Экологиялық мәдениетке тәрбиелеу


Нургалиева Кульбарам Капеновна

Қостанай ауданының Затобол кенті әкімдігінің мемлекеттік мекемесі “Гүлдер” бөбекжай – балабақшасы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын тәрбиешісі

Мақсаты: Табиғатты сүюге тәрбиелеу

Ойын технологиясын пайдалану

Блиц сайыс-«Өсімдіктер мен жануарлар».
-* Өрмекші өрмегін жылдам өре бастаса? (құрғақ ауа-райына). -*Жылан жол бойында қыздырынса? (Жаңбыр жауады). -* Қарлығаш төмен ұшса? (жаңбыр болады). -*Тышқандар інінен қар үстіне шықса? (ауа-райы бір күн ішінде жылынады). -* Ит жерге аунаса, аз тамақтанса, көп ұйықтаса? (боран болады). -* Бөрте гүл (черемуха) гүлдесе (Салқын болады). -*Егер таңертен шөп құрғақ болса? (кешке жаңбыр жауады). -* Дымқылды жұлдызшөп (мокрица) таңертен гүлін ашса және күні бойы ашылып тұрса ? (Ауа-райы жақсы болады). -*Жаңбырдың алдында гүлдердің иістері? (күштірек анқиды). -*Мысық бұрысып жатса ?(салқындайды). -* Қарға қыста қарқылдаса? (Жел болады). -*Бақалар бақылдаса (жабыр жауады). -*Торғай шаңға шомылса? (Жаңбыр болады). -*айдың қасына жұлдыз туса ( ауа-райы жылы болады).
Алдарыңызда тапсырмалар берілген қарточкалар бар, оларды маңыздылығына қарай орналастырыңыз, яғни ең басына өзекті мәселені қойыңыз.

4. Карточкамен жұмыс .

1. Әр түрлі өсімдіктермен және жануарлардың топ бұрыштарында болуы.
2. Өлі табиғаттың топ бұрыштарында болуы. (топырақ, құм, балшық, тас т.б.)
3. Тірі табиғат тың кез-келген түріне қамқор жасауға жағдай жасау.
4. Қауіпсіздік яғни қауіпті жануарлар, жәндіктердің, өсімдіктердің болмауы.
5. Баланың өсімдіктермен, жануарларға қамқор жасауға мүмкіндік тудыру.
6. Тірі табиғатты бақылауға мүмкіндк тудыру.
7. Балаларға өлі табиғатпен эксперименттер жасауға мүмкіндіктер тудыру.
(4,3,1,2,6,5,7).

Ситуацияларды шешу.

(әр бір топқа бір ситуация беріледі оларды шешу үшін 3мин. Уақыт беріледі).
-* Орман алаңқайында 5-7 жастағы төрт бала ойнап жүреді, олардың ең кішісі былай деп айқалайды: «Көбелекті ұстап алайық және оның қанаттарын күйдіріп тастайық!» олардың қасынан өтіп бара жатқан ер адам естіген сөздерінен кейін баланы тоқтатады да сұрайды? «Сендер көбелектің қанаттарын не үшін күйдірмексіңдер?» ал ол үндемей тұрады да, былай деп жауап береді: «Жәй,әшейін…..» Баланың мұндай қатыкездігін қалай түсіндіруге болады? Берілген жағдайда балаға табиғатты сүйе білуге үйретудің қандай әдістерімен, тәсілдерді қолдануға болады?

Келесі топ
* Сіз жұмысқа келе жатырсыз жол бойында екі ана әңгімелесіп тұр осы уақытта олардың балалары өсіп тұрған жас ағаштардың бұтақтарын сындырып жатады. Екеуінінде қолында біршама таяқшалар бар, қалай ойласыздар балалар жай ғана тілазар ма немесе оларға ешкім өсімдіктерге зиян келтірмеуге болмайтынын айтпаған ба? Сіз қастарынан үндемей өтіп бара жатып іштей анасын/немесе баласын сөгесіз/ немесе тоқтайсыз және аналарымен /балаларымен сөйлесесіз?

6.Экологиялық сөзжұмбақ.
1.Көшіп жүріп желменен , сеуіп шықты тамшысын,қыраттарға шөлдеген(бұлт). 2. Сылдыр қағып, таудан құлап, жатыр ағып, мөлдір….. (бұлақ). 3.сырылдатады шәйнегін, ұнатпаса да жұрт, мейлі тереземнің әйнегіне жауады, бірақ сүртпейді? (жаңбыр). 4. Алып мұхит – ақ алау, шеті шексіз жағалау (көкжиек). 5. Арыстан ақырады, орман жарқырады. (найзағай). 6. Көзге ілінбейді, жұтсаң білінбейді. (ауа). 7. Сұрғылт түтін, бүркесе маңайды, адастырар талайды. (тұман).
7. Шығармашылық тапсырма.
Бекіту

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *