бұлжытпай орындап жүрсеңдер, онда сендер жақсы, тәрбиелі, әдепті оқушылар болып шығасыңдар.

Жаңа сөздермен жұмыс:

*балалар, қазір ең бірінші сабақ барысында  кездесетін жаңа сөздермен танысайық:

1)парыз-долг

ақылды-умный

қуаныш-радость

тәрбиелі- воспитанный

сүйкімді-обаятельный

еңбекқор-трудолюбивый

ақкөңіл-добрый

2)жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

3)оқушылар жаңа сөздермен сөз тіркесін құрайды

/інім тәрбиелі,ақкөніл анам,еңбекқор әкем,қарындасым ақылды/

*Суретпен жұмыс:

жаңа сөздерді пайдаланып, оқушылар сурет бойынша сөйлемдер

құрастырады.(баяу әуен ойнайды)./ суреттер беріледі/

Мысалы:-Менің әкем еңбекқор.

-Сіңлім өте ақылды.

-Сергіту сәті (қара жорға)

 

5)-Ал, балалар, біз ата-аналарымызды қадірлеу, сыйлау керек екенін

білеміз.Ал сендер ата-аналарыңды жақсы көресіңдер ме? сыйлайсыңдар

ма? құрметтейсіңдер ме?

-Ал барлық жылы сөздер неден шығады деп ойлайсыңдар?/жүректен/

-Ендеше, ата-аналарына жүректен шыққан  қандай жақсы сөздер айта

аласыңдар? (қолдарына жүрек беріледі, оны балалар қолдан қолға беріп

ата-аналар туралы жылы сөздер айтады)./мейрімді,ақылды,сүйікті/

6)-Балалар, кім өз ата-анасы туралы әңгімелей алады?/Монолог/

7)Тапсырмалармен жұмыс жүргізу:

*оқушыларға қима қағаздарда  ата-ана тақырыбына байланысты сөздер

беріледі, олар дұрыс сөйлем құрастырады.

-Менің анам дүкенде жұмыс істейді.

-Менің әкем инженер.

-Менің анам ауруханада дәрігер болып жұмыс істейді.

8)дәптермен жұмыс

*бір оқушы тақтада «ана» сөзін  жіктейді.

Менің анам

Сенің анаң

Сіздің анаңыз

Оның анасы

*екінші оқушы «әке» сөзіне фонетикалық талдау жасайды.

ә/ке-екі буын,ашық

ә-дауысты дыбыс, жіңішке, ашық, езулік

к-дауыссыз, қатаң

е-дауысты дыбыс, жіңішке, ашық, езулік

*оқулықпен жұмыс :   /б.75 1 тапсырма/

1-ші тапсырмадағы берілген диалогті оқып шығамыз

*тапсырма: кестедегі отбасы мүшелерін тап.

Қарындас,ана,әке,әже,ата,сіңлі,іні,аға,әпке,қыз,ұл,тәте

-Сергіту сәті.

9)«Әкем» сөзіне акроөлең құрастыру.

/кітаптың сөздігінде сөздерді іздежазады/

 

Ә-әже,әтеш

К- күз,көз

Е –есек,есік

 

10)«Сиқырлы сандық» ойынын жүргізу.

-Балалар, тақтада нені көріп тұрсыңдар?

-Сандықты

-Бұл жай сандық емес, сиқырлы сандық, оның ішінде ғажайып сұрақтар

бар, егер сендер бұл  сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, менен сыйлық

аласыңдар.

*1ден-10-ға дейін сана

*Бір жылда неше ай бар?/12/

*Көптік жалғауларды ата,мысалы келтір/лар,лер,дар,дер,тар,тер/

*Аптада неше күн бар, атап шық?/7/

*Бір жылда неше мезгілі  бар?/4/

*Неше буын бар?/3/

*Неше тән әріптерді білесін?/9/

/ жауап берген үшін сыйлық беремін/

ІV.Класстерді  құрастыру арқылы сабақты бекіту:

 

 

ана

сүйкімді

мейрімді

V.Рефлексия: шығармашылық ағашта балалар гүлдер, жемістер арқылы

өздерінің көңіл-күйлерін білдіреді.

Жемістер- балаларға сабақ өте ұнады көнілді болды

Жасыл жапырақ- балаларға сабақ   ұнады, бірақ бір нәрсе түсінбеген сияқты

Сары жапырақ- түк түсінген жоқпын,ештене ұнамады

VI.Үйге тапсырма беру:б. 74 3 тапсырма,б.76 5 тапсырма

VII.Бағалау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *