“Дарынды оқушыларды айқындау мен дамытудағы әдіс – тәсілдер”


Алтайбекова Назым Алтайбековна

психолог КГКП “Восточно – Казахстанский сельскохозяйственный колледж”

Қазақстан Республикасының жаңа «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында: «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі ерекше күш – адамдар, олардың ерік-жігері, табандылығы, білімі». Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі ақылды, ойлы, дарынды жастарымыздың шығармашылық потенциалын жан-жақты өсіру қажеттілігі туындайды. Бұл бағыттарда жұмыс атқаруда Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі де кенде қалған емес. Дарынды балаларды іздеу – арнайы бағдарламалар бойынша кезеңді түрде іздестіруді қажет ететін үрдіс.

Ал, дарынды баламен жұмыс жүйесі дегеніміз – колледж ішілік және колледжден тыс сипаттағы тәрбиелік білім беру мекемелерінің өзара байланыс пен қарым-қатынастағы басқару ұйымдарының жиынтығы. Студенттердің, мұғалімдердің, ата-аналар мен ұйымдастырушылардың дарынды балалар мен жастарды айқындауға, қолдауға бағытталған іс-әрекетін ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары, нысандары мен әдіс-тәсілдері кіреді.

Дарынды студенттерді іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші дарынды оқушылардың көп болуы, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты.

Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз – теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогикалық озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, тәлімгер, шығармашылық ізденістегі адам.

Дарындылықты зерттеу мәселесінде саяси атмосфераға, қоғамдық қажеттіліктерге, ғылымның даму деңгейіне байланысты бірнеше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:

1 кезең – ХХ ғасырдың басында Кеңес Одағының педагогтері және психологтерінің зерттеулері бұл мәселені зерттеудің халықаралық ізденістер жүйесінің негізгі бөлігі болды.  Бұл кезеңде дарындылық түсінігі танымдық процестерді диагностау негізінде жүргізілді. 20-30 жылдары интеллекті зерттеудің сандық әдістемелері кең қолданыс тапты.

2 кезең – адам дамуындағы әлеуметтік факторларды жоюмен байланысты. Балалардың дарындылығын дамыту және диагностика аймағындағы зерттеулер  жойыла бастады. Осы кезеңде мәселені шешуде Батыс елдерінен мәнді түрде артта қалушылық байқалды. Ондаған жылдар бойы балалардың индивидуалды ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндігі теріске шығарылды.

3 кезең – психологиялық-педагогикалық зерттеулер шеңберінде индивиуалды айырмашылықтар және адамның шығармашылық қабілеттері зерттелді.

4 кезең – ХХ ғасырдың 80-ші жылдары әлемдік ғылыми кеңістікке зерттеу апаратының жалпылануына байланысты әр мемлекеттердің  ғылыми еңбектері қарастырылды. Осы кезеңнен бастап тұлғалық дарындылықты зерттеудегі ықпалдық бағытқа талпыныс байқалды.

Қазіргі зерттеулерде негізгі екі бағыт қарастырылады:

  • дарындылықты бір факторлы құбылыстан дарындылықтың құрылымын ашуға деген бұрылыс;
  • дарындылықтың интеллектуалды аймақпен шектелуінен басқа түрлерінің: шығармашылық, лидерлік, көркемдік, моторлық құндылықтарына өту.

Дарындылықты нақты анықтаудың шекарасы болмайды. Ғылыми ізденістердің және олардың практикалық жүзеге асуының құндылығы дарындылықты анықтаудағы көптеген бағыттардың қалыптасуына, әртүрлі концептуалды моделдердің мақсатқа бағыттылық есебімен, қолданылумен айқындалады [1.195б.].

Дарынды балаларды айқындауда комплексті түрде әртүрлі әдістер қолданылады:

– балаларды бақылау (сабақта, сабақтан тыс);

– баланың ата-анасымен байланыс;

– арнайы психодиагностикалық тренингтер;

– топтық шығармашылық жұмысқа араластыру;

– түрлі интеллектуалдық, пәндік олимпиадалар, конференциялар, ғылыми зерттеушілік жұмыстар, сайыстар, спорттық жарыстар т.б.

– қызығушылығы, ынтасы жоғары оқушылардың өзі тектес білімге құштар ортаны қалыптастырып, ол балаларды біріктіру;

– диагностика жасағанда пән мұғалімдері, кітапханашы, дәрігердің пікірін ескеру;

– педагогикалық консилиумда қарау.

Сонымен қатар, бүгінгі күннің талабы нәтижеге бағытталған білім беруде дарынды оқушылар қызметін шығармашылықпен ұйымдастыру қажет, яғни мотивациялық, танымдық, процессуалдық компоненттер, олар:

– шығармашылық – ерік, жігерді талап етеді;

– зерттеушілік;

– біреуге бағыныштылықтың болмауы;

– жоғары деңгейдегі оңды мінез көрсетуі;

– «мені» бар, проблемаларды жаңаша шешуді ойластыруы, интеллектуалдық потенциалдың жоғары болуы;

– ішкі күшті дауысы бар;

– жаңаны зерттеу және ашуға ынталылық, ақылының тереңдігі;

– рефлексия мәдениеті, нәтижеге таңдана білу;

– бірегей ойларды білдіру және табу қабілеті;

– тапқырлық пен қиялдың кеңдігі;

– ерекше, беймәлім нәрселерге қызығушылығы;

– дивергенттік ойлауы т.б. [3, 102б.].

Зерттеушілер дарынды балаларға қолданылатын арнайы оқу бағдарламаларының негізгі принциптеріне төмендегілерді жатқызады:

  • маңызды мәселелерді, идеяларды және тақырыптарды бөлшектеп, тереңдетіп зерттеу мазмұны білімнің ойлау құрылымы мен ықпалдастығын қарастыруы керек;
  • бағдарлама үнемі өзгеріп отыратын білімге және жаңа ақпаратқа араласу мүмкіндігін беріп, білімді алуға деген талпынысты тудыра алуы қажет;
  • бағдарлама өнімді ойлаудың дамуын сонымен бірге алынған білімді практикада қолдана алуды қарастыруы тиіс;
  • бағдарлама балалардың бастамашылдығын қолдап, олардың оқуға деген өзбеттіліктерін жоғарылатуы керек;
  • бағдарлама балалардың санасының және өзіндік сананың дамуына ықпал жасауы тиіс [1, 206б.].

Е.Л. Яковлева шығармашылық белсенділікті тұлғалық сапа ретінде қарастырады. Шығармашылық субъект-субъектілік өзара әрекеттістік процесінде ашылады. Индивидуалдылық үнемі, ерекше,  сондықтан – жаңа.

Колледжімізде дарынды оқушыларды айқындау мен дамытудағы әдіс-тәсілдерімен толыққанды жұмыс атқару үшін арнайы бағдарлама жасалынған. Бағдарлама    Е.Л. Яковлева ұсынған, адамның шығармашылық  потенциалын дамыту құралдарына сүйене отырып құрастырылған. Олар: 1) когнитивті мазмұнды эмоционалдылыққа трансформациялау, яғни білім алудың мәні тек қана материалды меңгеру емес, орындалатын әрекетке деген эмоционалды қатынасты көрсетеді; 2) гуманистік психология принциптерінің жүзеге асырылуы, дарындылықты дамыту принциптерінің жүзеге асырылуы [2, 128б.].

Яғни, бағдарламаға сәйкес колледжімізде  жоғарыда атап айтылған дарынды балаларды айқындаудағы әртүрлі әдістердің барлығы дерлік қолданылады. Сонымен қатар, әр-түрлі әдіс-тәсілдер арқылы айқындалған дарынды студенттермен позитивті психология бағытында дамыту жұмыстары жүргізілуде. Дамыту бағдарламасы 8 блоктан құралады, яғни жалпы 17 сабақ өткізіледі.

Дарынды балаларды іздеу,оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күнде өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам,еңбекке бейім ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, талантты болады деп студенттің, ата-ананың, оқу орнының үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Жексембаева У.Б., Диагностика одаренности детей Алматы, 2006 ж.
  2. Яковлева Е.Л., Психология развития творческого потенциала личности М.: 1997 г 155 с.
  3. Венгер Л.А., Педагогика способностей.-М., 1975

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *