«Қызды қырық үйден тыю»

Орынбаева Алмагүл Алдабергенқызы
Әулиекөл ауданы Калинин негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы : Сабақтың  мақсаты : Қыздармен  әңгімелесе  отырып ,ар-намысын ,пәктігін ,сұлулығын  жоғары  қоя  біліп,жұрт алдында  абыройлы  болуға тәрбиелеу.Салауатты өмір салтын  қалыптастыруда  ой  өрісін   дамыту,зиянды  әрекеттерге  еліктеудің,қызығудың  өмірлеріне  қаіп  тудыратын  ескерту.Есірткі ,ішімдік  және   темекінің  ағзаға   тигізер  әсері ,келешек өмірлеріне  оның зардаптары ,адам ағзасына  теріс  әсері  туралы  түсіндіру.

Сабақ түрі:Ашық әңгіме  сағаты

Қатысушылар : ұстаздар, мектеп қыздарының   аналары ,қыздар /5-9 сынып/

Өтілетін  орны : Акт  залы

Көрнекіліктер : «Әдеміқыз», «Тазалық» , «Қазақ  қызы  қайдасын?»видиороликтері ,

Слайдтар.

 

Кіріспе:Құрметті  қонақтар ,ұстаздар,мектеп  қыздары!Сіздердің келгендеріңізге  өте  қуаныштымын.Бүгінгі    әңгіме  сағатымызды  бастауға  рұқсат етіңіздер.Халық айтқандай  «Қыз қылығымен  …»

Қыз емес  қыздың аты қызыл  алтын

Көрінер толған айдай  жүзі  жарқын

Үлкеннің алдын орап  сөз  сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі  салтын.

Жастықтың өз  жастығымен, пәктігімен әдемі  дегендей  жас  қыздардың өздері- қырдың  қызыл  гүліндей әсем  ғой.Табиғат сыйлаған  осы  нәзік кезең өзінің әдемілігімен, жастығымен албырт сезімімен ерекше.Намысын ,сұлулығын  жоғары  ұстай білген  қыз ғана  жұрт алдында әрдайым  абыройлы,сыйлы.

Ендеше  әңгіме сағатымызды  бастамай  тұрып  бейнефильмді   қарайық.

1.     «Қазақ қызы   қайдасың?» бейнефильм  көрсетіледі.

 

2.     Осы  бейнефильмнен кейін  оқушыларға  сұрақ қойылады.

 

/Қыздар мен аналарды  екі   топқа  бөліп , берілген   сұрақтар арқылы  кластер жасайды/

 

а) Қазақ қызы  қандай  болу  керек?

б) Қыз өссе елдің көркі дегенді  қалай түсінесің?

г) «Отан  от басынан басталады» дегенді  қалай  түсінесіңдер?

д) Қазіргі  тәрбиемен  бұрынғы тәрбиенің  арасында  айырмашылық бар ма?

с)  Үйде ата-аналар  қыздарын  қалай тәрбиелейді?

 

3.     Жасөспірім  қыз баланың  табиғаты ерекше  күтімді  қажет етеді.Жасөспірім қыз  балалардың  денесінің дамуы ,гигиенасы  дәрігерлік кеңеске  назар  аударайық.Ортаға мектеп медбикесі  Асанова Тұрсын Қасымтайқызын  шақырамыз.

 

/Мектеп  медбикесі  жалпы қыз баланың дамуы туралы айтады/

1.Қыз баланың табиғаты туралы.

2.Ағзадағы  өзгерістер туралы  айтсаңыз?

3.Сырт келбеттегі  өзгерістер?

4.Алғашқы  етеккір

5.Жұқпалы  аурулар

6.Сақтану  жолдары

 

4.     «Қызым үйде –қылығы  түзде» демекші ,қыз баланың  жүріс –тұрысы  мен киім киісі  тәрбиенің негізі  болып  саналады.Сән мен сымбат туралы   әңгіме  қозғалды.

«Ойтолғау»    1.Қазақ қыздарының  киімі  ,тәрбиесіне көңіліңіз  тола ма?

2.Дөрекі   сөйлейтін қыздар туралы  ой  пікіріңіз?

3.Мектепте  осындай  қыздар  қатары  бар ма?

4.Олардың  дөрекі  болу  себебі неде?

5.Тәрбисіздікті  жою жолдары қандай?

«Әдемі  қыз» слайд  көрсету.

 

5.     Аналар мен қыздарға  тапсырма  беріледі.

«Егер мен ана  болсам» ,/қыздарға/

«Егер  мен ің  жастық  шағым қайтып келсе»/ аналарға/

Екі  топқа  бөлініп  берілген  тапсырма   бойынша  қойылым дайындайды.

 

6.Сонымен   ашық әңгіме сағатымызда  аяқталып келеді. Бүгінгі  сабақтан көп үлгі  болатындай әсер алдық.Қыздарымыздың сау  болуы ,сұлу  болуы –өз қолыңда .Адамның  соның ішінде  қыз-келіншектердің  реңді де сұлу  болуы   өздеріне байланысты.Себебі сұлулықтың негізі  денсаулық,жақсы  тәлім  тірбие,тазалық ,зиянды  әдеттерден  аулақ болу  жатады.Қазіргі  таңда  біздің  қызда зиянды  заттарға  елігіп ,әуес  болады.Сондықтан  «Қызды  қырық үйден тыю» дегендей уақытты  өткізіп алмай,  дер кезінде  қыздарымызға жақсы  тәлім –тәрбие  біруге тырысайық.Келгендеріңізге  көп рахмет .Сау  болыңыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published.