Қазақстандағы қаржы жүйесіндегі сақтандыру нарығының орны


 Сейткалиева Асель Кенжетаевна
«Қостанай жоғары политехникалық  колледжі» КМҚК экономикалық пәндер  оқытушысы

Сақтандыру нарығы – бұл сату және сатып алу объектісі сақтандыру қызметі болып табылатын және де оған ұсыныс пен сұраныс құрылатын белгілі бір ақша қатынастарының аясы, ерекше әлеуметтік орта.

Сақтандыру нарығы деп сондай-ақ:

–                  қоғамның сақтандыру қорғанышын қамтамасыз ету үшін сақтандыру қорын құру мен бөлу жөніндегі ақша қатынастарын ұйымдастыру формасы;

–                  сақтандыру қызметтерін көрсетуге қатысатын сәйкесінше сақтандыру ұйымдарының жиынтығы болып табылады.

Ол өнімдердің тұтынушылық құрамы өте айрықша және де қаржы нарығының басқа да өнімдерінен анағұрлым жақсы. Олардың ерекшелігі сақтандыру мәнінен байланысты. ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» заңына сәйкес сақтандыру қызметі дегеніміз-сақтандыру (кайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасауға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес құзыретті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметі болып табылады.

Сақтандыру нарығы субъектілерінің мүдделеріне деген қауіп қашан да бар, бірак ол міндетті сипатта емес. Ондай кауіптін бары сөзсіз, бірақ оның болуы мәніне қарай болады. Әрбір сақтандыру өнімі сақтандырудың нақты объектісімен сәйкестендіріледі, сақтандыру себептерін, оның құнын, бағасын, ақша төлемдерінің сақтандырылатын жағдайлардағы шарттары анықталады. Сақтандыру өнімінің куәлігі ретінде сақтандыру по­лисі деп аталатын қүжат жүреді. Полис сақтандырудағы бекітілген келісімшартты растайды, ол кашан да заттык дәлелдеме бола алады және де сақтандырудың қатысушыларына бағытталған, онда мәміленің негізгі сандық параметрлері болады, сондай-ақ заңдық кұжат болып табылады.

Сақтандыру өнімінің ерекшелігі – сақтандыру жарнасы сақтандыру сомасынан қашан да аз болатындығында. Мұндай арақатынас сақтандыру өнімдерінің нарықтық тартымдылығын және оларға сәйкесінше сұранысты қамтамасыз етеді. Сақтандыру өнімдерін сатып алудан келетін пайданы көруге болады. Бірақ бұл сатушының жоғалтуларын білдірмейді, өйткені полистер саны сақтандыру жағдайларынан қашан да көп болады.

Осыған байланысты сатушыда егер де сақтандыру өнімінің бағасы анықталса жоғалтулар болмайды. Сақтандыру -бұл сақтандыру өнімдерін сатушы мен сатып алушы, яғни сақтандырушы  мен  сақтанушы  арасындағы  өзінше  бір «ойын» деп болжауға болады.

Сақтандырушы, сақтандыру өнімін сатып алу және сату жөнінде туындайтың сақтанушы мен сақтандырушы төлемдері арасындағы белгілі бір арақатынастарды белгілейді, яғни сақтандыру өнімінің бағасын анықтайды. Тариф деңгейі сол сақтандыру өнімін өткізу үшін жеткілікті түрде төмен болуы керек, бірақ сонымен қатар сақтандырушының зияндары мен ақпараттарын ұстауға кететін шығындарын жабу үшін, сондай-ақ қажетті пайда алуды қамтамасыз ететіндей жеткілікті түрде жоғары болуы керек.

Сақтандыру нарығын дамытудың объектитік негізі ұдайы өндіріс процесінде пайда болатын қаржы шаруашылық іс-әрекеттін тоқтаусыз қамтамасыз ету қажеттілігі және күтпеген кажетті қолайсыз жағдайлар болған кезде ақшалай көмек көрсету болып табылады.

Сақтандыру нарығының негізі болатындар: еркін нарыктық экономика, меншік формаларының көптүрлілігі, еркін баға құру – тарифтік мөлшерлемелерінің есебі, бәсекенің болуы, таңдау еркіндігі, сақтандыру қызметтерінің жаңа түрлерін жасау және енгізу.

Сақтандыру нарығында болатын міндетті шарттар:

– сақтандыру қызметтеріне қоғамдық қажеттіліктердің болуы – сұраныстың құрылуы;

– осы қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын сақтандырушылардың болуы

– ұсыныстың құрылуы.

Осыған орай сақтанушы және сақтандырушы нарығын ажыратады. Әрекет ететін сақтандыру нарыты әр түрлі құрылымдық бөлімшелері бар күрделі жүйені білдіреді. Сақтандыру нарығының бірінші бөлімшесі – сақтандыру қоғамы немесе сақтандыру компаниясы. Міне, осы жерде сақтандыру қорын құру және пайдалану процесі жүреді, экономикалық қатынастар көрінеді, жеке, топтык, ұжымдық мүдделер ұштасады.

Сонымен қатар сақтандыру нарығында оның басқа да субъектілері әрекет етеді: қайта сақтандыру компаниялары, сақтандырушының делдалдары – сақтандыру агенттері және брокерлер, сақтандырушылардың әр түрлі бірлөстіктері: сақтандыру пулдары, одақтары және т.б.

Сақтандыру нарығында көрінетін сақтандыру түрлерінің тізімі сақтандырудың келісімшарттары бойынша қосымша, жеке шарттары бар сақтандыру қызметтерінің ассортименте анықтайды.

Сақтандыру нарығының орны екі жағдаймен анықталады. Бір жағынан, сақтандыру қорғауына объективтілік кажеттілік болады, ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық жүйесінде сақтандыру нарығының құрылуына әкеледі. Екінші жағынан, сақтандыру қорғауын қамтамасыз етудегі сақтандыру қорынан ақшалай ұйымдастырылу формасы бұл нарықты жалпы каржы нарығымен байланыстырады.

Қаржы жүйесінің дербес буыны ретіндегі сақтандыру әдетте ойда болмаған және төтенше оқиғаға байланысты белгілі бір объектіні сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру сиякты екі оқшауланған нысанада іс-әрекет ететіні белгілі. Сақтандыру мәселесі, медициналықты  қоспағанда әлеуметтік сақтандыру мәселесімен – халықты әлеуметтік қорғау жүйесімен тікелей байланысты.

Сақтандырудың жалпылығы сақтандыру нарығының сақтандыру қатынастары жүзеге асырылатын кәсіпорындр қаржысымен, халықтар каржысымен, банктік жүйемен, мемлекеттік бюджетпен және басқа қаржы институттары шегінде тікелей байланыстарын анықтайды. Мұндай қатынастарда тиісінше қаржы институттары сақтандыру өнімінің сақтандырушысы және де тұтынушысы ретінде көрінеді. Айрықша қатынастар сақтандыру нарығы және мемлекеттік бюджет, мемлекеттік бюджеттік емес қорлар арасында туындайды, ол міндетті сақтандырумен байланысты.

Сақтандыру нарығының әрекет етуі серіктөстік негізде және бәсекелік жағдайда да қаржы жүйесінің шегінде жүреді. Бұл халықтың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос ақша қорлары үшін болатын әр түрлі каржы институттары арасындағы бәсекелік күреске қатысады. Егер де сақтандыру нарығы мысалы өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру өнімдерін ұсынатын болса, онда банктер – депозиттерді. қор нарықтары – бағалы қағаздарды және тағы басқаларды ұсынады.

Тұрақты қаржылық қатынастар сақтандыру нарығының бағалы қағаздар нарығымен, банктік жүйемен, валюталық нарықпен, мемлекеттік және аймақтық қаржыларымен орнайды, онда сақтандыру ұйымдары сақтандыру резервтерін және баска да инвестициялық ресурстарды орналастырады.

Сақтандыру нарығы өзара тығыз байланысты бірқатар қызметтерді атқарады: компенсациялық (қайтарымды), жинақтық, бөлу, ескерту және инвестициялық.

Қаржы жүйесіндегі сақтандыру нарығының орны сақтандыру қорғауын қаржыландырудағы әр түрлі каржы институттарының рөлімен және де олардың сақтандыру ұйымдарының инвестициялық ресурстарын орналастыру объектілерінің мәнімен, сақтандыру, инвестициялық және басқа да қызмет ету түрлерімен байланысты. Сақтандыру нарығының басқа да нарықтармен қатынасы төмендегі суретте көрсетілген.

Сурет 1. Сақтандыру нарығының қаржы жүйесімен байланысы

Сақтандыру нарығының негізгі қызметі – компенсациялық қызмет, соның арасында сақтандыру институттары жұмыс істейді. Қызметтің мазмұны сақтандыру объектісі болған қолайсыз құбылыстар болған кезде зиянның орнын толтыру формасында заңды және жеке тұлғаларды сақтандырумен қорғауды қамтамасыз етуден көрінеді.

Сақтандыру нарығының бөлу қызметі сақтандыру қорғауының механизмін жүзеге асырады. Қызметтің мәні сақтандыру қорын қалыптастырудан және мақсатты пайдаланудан көрінеді. Сақтандыру қорын қалыптастыпу сақтандыру төлемдерін және сақтандырудың тұрақтылығының кепілдігін қамтамасыз ететін сақтандыру резервтерінің жүйесінде жүзеге асырылады.

Сақтандыру нарығының ескертуші қызметі сақтандыру қызметін жүзеге асырумен тікелей байланысты емес. Бұл қызмет сақтандыру жағдайын ескертуде және зияндарды азайтуда жұмыс істейді. Ескертуші қызметті жүзеге асыру қолайсыз жағдайлар мен стихиялық жайттардың жағымсыз салдарын болдырмау немее азайту бойынша іс-шараларды каржыландырумен қамтамасыз етіледі. Тиісінше қаржыландыру ескертушілік іс-шаралар қорынан жүргізілед. Ескертушілік қызметтің жүзеге асырылуы сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді және қоғамдық үдайы өндірістін тоқтаусыз процесін камтамасыз етуші маңызды фактор болып келеді.

Сақтандыру нарығының инвестициялық қызметі уақытша бос ақша қорларын бағалы қағаздарға, банктін депозиттеріне, жылжымайтын мүлікке және тағы да баска орналастырулар арқылы жүргізіледі. Сақтандыру нарығының дамуымен инвестициялық қызметтің рөлі арта түседі. Сақтандыру компанияларын қоғамдық өндірістегі негізгі қызметті сақтандыру арқылы капиталды шоғырландырумен анықталатын инвестициялық инвесторлар ретінде карастыратын бірқатар шет елдік экономистер өздеріне көңіл аудартарлықтай.

Пайдаланған әдебиеттер

1       Жәнібеков Марат. Әлеуметтік сақтандырудың Қазақстандық моделінің  ерекшеліктері : ( мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры)/  Жәнібеков Марат.// Айқын. 2009.12 тамыз. 7 б.

2       Гадильбек  Гаухар. Өмірді сақтандырудың даму бағыттары / Гадильбек  Гаухар // Экономика негіхдері : мектепте, қолледжде және ЖОО-да оқыту.- Основы экономики: преподавание в шқоле.- 2010.-№ 4-5.- 68-69 б.

3       Жапар Үмітжан. Сақтандыру нарығы сауықпай тұр / Жапар Үмітжан // Айқын.- 2009.-12  қыркуйек. -4 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *