Білім қайнары


Амантай Амина, Өтеген Шыңғыс, Рахатқызы Мариям, Отарғали Айбар, Байгерім Ерасыл, Ақшаған Ерсін, Жетпісбай Иманали, Тұтқабай Алтынай,

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары

Жетекші: Кусмолданова Гульмира Менлибаевна мұғалім

Менің сыныбым.

Мен Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің үшінші сыныбында оқимын.Сыныбымда 16 оқушы бар. Біздің сыныпта үлгілі оқушылар өте көп. Сынып жетекшіміз- Кусмолданова Гульмира Меңлібайқызы. Апайымыз біздің екінші анамыз сияқты,бізді еркелетіп, білмегенімізді үйретуден жалықпайды. Сыныптағы шәкірттер өте татумыз.Біз сабақты үздік оқып, ата-анамыздың сенімін ақтаймыз. Ел мерейін өсіретін ұлан болуға ұмтыламыз!

Менің отбасым

Отан отбасынан басталады деп бекер айтпаған.Отбасы әрбір адам үшін шағын мемлекет. Менің де сондай шағын мемлекетім бар. Олар әкем, анам, үш ағам, жеңгелерім және бауырларым. Айсұлтан, Ерсұлтан, Нұрай, әпкем өзім.

Мен оларды өте қатты жақсы көремін. Олардың мен үшін орны бөлек. Олар маған қымбат жандар. Менің отбасым тату- тәтті. Біз бір- бірімізге үнемі қамқор болып жүреміз. Менің ағаларым мен жеңгелерім қалада тұрады. Біз жазғы демалыста қалаға барамыз. Қаладағы демалысымыз әрқашан қызықты өтеді. Келесі жазда ағаларым бізге қонаққа келеді. Біз барлығымыз отбасымызбен бірге суға түсуге көлге барамыз. Менің ойымша менің отбасыма ештеңе жетпейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *