ТАРИХ САБАҚТАРЫНЫҢ ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ӘСЕРІ

Нурашева Роза Есмаханқызы

«Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжі  МКҚК тарих пәнінің оқытушысы

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана – сезімді және адамгершілік этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным – әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалармен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс – тәсілдері негізінде іске асады. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу. Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері өте көп.
Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыларға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды. Мұндай  әдістер,  әсіресе, табиғатынан тұйық , өз ойын тәптіштеп  түсіндіруге  шалағай, өздеріне сенімсіздеу, талданған мәселелерден,  баяндалған тақырып мазмұнынан  тиісті байлам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын  оқушыларға пайдасы  ұшан теңіз екеніне көзіміз жетті. Сабақ барысында шәкірт тердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға, байқалған, баяндалған мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жасауға мүмкіндік береді, шығармашылық белсенділігі жоғарылайды, ұжымдық ойласу, ұжымдық тұжырымдар жасауға белсене атсалысады, ұжымдық қорытындыда  өз үлесі бар екенін сезіп, қуаттана марқаяды, келесі мәселелер түйінін шешуге еркін араласады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді. Тақырыптың негізігі өзегін, бағытын, мән-мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын қысқа, мазмұнды, мағыналы, дәлелді баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығы артады, ғылым негіздерін игеру әдістерін меңгереді , сөйтіп өзін келесе мәселені талдауға дайындайды.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруланып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының бірі – «Білім – бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім – бүкіл өмір бойына» қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады. Қазіргі білім беру ісінің шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу бағыттарын өзінің таңдай білуі деп есептеледі. Біздің ойымызша , ақпараттық білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.Ақпараттық пәндік орта ақпараттар ішінен керектісін іздеуге және сонымен өз саласында жұмыс істеуге бағытталған ақпараттық білім беру ортасының бір түрі. Оқу әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесінде тұтастай  ақпарат технологиясын дамытуға үлесін қосты. Жалпы педагогика,әдістемелер және компьютердің түйісуінде жаңа бағыт оқытудың ақпараттық технологиялары дүниеге келді.Оқу арқылы ақпараттың 10%, тыңдау көрнекі құралдар арқылы 20% ұштастырылса,40-50% оқыту процесінде оқушы белсенділігін арттыратын мүмкіндіктер жасалса, білімнің 70% есте сақталады екен. Нағыз өмір шындығымен ұштастырылған ақпараттың бала ойында қалу дәрежесі 90 %. Олай болса мәліметті есте сақтау қолданылатын әдіс-тәсілге байланысты.Сол әдіс-тәсілдің бірі әр сабақта компьютерді пайдалану. Компьютер арқылы түрлі суреттер, графикалық сызу, дыбыс, музыка тыңдау, мұғалімнің тақтаға жазы түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Оқу үрдісінде компьютерді қолдануға негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты қолданылуы қажет. Кейбір жағдайда оқушылардың сұранысын терең ұғыну  қажет болса, кей жағдайда пәндік саладағы білімді талдау маңызды роль атқарады.

Тарих сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды жəне интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мəдениетiн қалыптастыру қазiргiтаңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мəселелердiң бiрiне айналып отыр. Сабақта ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім –білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс –əрекет, қимылды қажет ететін пəндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен естумүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен əртүрлі тəжірибе нəтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой–өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Ақпараттық–коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы. Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушыныңөзіне керекті мəліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқутраекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Біздің ойымызша, ақпараттық–білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.