Баскетбол ойынының шығу және даму кезеңі


Медавкаев Шукирали Турдалиевич

“Жеңіл өнеркәсіп және сервис” колледжі  МКҚК дене шынықтыру пәнінің оқытушысы

Баскетбол ойыны 1831 жылы АҚШ-тың Массачушетс құрамындағы Спринкфельд колледжінің дене шышықтыру мұғалімі Жеймс Нейсмит ойлап тапқан спорт түрі. Бұл ойын жайында Нейсмит ұзақ уақыт ойланып, осы ойынды ойлап тапты., Мұнда ол кеңінен таралған қарапайым ойындар жайлы тарихи мәліметтерден пайдаланған деуге болиайды. Колледжде өткізілген гимнастика сабақтарын дамыту жайлы бұйрық алған Жеймс Нейсмит жабық бөлмелерде ойнау үшін жаңа ойын ойлап тапты. Ол балконға  шабдалы салатын  екі себетті іліп қойып, допты сол себетке лақтырып ойнады.  Ойынға қатысушылар  өз командаларының себеттерін қорғап, қарсылас команданың себетіне футбол добын түсіру керек болатын. Ойынға ұлдар мен қыздар да бірдей қатыса беруге болады деп шешті.Нейсмит ұсынған ойын бірінші күннен бастап студентердің арасында ойынға деген қызығушылық арта бастады.Гимнастика тобында 18 қатысушы болғаны үшін, олар екі командаға бөлініп ойнай бастады. Күндер өте келе  командадағы ойынға қатысушылар санын 7 және 5 ойыншыға дейін азайтылды. Допты себетке  тасталғаны үшін  бұл ойын «Баскет-себет , бол- доп » деп атала бастады, яғни  себетке тастайтын доп деген мағананы білдірді.  Бұл ойын түрі жылдар өте-келе  баскетбол ойыны өзіне сай қасиеттерге ие бола бастады.

1892 жылы Жеймс Нейсмит баскетбол ойынының  ережелерін ойлап тауып, баскетболды сол ереже бойынша ойнай бастады.

1892 жылы Жеймс Нейсмит  өзінің  баскетбол ойынының ережелері атты кітабын  жазып шықты. Бұл кітапта  допты жерге  ұрып алып жүру, Содан соң  арнайы жарыстар өткізіле  бастады және бұл ережелер  жылдан жылға күшейе түсті. Мысалы: 1893 жылы темірден жасалған түрлі себеттер пайда болды. Доптың диаметрі 30-32 дюйм  яғни 76,2-81,2 см-ге дейін барды. 1895  жылы 15 фут  яғни 5 м 25 см –жерден айып добын лақтыру енгізілді.

Алғаш рет ресми жарыс ережелері  1894 жылы АҚШ-та жарияланды.1895 жылы жарыстар өткізіле бастады. Ойын жылдан- жылға дамып ойынның техникасы және тактикасы  пайда болды. 1896 жылдан бастап допты жерге ұрып алып жүруге руқсат берілді. Баскетбол ойыны алғаш рет Американың батыс мемлекеттерінде дами бастады.Ол Жапония, Қытайға кейіннен Европа мемлекеттері Чехословакия, Литва, Эстония, Латвия, Италия, Франция және де  Солтүстік Американың кейбір  жерлерінде кеңінен тарала бастады.

Дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер арасында баскетболдың кең таралғаны-ның нәтижесінде1919-1931 жылдары ұлттық баскетбол федератциялары  құрыла бастады. 1932 жылдың 18 шілдесінде халықаралық  баскетбол федератциясы( ВИБА) пайда болды  және бұл ойынға үлкен әсер етті. Аргентина , Гретция, Италия, Латвия, Португалия, Румыния, Швейтцария және Чехословакия мемлекеттері халықаралық баскетбол федерациясына алғашқы рет мүше болып кірді. Ойын дүниежүзіне тез таралды.1935жылы Женевада ұлдар командалары арасында алғаш Европа чемпионаты болып өтті. Бұл ойында Латвия командасы алғаш рет олимпиада ойындары программасына кірді. Берлинде өткен ХI  олимпиада ойындарының баскетбол турнирінде 21 мемлекеттің ұлдар команда- лары қатысты.  Қыздар арасында алғаш Европа чемпионаты 1938 жылы Римде болып өтті. Ол ойында Италия ұлттық командасы жеңіске жетті. 1948-1966 жылдары халықаралық баскетбол федератциясы басқа халықаралық спорт ойындары ішінде жоғры ойын түрінің бірі болып енгізілді. Дүние жүзі және Европа чемпионаттары сияқты үлкен жарыстар  енді ФИБА жетекшілігінде өте бастады. Халықаралық жарыстарға социалистік мемлекеттерде белсене қатыса бастады. 1948 жылы 50 мемлекет халықаралық баскетбол федератциясына мүше болып кірді. Баскетбол техникасы және тактикасы дами бастады.Допты лақтыру, оны жерге ұрып жүру және шалғытудың жаңа тәсілдері дамыды. Мысалы: Допты себетке бір қолмен лақтыру, секіру арқылы бір қолмен лақтыру тәсілдері пайда болды,  Баскетболдың техникасы және тактикасына  дами бастады. Бұрын жарыс есебі 20-30 ұпайдан аспай тоқтаса, ол енді 50-60 ұпайға дейін ұзартты Тактикада тнегізгі ойыншы арқылы шабуыл ұйымдастыру жүйесі ұлдар командасы арасында жүзеге асырылды.

1950 жылы Аргентинада алғаш дүниежүзілік чемпионаты болып өтті. Бұл ойында Аргентиналықтар 1-ші орынды иеленді. Қыздар командалары арасында алғашқы дүние жүзілік чемпионаты 1953 жылы өткізілді  және АҚШ қыздар командасы әлем чемпионы атанды.

Қазіргі таңда әлем чемпионаты қыздар мен ұлдар командалары үшін әр төрт жылда бір рет жарыс өткізіледі.

1950 жылдардың басында баскетбол ойынының жарыс ережелеріне  өзгерістер енгізілді.  Олар 30 секунт ережесі( допты  ұстап тұрған команда 30 секунт уақыт ішінде себетке лақтыру керек) 30 секунт ережесі және  айып добын лақтыру алаңының ішінде 3 секунттан артық тұруға болмайды.допты жерге ұрып жүруді бастағанда доп баскетболшының қолдан шыққанан кейін ғана тірек аяқты жерден көтеруге рұқсат береді.Бұл жылдары баскетбол ойынының бір қолмен доп лақтыру,тек саусақ қыймылдарымен допты  лақтыру, шалғыту жолдарымен допты лақтыру және допқа қарамай оны жерге ұрып жүріп секіріп лақтырғанда 1 және 2 қолмен себетке доп лақтыру сияқты техника тәсілдері кең таралды.

1957 жылдан кейін баскетболдың даму дәуірі балды деуге болады. Ойынның дамуына социалистік мемлекеттерде үлкен үлес қосты.Социалистік мемлекеттер мүшелері ФИБА  өткізілген конгресс және конференцияларға барып ойын басында әсер ететін барлық мәселелерді шешті.

Европа мемлекеттерінің көпшілігі ФИБА жетекшілігінде әр жылы өткізіліп жатқан Европа чемпионаты Кубогі жарыстарын қалдырмай қатысуда.Қазіргі кезде баскетбол және басқада спорт түріне ең көп 100 миллионнан артық қатысушы айналысуда. Халыкаралық баскетбол федерациясына 157 мемлекеттің ұлттық федерациялары мүше болып келеді.Европада 31,Азияда 38,Америкада 38,Африкада 40,Австарлия және Океанияда да 10 баскетбол федерациясы құрылған.XXI  Олимпиада ойындары программасына 1976 жылы Монереал баскетбол бойынша қыздар сайысының кіруі, ойынның және бұдан кейінгі дамуына өз үлесін қосты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *