«Солтүстік және Орталық өңірлердегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің тарихнамалық және деректік негізі»


Ескенова Альбина Токтагуловна
СҚО, Мамлют ауданы, Бексейіт орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

Қазіргі уақытта бұл өңірлердің жері әкімшілік-территориялық жағынан Ақмола және Қарағанды облыстарына қарайды.

Тақырыпқа қатысты мәселелерді қозғаған Ж.И. Ибрагимовтың «1916 жыл. Хандық биліктің жаңғыруы» атты монографиясы, яғни, бұл еңбек ұлт-азаттық көтерілістің бір қырын көрсетті. Аталған еңбекте Атбасар, Ақмола және Жезқазған уездеріндегі құрылған хандықтардың және жетекшілерінің көтерілістен кейінгі тағдыры жайында деректер ұшыраспайды. Мұның барлығы зерттеліп отырған аймақтардың 1916-1922 жылдардың арасындағы тарихында әлі де болса қайта қарайтын сәттерінің барлығын аңғартады.

2006 жылғы Егемен Қазақстан газетінде «Торғай көтерілісі» атты М.Мырзағалиұлының мақаласы тарихи шындықтың беттерін көрсетеді. Мақалада көтерілістің стихиялы түрде дамып, онда тұрақты, жеткілікті біріккен басшылықтың болмағандығын айқын көрсетті. 1916 жылғы көтеріліс қазақ еңбекші бұқарасының таптық сана-сезімін арттыруда зор рөл атқарғанын атап өтті.

«Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде» деген ғылыми еңбектің 8 томында Қызылжар қаласындағы көтерілісті ең бірінші бастаған  арғындар деген тұжырым жасады. Яғни, жарлық арғындардың да жаппай наразылығын тудырды. Себебі Арғын тайпасы, оның рулары орналасқан Қазақстанның далалық облыстарынан 100 мыңнан астам адам алынбақ болды. Ал далалық облыстарда, яғни Ақмола, Семей, Торғай облыстарында өзге де ру-тайпалармен бірге арғындар өмір сүрді. Мәселен, Қызылжар, Ақмола облысында Қуандық, Сүйіндік, Атығай, Қарауыл рулары орналасқан.

Солтүстік өңірдегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс жайлы деректерді Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатынан іздестіріп қарауға болады. Мұрағаттан бөлек, С.З. Мәлікованың «Сарыарқаны жау алды» (1916 жылғы оқиғалардан) еңбегіде дәлелге негіз болады.  1997 жылы «Қаһарлы 1916 жыл» атты екі томдық құжаттар мен материалдар жинағының шығуы тақырыптың деректік негізін кеңейтудегі үлкен жетістік саналады.

Ө.Ж. Бекмағанбетовтың «Жезқазған-Ұлытау өңірлеріндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және оның тарихи сабағы» атты еңбегінде көтеріліс қарсаңындағы өңірдегі саяси-әлеуметтік, экономикалық хал-ахуал, көтерілістің барысы мен дамуы және тарихи маңызы баяндалады.

Сонымен, тақырыптың зерттелу деректеріне тоқталғанда тарихшылардың еңбектерінде көтеріліс Қазақстан бойынша жалпылама қаралып, оның жергілікті ерекшеліктерінің ескерілмегенін көремін. Көтеріліс барысында ұлттық сана-сезімнің жандануы, ұлттың «Мен» дегізерлік қасиеттерінің бой көрсетуі, халықпен бірге ғасырлар бойы жасап келе жатқан соғысу тәсілдері және географиялық ортаны өз мақсаттарына ұтымды пайдалану, күреске шыққан халықтың санасындағы діннің атқарған рөлі, елдің жадынан өшпеген көшпелілер қоғамындағы «тұлға» ұғымының жандануы әліде болса зерттеулерден тыс қалып келеді. Мұның барлығы 1916 жылғы көтеріліс тарихын зерттеуді қажет ететін тұстарының барлығын байқатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *