«Қазақтың болашағы-қазақ тілінде!» мақала «Рухани жаңғыру»бағдарламасы бойынша


Сыздыкова Айжан Гарибжановна 
Қостанай қаласының әкімділігі бөлімінің № 4 балабақшасы МКҚК тәрбиешісі

Біздің  Елбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасында «Қазақтың болашағы – қазақ тілінде» деп айта кеткендей

тіл-мемлекеттің тұғырлы тірегі,халықтың рухани байлығы  болашағының  айқын көрінісі. Ана тілінің қадір- қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың  рухына ,қазына байлығына балайды. Себебі,-тіл-халықтың жаны,сәні,тастай кескін-келбеті,ұлттық болмысы

Адамды мұратқа жеткізетін-ана тілі мен ата дәстүрі .Біздің осындай халықтық қасиетті  мұрамыз , ана тіліміз-қазақ тілі.

Тіл-тәуелсіздіктің айғағы. Тіл- біздің тәуелсіздіктің қуаты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы.

Енді осы қазақ тілін ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерімізді аямай,еңбек етудеміз.

Тәуелсіз Қазақстанның болашағы -біз ,яғни,біздің тәрбиелеп жатқан  болашақ жастарымыз. Демек біздің міндетіміз-қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ.

Өзім келешек ұрпақтарды қазақ тілінде тәрбиелеп келемін.Аллаға шүкір ата-анамыз бізбен ана тілінде сөйлесіп,тілімізді ұмытпауға жол бермегені үшін мен ол кісілерге мыңдабір рахметімді айтамын. Мен ата-аналарыма да ана тілдерін ұмытпауларын, балаларымен өз тілінде сөйлесулері жайлы ескертулер,кеңестер беріп ,жазып отырудамын.

Осы «Рухани жаңғыру»бағдарламасы бойынша тіл туралы көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.Алдымыздағы өткен 16 желтоқсан мерекесінде Тәулсіздік күніне арналған «Күн дидарлы Қазақстан!» атты ертенгілік өткізілді.Топтарда осыған орай іс- шаралар өткізілуде.

Топта ата-аналарға арнап балалар өз қолдарынан «Рухани жаңғыру»атты бұрыш ашып қойды

 

 

 

Менің «Менің туған өлкем»атты лецензиялық жұмысымды  оқу әдістемелік кшені ретінде ересек тобымда қолданамын.Бұл әдістемелік кешенінде Қазақстанның жерлері,табиғаты,

жан-жануарлары, қазақстан салттары,ұлттық киімдер,аспаптары, мақал-мәтелдер,жұмбақтар,

ертегілер  жазылған. Қазақстанды жан-жақты танып білуге  бұл кешеннің  беретін маңызы өте зор.

Біз халқымызды, Отанымызды ана тіл арқылы ғана танып білеміз.

Әркімнің тілге деген құрметін өз анасына ,өз ұлтына , өз Отанына деген құрметінен білуге болады.

Өз ана тілін ұмытқан адам – өз халқының өткенінен де,болашағынан да қол үзеді деп мен тобымда тәрбиелеп келе жатқан балаларыма айтып отырамын.

Болашағымыз өз тілін жақсы білсе сондағана қазақ баласы «Тілім менің бақытым» деп айта алды..

Жастарға айтарым «Өзгенің құлы емес,өз еліміздің ұлы – қызы болайық,өзгенің емес,өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық!» демекпін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *