Баяндама «Өмірдің өзі математика»


 Алтай Қымбат Сәлейқызы
 «Қуаныш» мектеп- балабақша кешені КММ» кітапханашысы

Еліміздің ертеңі білімді азамттың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Мектепте қандай пән болмасын оның өмірлік орны, тәжірибесі мен мағынасының алатын орны ерекше. Өйткені санаға сіңген білім әр оқушы үшін өмір тәжірибесі болса, мұғалім үшін оқу құндылығы.                          Математика — біздің өміріміз. Математика ғылымы өмірмен байланысты қиын және өте қызық пән екендігімен ерекше. Әр түрлі әдіс-тәсілдермен әрі өмірмен байланыстыра өтілген әр сабақ оқушы санасына қонымды, әрі кейінгі өміріне азық болары сөзсіз.                                                                           Бізге дейінгі дәуір мен біздің заман және бізден кейінгі буында да математиканың болары анық. Күнделікті жүріс-тұрыс, күнтізбе, құрылыс, жер және әр түрлі ыдыс көлемін өлшеу,  жан-жақты  байланыс  жасау  ісі  математикалық білім-дағдылардың дамуын  талап  етеді.  Бұлардың барлығын математикалық тілге аударсақ, бір  айнымалысы  бар  теңдеулер, сондай-ақ  қарапайым арифметикалық және геометриялық  прогрессияларға келтірілетін  есептер  тәжірибесіне  әкеліп соғады.                                                Ежелгі Египеттіктер  төртбұрыштың, трапецияның, үшбұрыштың  ауданын,  параллепипедпен оның табаны,  квадрат  пирамиданың көлемін дәл  есептей  білген, дөңгелектің ауданын  жуықтап  тапқан. Яғни әр есептеу өмірдің қандай да бір тұсынан алынған материал. Мысалы, математикадағы екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін инженер-электрик  тізбектегі актив кедергісі бар токтың теңдеуі деп ұғады. Инженер-құрылысшы бұл теңдеуді қандай да бір конструкцияның күші мен деформациясын байланыстыратын теңдеу деп қабылдайды. Ал инженер-механик рычагтың теңдігінің шарты деп айтар еді. Заман дамыған сайын адам да заманына сай өзгеріп келеді. Жаңа инновациялық даму үрдісінде компьютердің жыл сайын жаңа түрлері ойлап табылуда немесе өзі жүретін машина, роботтар неге тек Жапониядан бастау алады? Неге ол біздің Қазақстаннан  жасалып, шығарылмайды? Ал оны шығаратын болашақтағы маман – біздер. Егер сурет салуға, түрлі сызба бағдарламаларымен  жұмыс жасауға икеміңіз болса, қала көркін келтіретін әсем де биік, мықты ғимараттар салғыңыз келсе, кірпіш қалап, арманыңыздағы  үйіңізді өз қолыңызбен тұрғызғыңыз келсе, өз үстіңізден дене бітіміңізге сай әдемі киім үлгілерін көргіңіз келсе, сыңғырлаған дауыспен бұлбұлдай сайраған ән тыңдағыңыз келсе, өз қажеттілігін ешқашан жоймайтын, қызықты  да қиынды математика ғылымын жақсы меңгергеніңіз абзал. Көптің ниеті, біздің тілегіміз еліміздің экономикасы қарыштап дамысын десек, Қазақстанымыз гүлденсін десек, жаңа технологияны дамыту үшін, өнертапқыштыққа жету үшін математикалық терең білім қажет. Өмірде математиканы терең білмей орнын тауып жүрген адамдар көп. Әйтсе де, математиканы жақсы білген адам көп болса, нұр үстіне нұр болар еді, яғни Қазақстанның болашағы нұрлы, жоспарлы жан-жақты білімді болар еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *