Электронды ақшалар олардың қазақстандағы қалыптасуы және даму болашағы


 Сейткалиева Асель Кенжетаевна
Экономикалық пәндер  оқытушысы «Қостанай жоғары политехникалық  колледжі» КМҚК

Батыс елдерінен отандық төлем жүйелері және банктер тек қана технологиялар емес, сонымен қатар, құрал-жабдықтарды да тарта бастады. Біздің елімізде іс жүзінде компьютерлер, модемдер және басқа байланыс құралдары, банкоматтар мен POS-терминалдар өндіріліп шығарылмайды. Бұндай отандық өндірістің болмауы көптеген технологияларды жаппай өндіруге үлкен кеселін тигізуде.

Жаңа электронды технологияларды айтарлықтай баяу екпінде ендіру тек қана отандық банктерде ғана емес, сонымен қатар, біздің еліміздегі олардың батыстық бәсекелестерінде де орын алуда. Жетекші батыстық төлем жүйелері жаңа Windows – қосымшаларына 2009 жылдың басында ғана көшті. Шетелдік банктердің көпшілігі осы күнге дейін көне компьютерлерін және көне  DOS- бағытындағы АБЖ-ін алмастыруға қажет орасан көп қаражатты жұмсауға құлшынып отырған жоқ. Біздің нарықта жұмы жасаушы батыс банктері Интернет-банкинг пен теле-банкингті дамытпайды және клиенттерге жаппай қызмет көрсетуге ешқандай бағдарланбайды. Авторландыру кезінде жоғарыда көрсетілген мәліметтерді сауда ұйымының кассирі арнайы кұрылғы – электрондық терминалға енгізеді. Ол аталған деректерді эквайрердін іс жүргізу орталығына жолдайды және ол автоматты режимде тиісті эмитенттің іс жүргізу орталығына береді. Осы ретпен эмитенттің іс жүргізу орталығы авторландыру кодын жолдайды.

Банкоматтар — пластикалық карточкалармен операция жүргізу кезінде қолма-қол ақшаларды инкассалайтын және беретін банктік автоматтар.

Банкоматтар келесі негізгі операцияларды жүзеге асырады:

1) шотындағы қалдықтар туралы клиенттерді хабардар ету;

2) қолма-қол ақша беру.

Осындай   ретпен   банкомат   карточка   ұстаушысына   шоттың ағымды жағдайы туралы (соның ішінде қағаздағы шоттан жаңа ақпарат алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ бір шоттан екінші шотқа қаржы аудару операциясын жүргізеді.

Банкоматқа операция жүргізу үшін кіру төлем карточкаларын және банк клиенттерінің дербес сәйкестендіргіш нөмірін пайдаланып жүргізіледі. Банкоматты басқаруды және оның жағдайын бақылауды   қамтамасыз   ету   үшін   дербес   ЭЕМ   жабдықталған.

Банкоматпен жүргізілетін операциялар есебі үшін, банкоматтағы операциялар есебінің кітабы жүргізіледі, оған касса меңгерушісі жауапты болады.

Банкоматтарда жүргізілген операция туралы ақпарат эквайрердің үрдістік орталығына электронды түрде жіберіледі. Онда ол электронды терминалдарды қолданып жүргізілген операциялар туралы ақпарат және клиптермен бірге ерекше құрамдас банктік құжат – карточка қолданылған операциялар бойынша эквайрердің төлемдер тізімін құруға негіз болады.

Банктік карточкалар қолданылатын операциялар бойынша төлемдер тізімі – электронды немесе қағаз жеткізушіде үрдісті жүзеге асырушы және есеп айырысуға қатысушы (эмитент, эквайрер, есеп айырысу банкі) ұйымдармен белгілі уақыт аралығында эквайрер құрылысын және эмитенттің банктік карточкасы қолданылған операциялар бойынша екі және одан да көп құжат.

Эквайрердің төлемдер тізімі арнайы қатынас құралдары бойынша өңдеу үшін төлем жүйесіне жіберіледі. Осы рәсім негізінде төлем ұйымы эмитенттердің төлем тізімін құрады, онда белгілі эмитент ұстаушылары банктік карточканы қолданып өткізілген операциялар туралы деректер беріледі.

Болашаққа электронды технологиялар толығымен іс жүзінде банктік операционистерді қол еңбегінен арылтып, банктік офистер мен жұмыс орындарын жабдықтаудағы қаржы салымдарын үнемдеуге мол мүмкіндік беретіні айдан анық.

Процессингтік орталықты құр, әсіресе,  біздің еліміз үшін, жеткілікті қаржыны қажет ететін күрделі және ерекше еңбек болып табылады. Стандартты, оңай таралатын, жеңіл көшірілетін шешімдер мен шаралар іс жүзінде нарықта жоқ. орташа банк үшін процессингтік орталықтың құны қолма-қол ақшаны өңдеуші банктегі құрал-жабдықтардың құнынан артып кетуі ғажап емес. Процессингке жұмсалған шығындар клиенттер мен транзакациялардың өте үлкен саны болған жағдайда ақталуы мүмкін.

Процессингтік орталықтың құрамы ондаған серверлер және бірнеше компьютерлер мен жұмыс орындары, көртеген модемдер мен байланыс желілерін қамтиды. Барлық құрал-жабдықтар орташа банкте небәрі 30-40 м2 ауданды алады және ол бір уақытта барлық аймақтың мыңдаған төлемдер өңдей алады.

Сөйтіп, ақша айналымы инфраструктурасына қаржы салымдарының негізгі статьяларынан қолма-қолсыз есеп айырысуларды өңдеу үшін процессингтік құрал-жабдықтарға кететін шығындар немесе қолма-қолсыз ақшаларды өңдеу құрал-жабдықтарына жұмсалатын шығындар шамамен бірдей. Екі жағдайда да банктердің операциондық жүйесіне және кәсіпорындар үшін есепке алу бағдарламаларына кететін шығындар қажет етіледі.

Электронды технологияларды өндіру перспективасын есептей отыра, төлем жүйелері үшін офистерге, банк операционистері мен  кассирлер жұмыс орындарының құрал-жабдықтарына, банктермен дистанционды жұмыс жасау қаражаттарына деген шығындар азайтылуы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *