«Алтын сақа» интеллектуалды ойын-сайыс


Жумабаева Райхан Сайлаубаевна
Алматы қаласы №13 мектеп -гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты: Оқушыларды оқуға ынталандыру, білім деңгейін арттыру;
Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, көркем сөйлеуге баулу.
Әдісі: сұрақ – жауап, логикалық тапсырмалар
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта,  үлестірмелі тапсырмалар.
Барысы:
Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысатын оқушылар! Бүгін 1 «А» сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Алтын сақа» интелектуалды  ойын – сайысын көріп тамашалайсыздар. Қатысушыларға сәттілік тілейік!

Ынтымақтастық атмосферасы

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып, білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

Сайыс шартымен таныстыру.
«Алтын сақа» ойыны 4 кезеңнен тұрады.

І. Суретке байланысты әңгіме құру.

ІІ.Тапқыр болсаң тауып көр. ( Логикалық есептер)

ІІІ. Жұмбақтар шешу. Шешуі болған сөзді үш тілде айту.

ІҮ. Сиқырлы  ұяшықтар (сауат ашу, математика, дүниетану, жаратылыстану пәндерінен сұрақтар)

Ү. Топбасшылар сайысы

І.  Бұл кезеңде суретке байланысты әңгіме құрастыру.

1-топ- «Әсем табиғат»

2-топ – «Менің отбасым»

3-топ- «Менің достарым»

4-топ- «Жануарлар әлемі»

ІІ.  Тапқыр болсаң тауып көр. ( Логикалық есептер)

Даниярда қанша белгі болса, тағы да сонша белгі сыйлады. Енді барлығы 10 белгі болды. Әуелде Даниярда неше белгі болды? (5)
Бір қорапқа 10 қызыл моншақ немесе 6 жасыл моншақ сияды. Қандай моншақтар ұсақ, қызылы ма, жасылы ма? (қызыл моншақтар ұсақ)
Қайраттың екі ағасы мен бір апасы бар. Отбасында неше ұл, неше қыз бар? Ал барлық баланың саны қанша? (3 ұл, 1 қыз; 4 бала)
Бүгін Анар нешеде болса, үш жылдан кейін Мәдинаға да сонша жас болады. екі қыздың қайсысы үлкен? (Анар үлкен)
Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз және 5 апельсин тұрған. Үстел үстінде барлық көгөністер қанша? (5)
Қоянның үйінен құдыққа дейінгі жер 30 метр. Ол 1 шелек су әкелу үшін неше метр жерді жүріп өтуі керек? (60 метр)
Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Аулада тауықтар мен иттер жүр. Бала олардың аяқтарын санағанда 10 аяқ болды. Аулады неше тауық пен неше ит жүр?
ІІІ. Жұмбақтар шешу. Шешуі болған сөзді үш тілде айту.

1.Қабат-қабат қаттама,

Ақылын болса аттама.    (кітап-книга-book)

2. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш-линейка- ruler)

3. Тілі жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде (қалам-ручка-pen)

4.Қате жазып жаңылсаң,

Тазалайды ол барын сап. (өшіргіш- ластик-rubber)

5  .Бұлтты айдап желдеткен,

Нөсерлетіп селдеткен.

Жаңбырлатып ойнатқан,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (көктем- весна- spring)

6.Қойның толы жеміске

6. Көк майсалы егісте

Көбелек қуып ойнайтын

Қай  мезгіл деп ойлайсың? (жаз- лето-summer)

7.Шанамен зырғып желдетіп,

Шаңғы,коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (қыс-зима-winter )

8.Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (күз –осень- autumn)

ІҮ. Сиқырлы  ұяшықтар

Ойынның шарты, ұяшықтарды таңдау арқылы, берілген тапсырмаларды орындау.

Математика пәні бойынша:

Сауат ашу пәні бойынша:

Жаратылыстану пәні бойынша:

Дүниетану  пәні бойынша:

Қорытынды:  Сайыс соңында жеңіске жеткен топты марапаттау

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *