Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту жолдары.


Бохай Роза

Қостанай ауданының Затобол кенті әкімдігінің мемлекеттік мекемесі “Гүлдер” бөбекжай – балабақшасы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын тәрбиешісі

Мақсаты:  Саусақ ойыны арқылы баланың  сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы арттыру

Сабақтың барысы:

Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты.

«Салат» саусақ ойыны

Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды  жұдырыққа түйіп, сол қолдың  алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп  майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа  түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың  ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып  көрсетеді).

Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).

«Кірпі» жаттығуы

Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің  тікенектері жасайды).

Кіріп кетсе қолыңа,

Өкпелеме жарайма!

«Достық» жаттығуы

Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)

Кішкентай саусақтар  біз сенімен достасамыз ( екі қолдың  саусақтарын бір-біріне тигізу)

Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан  бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)

Қайтадан санауды бастаймыз.

Бір, екі, үш, төрт, бес

Енді  санауды  аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).

«Қимылды қайтала» жаттығуы

 

А) Алақанды үстелдің  үстіне қоямыз. Балалар бірінші  оң, содан  кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды  кері жасап, қайталайды.

Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.

В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе  қарындашты  ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды үлкен саусақтан  төмен  түсіп кетпеуін  қадағалау керек.

Г) Үстелдің үстінде 10-15  қарындаш немесе есептік  таяқшалар жатыр. Оларды  бір-бірден  алып қолға жинау керек. Содан кейін  тура  солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.

Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға  есептік таяқшаларды таратып береді. Балалар солардан  геометриялық фигураларды жасап шығару керек.

Төмендегідей тапсырмалар беріледі:

1.      Төрт таяқшадан  шаршы құрастыру;

2.      Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру;

3.      Үй құрастыру

Бекіту

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *